"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретінде, сондай-ақ жергілікті өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат болып тiркелу уақытына қарай сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды."; 2) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi."; 1-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацы алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады."; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл. Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды. Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|