|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен таңбалаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 42, 386-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: тақырыбындағы, кiрiспедегi және 1-тармақтағы "акциздiк алым маркаларымен", "акциздiк алым маркаларының" деген сөздер "акциздiк маркалармен", "акциздiк маркалардың" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздік алым маркаларымен таңбалаудың тәртібінде: тақырыбындағы және мәтiніндегі "акциздiк алым маркаларымен", "акциз алымы маркаларымен", "акциздiк алым маркаларының", "акциздік алым маркаларын", "акциз алымы маркасының", "акциз алымының маркасы", "акциз алымы маркасын" деген сөздер "акциздік маркалармен", "акциздiк маркалардың", "акциздiк маркаларды" "акциздiк марканың", "акциздiк марка", "акциздiк марканы" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацта: "спирттiң барлық түрлерi мен" деген сөздер алынып тасталсын; "ыдысына құйылған" деген сөздерден кейiн "шарап материалын және" деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi абзац жаңа редакцияда жазылсын: "темекi бұйымдары және құрамында темекi бар өзге де бұйымдар (бұдан әрi - темекi бұйымдары)."; үшiншi абзацта: "алты" деген сөз "бec" деген сөзбен ауыстырылсын; "спирт" деген сөз алынып тасталсын; төртiншi абзацта: "темекi өнiмдерiне" деген сөздер "темекi бұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; кестеде "спирт спирттiң барлық түрлерi" деген жол алынып тасталсын; 6-тармақтың төртiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |