Жоба Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң бағалы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы № 658 қаулысын қара Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттер, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы шартты басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыра отырып, бағалы қағаздар эмиссиясы мен айналысының бiрыңғай тәртібін, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметті жүзеге асырудың бiрыңғай тәртібін, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде инвесторлардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудiң бiрыңғай принциптерiн құру қажеттілігін түсiне отырып, Тараптардың экономикалық әлеуетiнiң өсуiне қолдау көрсетуге ұмтыла отырып, мына төмендегілер туралы келiстi: Осы Келісімнiң мақсаттары бiрыңғай мемлекетаралық бағалы қағаздар рыногын құру, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберiнде мемлекетаралық бағалы қағаздар рыногы инвесторларының мүдделерiн қорғау жөнiндегі шараларды әзiрлеу мен қабылдау, мемлекетаралық бағалы қағаздар рыногы туралы ақпараттық деректер базасын құру және оны Тараптардың тең құқылы пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл ретте мемлекетаралық бағалы қағаздар рыногы деп жұмыс iстеу мен мемлекеттік реттеудiң жалпы принциптерiмен бiрiккен Тараптардың бағалы қағаздар рыноктарының жиынтығын түсiнiледi. Бағалы қағаздардың шығарылымдарын және шығарылым қорытындылары туралы есептердi мемлекеттік тiркеу бағалы қағаздар орналастырылатын әрi айналыста болатын аумақ Тарапының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|