2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң
2014 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартпен 2015 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 21 мамырдағы № 676 қаулысымен бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжiкстан Республикасының Үкіметі, мына төмендегілер туралы келiстi: 2000 жылғы 17 ақпандағы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтеу шараларын қолданудың тетігі туралы хаттамаға (бұдан әрi - Хаттама) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) Хаттаманың мәтiнi бойынша тиiстi септiктегі "елеулi нұқсан, едәуiр нұқсан" деген сөздер "едәуiр (материалдық, елеулi) нұқсан" деген тиiстi септiктегі сөздермен ауыстырылсын; 2) 1-бап мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын: "ұлттық экономика саласына келтірiлген материалдық нұқсан демпингтiк немесе тауарлардың субсидияланатын импорты салдарынан туындаған және атап айтқанда, қатысушы мемлекетте соған ұқсас тауарлар өндiрiсi көлемiнiң және қатысушы мемлекеттің iшкi рыногында оларды сату көлемiнiң қысқаруынан, осындай тауар өндiрiсi пайдалылығының төмендеуiнен, тауар қорына, жұмыспен қамтуға, жалақы деңгейiне, ұлттық экономиканың осы саласына инвестициялардың деңгейiне келеңсiз әсер етуiнен көрiнетiн ұлттық экономика саласы жағдайының дәлелдемелермен расталған нашарлауы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|