|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 1 шiлдедегi № 909 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесi бар акционерлік қоғам басқармасының төрағасымен жасалатын Үлгілiк келісімшартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 1 шілдедегi № 909 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 290-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: тақырыбында және мәтiнiнде: "келісімшартты", "келісімшарт", "келісімшарттар" деген сөздер тиiсiнше "жеке еңбек шартын", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын; "басқармасының төрағасымен", "басқармалар төрағаларымен" деген сөздер тиiсiнше "атқарушы органы басшысымен", "атқарушы органдар басшыларымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта "Қазақстан Республикасының министрлiктерi, агенттiктерi мен орталық атқарушы органдарының ведомстволары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және Ұлттық Банкi (келісім бойынша)" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жарғылық капиталда қатысудың басым мемлекеттік үлесi бар акционерлік қоғам басқармасының төрағасымен жасалатын Үлгілiк Келісімшартта: тақырыбында: "Келісімшарт" деген сөз "жеке еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын; "басқармасының төрағасымен" деген сөздер "атқарушы орган басшысымен" деген сөздермен ауыстырылсын; мәтiнiнде: "келісім шартты", "келісімшарттың", "келісімшарт", "келісімшартпен" деген сөздер тиiсiнше "жеке еңбек шартты", "жеке еңбек шарттың", "жеке еңбек шарты", "жеке еңбек шартпен" деген сөздермен ауыстырылсын; 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 14, 18-тармақтарда "төрағасы", "Төраға", "Төрағаның" "Tөрағаға" "Төрағада" деген сөздер тиiсiнше "басшысы", "Басшы", "Басшының", "Басшыға" "Басшыда" деген сөздермен ауыстырылсын; 2 және 3-тармақтарда "басқармасының", "басқарманың", "басқарма", "басқармасы" деген сөздер тиiсiнше "атқарушы органының", "атқарушы органның", "атқарушы орган", "атқарушы органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) атқарушы органның тиiмдi жұмыс iстеуiн, Қоғамның қызметiн және акционерлердiң жалпы жиналысы мен директорлар кеңесi шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;"; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "12) Қоғам қызметкерлерiн (атқарушы орган мүшелерi болып табылатын қызметкерлердi қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады, Қоғамның штат кестесiне сәйкес қоғам қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерiн және жалақыларға дербес үстемелердi белгілейдi, атқарушы орган және қоғамның iшкi аудитi қызметiнiң құрамына кiретiн қызметкерлердi қоспағанда, қоғам қызметкерлерiнiң сыйақы мөлшерiн анықтайды;"; 13) және 14) тармақшалар алынып тасталсын; 15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "15) қоғамның қаржы-шаруашылық қызметiнiң орта мерзiмдi жоспарының (ұлттық компанияның даму жоспарының) әзiрленуiн ұйымдастырады;"; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: "16-1) акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтер мөлшерiнiң болжамды көрсеткiштерiн көрсетілген акцияларды иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жоспарлының алдындағы жылдың бiрiншi сәуiрiне дейiн берудi қамтамасыз етедi;"; "Тараптардың мекен-жайы және қолдары" деген кiшi бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "Тараптардың орналасқан жерi және қолдары: Қоғам: Директорлар кеңесiнiң төрағасы Басшы ______________________________ _________________ ______________________________ _________________ (қолы) М.О. ". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |