|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зияткерлiк меншiк Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат): 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) автор - шығармашылық еңбегiмен туынды жасаған жеке тұлға; 2) авторлық құқық - автордың мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтары; 3) электронды-есептеу машинасына (бұдан әрi - ЭЕМ) немесе деректер базасына арналған бағдарламаны бейiмдеу - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу; 4) дыбыстау-бейнелеу туындысы - тиiстi техникалық құрылғылардың көмегiмен көрiп және естiп (дыбыспен берiлетiн жағдайда) қабылдауға арналған өзара байланысты кадрлардың немесе бейнелердiң тiркелген серияларынан құралатын (дыбыспен немесе дыбыссыз берiлетiн) туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейiнгi түсiрiлу әдiсiне қарамастан кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген туындылардың бәрiн (теле- және бейнефильмдердi, диафильмдер мен слайдфильмдердi және сол сияқты туындыларды) қамтиды; 5) деректер базасы - деректер ЭEM көмегiмен табылатындай және өңделетiндей етiп жүйеге түсiрiлген материалдардың iрiктелуi мен (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық еңбектiң нәтижесiн бiлдiретiн деректер (мақалалар, есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Көмегімен деректер базасының материалдарына электрондық кiрудi жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға деректер базасы ұғымы қолданылмайды; 6) қайта шығару - туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлерi болып табылады; 7) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру - ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодын белгiлеу мақсатында объектілік кодты бастапқы мәтiнге өзгертудi қамтитын техникалық тәсiл; 8) жалпы жұрттың назарына жеткiзу - авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн көпшiлiк оларға өзiнiң жеке қалауы бойынша кез келген жерден және кез келген уақытта (интерактивтiк режимде) қол жеткiзудi жүзеге асыра алатын сым немесе сымсыз байланыс құралдары арқылы хабарлау; 9) жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелердi техникалық құралдардың көмегiмен оларды бiрнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе хабарлауға мүмкiндiк беретiн кез келген құралмен және кез келген нысанда жазып алу; 10) құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат - туындыны, туынды авторын, орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны, фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа немесе фонограммаға немесе туындыны, орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа қайсыбiр құқық иеленушiнi бiрдейлендiретiн ақпарат. Ақпараттың кез келген элементi туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың данасына қоса берiлетiн, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және (немесе) жеткiзуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берiлген кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат деп ұғынылады; 11) айрықша құқық - автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны, орындаушылықты, фонограмманы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңмен белгiленген мерзiм iшiнде өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалану жөніндегі мүлiктiк құқығы; 12) орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды тiкелей орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бiр техникалық құралдардың (телерадио хабарлары, кәбiлдiк телевизия және басқалары) көмегiмен көрсету. Дыбыстау-бейнелеу туындысының кадрларын ретi бойынша дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей көрсету; 13) орындаушы - актер, әншi, музыкант, бишi немесе рөлде ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет және (немесе) өнер туындыларын (соның iшiнде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмiрлерiн) немесе халық шығармашылығы туындыларын қандай да бiр өзгедей жолмен орындайтын басқа да адам, сондай-ақ дирижер; 14) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактілік данасы - жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген, немесе объектiлердi қорғаудың техникалық әдiстерiн айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың объектiлерi де контрафактілік болып танылады; 15) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны түрлендiру (өңдеу) - ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның бейiмделуге жатпайтын кез келген өзгерістерi; 16) айрықша емес құқық - осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, автордың тиiстi рұқсатымен басқа адамның құқық иесiмен бiрге туындыны пайдалана алатын құқығы; 17) туындыны жариялау - туындыны жариялау, көпшiлiкке көрсету, көпшiлiк алдында орындау, жалпыжұрттың назарына жеткiзу арқылы және өзге де әдiстермен оған көпшiлiктiң алғаш рет қолын жеткiзетiн iс-әрекеттi автордың келісімiмен жүзеге асыру; 18) жариялау - автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiне өзге құқық иеленушiнiң келісімiмен туындының немесе фонограмманың даналарын көпшiлiктiң орынды қажеттіліктерiн қанағаттандыратын мөлшерде меншiк құқығын не туындының немесе фонограмманың данасын иелену құқығын сату, прокатқа тапсыру немесе өзгедей беру арқылы көпшiлiкке ұсыну; 19) туындыны аудару - шығарманы түпнұсқа шығарманың тілінен басқа тiлде бiлдiру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да, стилiн де бұрмаламайтын болуға тиiс; 20) эфирге беру - туындыларды, орындаушылықтарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын (көрсетудi немесе орындауды қоса алғанда) радио немесе телевизия арқылы (кәбiлдiк телевизияны қоспағанда) беру жолымен жалпы жұрттың назарына хабарлау. Туындыларды, орындаушылықтарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын жерсерiк арқылы эфирге беру кезiнде жердегi станциядан жерсерiкке сигналдар қабылдау және жерсерiктен сигналдар беру эфирге беру деп түсiнiледi, солар арқылы туындыларды, орындаушылықтарды, фонограммаларды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын көпшiлiктiң нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына жеткiзу мүмкiн болады. Егер көпшiлiкке кодты ажырату құралдарын эфирлiк хабар тарату ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берiлсе, код белгiленген сигналдарды беру эфирге беру болып табылады; 21) эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының өзi жасаған, сондай-ақ соның қаражаты есебiнен соның тапсырысы бойынша басқа ұйым жасаған хабар; 22) туындыны өңдеу - түпнұсқа туындыны бiр жанрдан екiншi жанрға өзгерту. Бұл ретте түпнұсқа туындыны сахналау, қою және аранжировка жасау туындыны өңдеу түрлерi болып табылады; 23) эфирге кейiнгi беру - бұрын эфирде берiлген немесе кәбiл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарланған шығармаларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн қайталап беру; 24) құқық иеленушi - авторлық құқыққа қатысты автор (өсиетте аталған адамдар, оның мұрагерлерi), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлерi), фонограммаларды жасаушы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар беру ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе осы Заңмен көзделген өзге де негiз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға құқық алған өзге де жеке және заңды тұлғалар; 25) ЭЕМ-ге арналған бағдарлама - табиғатына орай ЭЕМ-ге арналған бағдарлама олардың неғұрлым кейiнiрек кезеңдегi нәтижесi болып табылатын дайындық материалдарын қоса алғанда, машинада оқылатын материалдық жеткiзгiшке жазу кезiнде ЭЕМ-мен белгiлi бiр мiндеттердi орындау немесе нәтижеге қол жеткiзу қамтамасыз етiлетiн сөздер, схемалар немесе бейнелеудiң өзге де кез келген түрiнде бейнеленген командалар жиынтығы; 26) сәндiк-қолданбалы өнер туындысы - көркем кәсiпшiлiк туындысын немесе өнеркәсiптiк әдiспен дайындалған туындыны қоса алғанда, iс жүзiнде пайдаланылатын заттарға көшiрiлген екi өлшемдi немесе үш өлшемдi өнер туындысы; 27) халық шығармашылығы туындысы - дәстүрлi көркемдiк мұраларға (халық ертегiлерi, халық поэзиясы, халық әндерi, халық аспаптық музыкасы, халық билерi мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдiк нысандары және басқалар) тән элементтердi қамтитын туынды; 28) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы - осындай туынды жасаудың бастамасы мен жауапкершiлiгiн мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелерi болмаған кезде, осы туындыда есiмi немесе атауы белгiленген тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады; 29) фонограмма шығарушы - қайсыбiр орындаушылықты немесе өзге де дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасы үшiн бастамашылық пен жауапкершiлiктi мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелерi болмаған кезде, есiмi немесе атауы сол фонограммада және (немесе) соның қорабында жазылған тұлға фонограмманы дайындаушы деп танылады; 30) туынды шығарма - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесiнде жасалған туынды; 31) көпшiлiк алдында орындау - туындыны мәнерлеп оқу, ойнау, билеу немесе қандай да бiр өзге жолмен, соның iшiнде техникалық құралдардың көмегiмен (дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты - кадрларды дыбыспен сүйемелдеу арқылы оларды ретiмен көрсету) отбасылық ортаға жатпайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкiн орындарда орындау; 32) көпшiлiкке көрсету - туындының түпнұсқасын немесе данасын тiкелей немесе слайд, кино-, телекадр түрiнде экранда, басқа кез келген техникалық құралдың көмегiмен немесе кез келген өзге әдiспен (дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты - олардың реттілігiнен тыс жеке кадрларды көрсету) отбасылық ортаға жатпайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкiн орындарда көрсету; 33) спектакльдi қоюшы-режиссер - театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклiн немесе өзге де спектакль (көрсетілім) қойылымын жүзеге асырған адам; 34) көшiрмелеу (репрографиялық қайта шығару) - жазбаша және басқа да графикалық туындылар түпнұсқаларының немесе көшiрмелерiнiң фотокөшiрме жолымен немесе басып шығарудан өзге басқа да техникалық құралдар арқылы кез келген мөлшерде және нысанда бiр немесе одан да көп данасын факсимальдiк қайта шығару. Репрографиялық қайта шығаруға аталған көшiрмелердi электрондық (цифрлық көшiрмелерiн қоса), оптикалық немесе машинамен оқылатын өзге де нысанда сақтау немесе қайта шығару кiрмейдi; 35) прокатқа (жалға) беру - туындының немесе фонограмманың данасын тiкелей немесе жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру; 36) сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымының мүлiктiк құқықтары және орындаушының жеке мүлiктiк емес құқықтары; 37) кәбiл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы жұрттың назарына кәбiл, сым, оптикалық талшықтар арқылы немесе соған ұқсас құралдардың көмегiмен хабарлау; 38) құрамдас туынды - материалдарды iрiктеп алу және (немесе) орналастыру бойынша шығармашылық қызметтiң нәтижесiн бiлдiретiн туындылар мен басқа да материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы); 39) техникалық құрал - осы Заңмен қорғалатын, кез келген авторлық немесе сабақтас құқықтардың бұзылуын болдырмауға немесе бұзуға кедергi келтiруге арналған тәсiлдiң, құрылғының немесе бұйымның құрамдас бөлiгi болып табылатын кез келген құрылғы, бұйым немесе компонент; 40) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 41) фонограмма - орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгiзiлген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру; 42) туындының данасы - туындының кез келген материалдық нысанда дайындалған көшiрмесi; 43) фонограмманың данасы - фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бөлiгiн қамтитын кез келген материалдық жеткiзгiштегi фонограмма көшiрмесi.»; 1-тармақта 1) - 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары - авторлары және олардың құқықтық мұрагерлерi деп танылады; 3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған, бiрақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi қандай да болсын объективтi нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық мұрагерлерiнiң) - шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп танылады.»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын туындының шыққан елiнде авторлық құқықтың осы елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан қоғам игiлiгiне айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуiнiң салдарынан Қазақстан Республикасында қоғамның игiлiгiне айналмаса, туындыға қорғау берiледi.»; 3) 6-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: «Қандай да болсын материалдық объектiге меншiк құқығын немесе иелену құқығын беру, осы Заңда көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, осы объектiде көрсетiлген туындыға авторлық құқықтың берiлуiне әкеп соқпайды.»; 4) 7-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында»(кино-, теле- және бейнефильмдер, диафильмдер және басқа кино- және телетуындылар)»деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Ғылым, әдебиет және өнер туындысына авторлық құқық оның жасалу фактiсiне қарай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшiн туындыны тiркеу, туындыны өзге де арнайы ресiмдеу немесе қандай да болсын шарттылықты сақтау талап етiлмейдi. Өздерiнiң айрықша мүлiктiк құқықтары туралы хабарлау үшiн автор және (немесе) құқық иеленушi авторлық құқықты қорғау белгiсiн пайдалануға құқылы, ол белгi туындының әр данасына қойылады және мiндеттi түрде мынадай үш элементтен тұрады: 1) қоршауға алынған латынша «С» әрпi; 2) айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмi (атауы); 3) туындының алғаш жарияланған жылы. Жарияланбаған туындыға жеке мүлiктiк емес құқықтарын куәландыру үшiн автор, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленетiнiн растау үшiн авторлық құқықтың қорғалатын не тиiстi шарттардың қолданылатын мерзiмi iшiнде кез келген уақытта оларды ресми тiзiлiмдерде тiркеуге құқылы. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Бiр жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерiн) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың бiртектi тауарларынан (қызметтерiнен) ажырату үшiн қолданылатын (соған арналған) туындылар авторлық құқық объектiсi ретiнде тiркелмейдi.»; 6) 10-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Тең авторлардың әрқайсысы өз атынан, соның iшiнде, басқа тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келісіммен өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын қорғауға байланысты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген шараларды қолдануға құқылы.»; 7) 11-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «11-бап. Құрамдас туындыларға авторлық құқық»; 8) 12-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Туынды шығармаларға авторлық құқық»; 9) 13-баптың 2-тармағында «дайындаушыға», «дайындаушы» деген сөздер тиiсiнше «жасаушыға», «жасаушы» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (жариялау құқығы).»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap.»; 2-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген тәсiлмен тарату: сату, айырбастау, жалға беру, өзге де операциялар жасау (тарату құқығы);»; мемлекеттік тiлдегi мәтiн бойынша 10) тармақшадағы «құқықтарын бiлдiредi» деген сөздер алып тасталып, нүкте»;»белгiсiмен ауыстырылсын, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: «11) Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жүзеге асыру құқықтарын бiлдiредi.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртібі авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi.»; 6-тармақта «орынсыз» деген сөз алып тасталсын; «автордың» деген сөзден кейiн «және құқық иеленушiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; 12) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын: «16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен ставкалары Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, соның iшiнде радиода және телевизияда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзгедей жазу арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке-дара жүзеге асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі авторлық сыйақының ең төмен ставкаларын белгiлей алады.»; 13) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Бейнелеу өнерi туындысына меншiк құқығының автордан басқа тұлғаға ауысуы (өтеулi немесе өтеусiз) осы туындының бiрiншi рет иелiктен айырылуын бiлдiреді.»; 14) 18-бапта тақырыбы және 1-тармақ «автордың» деген сөзден кейiн «немесе құқық иеленушiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; тақырыбы «автордың» деген сөзден кейiн «немесе құқық иеленушiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; бiрiншi абзацта «Автордың» деген сөзден кейiн «немесе құқық иеленушiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; 5) тармақшада «суретке түсiру» деген сөздерден кейiн «немесе кинематография» деген сөздермен толықтырылсын; 16) 20-баптың бiрiншi абзацы «Автордың» деген сөзден кейiн «немесе өзге құқық иеленушiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; 17) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: «21-бап. Еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған туындыларды еркiн пайдалану Туындыны бейнелеу қайта шығарудың, эфирге берудiң және (немесе) кәбiл бойынша жалпыжұрттың назарына хабарлаудың негiзгi объектiсi болатын немесе туындыны бейнелеу коммерциялық мақсат үшiн пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, еркiн кiрiп көруге ашық орындарға тұрақты қойылған сәулет, суретке түсiру, бейнелеу өнерi туындыларын автордың немесе құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және авторлық сыйақы төлемей қайта шығаруға, эфирге беруге және (немесе) кәбiл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлауға жол берiледi.»; 18) 22-баптағы «авторлық құқықтардың өзге де иесiнiң» деген сөздер «өзге де құқық иеленушiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 23-баптағы «авторлық құқықтардың өзге де иесiнiң» деген сөздер «өзге де құқық иеленушiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшада «байланысты» деген сөз «қажеттi» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшада «жасауға» деген сөзден кейiн «немесе жасауды тапсыруға» деген сөздермен толықтырылсын; бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Эфирге хабар тарату ұйымы автордың немесе құқық иеленушiнiң келісімiнсiз және қосымша сыйақы төлемей осы ұйым эфирге беруге құқық алған туындыны қысқа уақытқа пайдалану үшiн жазбасын мынадай жағдайларда:»; 2) тармақшада «авторымен», «авторының» деген сөздерден кейiн тиiсiнше «немесе құқық иеленушiсiмен», «немесе құқық иеленушiсiнiң» деген сөздермен толықтырылсын; 22) 26-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қайта шығару үшiн сыйақыны осындай қайта шығару үшiн пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердi дайындаушы немесе импорттаушы тұлғалар төлейдi. Осындай жабдықтар мен материалдық жеткiзгiштердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»; 23) 28-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыға қорғау берiлген кезде, осы Заңның 5-бабының 4-тармағына сай авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiн туындының шыққан елінде белгiленген мерзiмнен асыруға болмайды. Осы бапта көзделген мерзiмдер мерзiмнiң өтуiнiң басталуына негiз болып табылатын заңдық факт осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi елу жылдан әрi емес мерзiмде орын алған барлық жағдайларда қолданылады.»; 24) 29-баптың 2-тармағы алып тасталсын; 25) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Автордың осы Заңның 16-бабында аталған мүлiктiк құқықтары толық немесе iшiнара берiлуi, сондай-ақ айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша немесе айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн. Мүлiктiк құқықтарды қалай да болсын басқаға беру автордың және мүлiктiк құқықтар берiлетiн адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен ресiмделуге тиiс.»; 2-тармақта «алты ай» деген сөздер «үш ай» деген сөздермен ауыстырылсын, «бес жыл» деген сөздер «бiр жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ «Автордың» деген сөздiң алдынан «Осы Заңның 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздермен толықтырылып, «Автордың» деген осы сөз кiшi әрiппен жазылсын; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көпшiлiк пайдаланушыларға оны пайдалануға рұқсат беру кезiнде оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртібін қолдануға болады.»; 1-тармақтың 4) тармақшасында «эфирде немесе кәбiл бойынша берiлетiн хабарға» деген сөздер «эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |