|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан метрология институты Республикалық мемлекеттік кәсiпорынды (ҚазМетрИн)" құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1-тармақта: екiншi абзацтағы "мемлекеттік кәсiпорынға қатысты субъектiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік меншiк құқығын" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Мемлекеттік кәсiпорын мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық болып анықталсын."; үшiншi абзацтағы ", сату және уақытша пайдалануға беру" деген сөздер алынып тасталсын; төртiншi абзацтағы "метрология бойынша оларды тiркеу" деген сөздер "өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мен сертификаттау саласында аккредиттеу" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "метрология саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау; шамалар бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн мемлекеттік эталондардан кәсiпорын эталондарына беру; өлшемдер бiрлiгін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету; уақыт пен жиiлiктiң, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандартты үлгiлерiнiң, заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттерi туралы стандартты анықтамалық деректердiң мемлекеттік қызметтерiнiң iс-әрекетiне байланысты жұмыстарды жүргiзу.". 2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |