|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1267 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 429-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi туралы ережеде: 1-тармақтағы "су ресурстарын басқару саласында" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау саласында" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, экономиканың су секторын дамыту және жердi мелиорациялау бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;"; 2) тармақшадағы "су ресурстарын пайдалану мен қорғауды" деген сөздер "су қорын пайдалану және қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы "су" деген сөз "су қорын" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақша алынып тасталсын; 2), 3), 4), 5), 8), 11), 12), 13), 14), 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызмет түрлерiне лицензияның немесе рұқсаттың берiлуiн, қолданылуын тоқтата тұруды жүзеге асырады; 3) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады, су объектiлерінің жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстарының жобаларын және құрылыс, түбiн тереңдету мен өзге де жұмыстар жүргiзудi, су объектiлеріндегі, су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту әрi пайдалануға беру шарттарын келiседi; 4) республикалық меншiктегi су объектiлерi мен ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн, сондай-ақ су объектiлерiнде тiкелей орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекiтедi; 5) республикалық меншiктегi су объектiлерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;"; "8) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн бекiтедi;"; "11) негiзгi өзендердiң бассейндерi бойынша және тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлейдi; 12) экономика салаларында су тұтынудың үлестi нормаларын келiседi; 13) ортақ су пайдаланудың үлгi ережелерiн бекiтедi; 14) бассейндер мен су пайдаланушылар бөлiнiсiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi; 15) ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру және ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтер құнын субсидиялау тәртібін әзiрлейдi;"; мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) тармақшалармен толықтырылсын: "16) су пайдаланудың үлестi нормалары мен нормативтерiн бекiтедi; 17) су объектiлерiнiң ақпараттық дерекқорын жасайды және оған барлық мүдделi тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз етедi; 18) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жобалау, iздестiру, ғылыми-зертеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады; 19) Қазақстан Республикасының су заңнамасы саласындағы әкiмшілік құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды; 20) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады; 21) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындауды және iске асыруды жүзеге асырады; 22) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы гранттар мен қарыздар есебiнен қаржыландырылатын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруды жүзеге асырады; 23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су қатынастарын реттеу, трансшекаралық суларды ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шектес мемлекеттермен ынтымақтастықты жүзеге асырады; 24) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережелерiн әзiрлейдi.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |