Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспе ағаштарын бөлу және бағалаужөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 18 қарашадағы № 719 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Орман кодексін, «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1287 қаулысын іске асыру және орман пайдалануға берілетін сүрек ресурстарын, шайырды және ағаш шырындарын бағалау тәртібін айқындау мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспе ағаштарын бөлу және бағалау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Төраға
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2004 жылғы 2 наурыздағы № 32 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштар іріктеу және оларды бағалау жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық сүрек, шайыр және ағаш шырындарын, арзан қолды сүрек ресурстарын дайындау жоспарланып отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерін әзірлеу жөніндегі шараларды (жұмыстарды) айқындайды және мемлекеттік орман иеленушілердің орындауы үшін міндетті болып табылады. 2. Сүрек дайындау орман кесудің мына түрлерін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады: 1) өсіп-жетілген және толысып піскен ағаштарда басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу; 2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу (орманды күтіп-баптау мақсатында кесу, іріктеме санитарлық кесу және құндылығы шамалы орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су қорғау және басқа да функцияларынан айырыла бастаған екпелерді қайта жаңартуға байланысты кесу, тал күйіндегі жекелеген ағаштарды кесу); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|