|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 376 қаулысына Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру үшiн республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 1 сәуірдегі № 376 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген 004 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебiнен Техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру үшін республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiнде: мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 4-жолмен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 4 Астана қаласында 500 төсекке арналған Республикалық ана мен бала ғылыми орталығын салу 54 000"; "Жиыны" деген жолда "110850" деген сандар "164850" деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |