|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Жануарлар мен өсiмдiктердiң жекелеген түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе бөлшектерiн Қазақстан Республикасына әкелудi және одан тысқары жерлерге әкетудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Құрып кету қатерi төнген жабайы өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның (Вашингтон қаласы, 1973 жылғы 3 наурыз)" күшi қолданылатын жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе бөлшектерiн Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады."; көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 1 бағанда "Жабайы жануарлар, жабайы өсiмдiктер" деген сөздерден кейiн "(Құрып кету қатерi төнген жабайы өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның күшi қолданылатындарынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 4-қосымшада: 1 бағанда "Піл сүйегi, маралдың мүйiзi, тұяғы, жас маралдың мүйiзi, маржандар және осыған ұқсас материалдар" деген сөздерден кейiн "(Құрып кету қатерi төнген жабайы өсімдіктер мен жануарлар түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның күшi қолданылатындарынан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |