«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) 1-баптың 9) тармақшасы «кодекс -»деген сөзден кейiн «осы Заңның 3-1-бабында көзделген» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2-баптың 4-тармағының бiрiншi абзацындағы «2)»деген цифр «1)»деген цифрмен ауыстырылсын; 3) 3-баптың 2-тармағында: 6) тармақша «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;"; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;"; 4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын: «3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының кодекстерi: 1) бюджеттік; 2) азаматтық; 3) азаматтық iс жүргізу; 4) неке-отбасы; 5) экологиялық; 6) су; 7) жер; 8) орман; 9) салық; 10) кеден; 11) көлiк; 12) еңбек; 13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты; 14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты; 15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты; 16) қылмыстық iс жүргiзу сияқты бiртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.»; 5) 4-бапта: 2-тармақта: 4), 5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары; 5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтiк жарлықтары;"; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|