Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының келісім (2025.16.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2024 ж. 20 мамырдағы Хаттамамен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Yкіметі (бұдан әрi - «Тараптар» деп аталатын), екi ел арасындағы тату көршiлiк пен достық қатынастарды тереңдетуге ниет бiлдiре отырып, 2003 жылғы 6 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын» iске асыру және Тараптардың жан-жақты ынтымақтастығын екi ел халықтарының игiлігі үшiн әртүрлi салаларда iлгерiлету мақсатында, екі мемлекет халықтарының игілігі үшін Тараптардың түрлі салалардағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін ілгерілету мақсатында, мына төмендегілер туралы келiсті: 1. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында Ынтымақтастық жөнiндегі комитет (бұдан әрi «Комитет» деп аталатын) құрады. 2. Комитет жұмысының негiзгi нысаны әдетте жылына бiр рет, бiрақ тұрақты негізде емес Комитеттің тең төрағаларының басшылығымен Қазақстанда және Қытайда кезекпен өткiзiлетiн Комитеттің мәжілісi болып табылады. Практикалық қажеттiлiкке сәйкес арнайы мәжіліс өткiзiледi. 3. Комитет жұмысының тәртібі мен жоспары оның мәжілістерiнде айқындалады. Комитеттің шешiмi ымыралық негізде қабылданады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн хаттамалармен ресiмделедi. Комитетті құрудың негiзгі мақсаты сауда-экономикалық, көлік, ғылыми-техникалық, қаржы, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, ұлттық, қоғамдық, экономикалық қауiпсiздiк салалары мен стратегиялық маңызы бар iрi ынтымақтастық жобаларын жоспарлау мен ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеудi қоса алғанда, басқа да салалардағы Тараптардың ынтымақтастығын үйлестiру болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|