|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2004 жылғы 11 наурыздағы "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының пайдасына шығарған шешiмiн орындау үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелерiн өтеуге көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 11458736 (он бір миллион төрт жүз елу сегіз мың жетi жүз отыз алты) теңге, оның iшiнде негiзгi борыш сомасын өтеу үшiн 11124986 (он бiр миллион бiр жүз жиырма төрт мың тоғыз жүз сексен алты) теңге және мемлекеттік бажды қайтару үшiн 333750 (үш жүз отыз үш мың жетi жүз елу) теңге бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |