Кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне (2014.30.05. берілген өзгерістермен)
Келісім ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 шілдедегі № 756 қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Yкiметтерi, 1989 жылғы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Балалардың құқықтары туралы Конвенциямен бекітілген балаларды ерекше қорғау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөніндегі күштi бiрiктiрудiң маңызын ескере отырып және олардың игiлiгiне қамқорлық таныта отырып, қорғансыз қалған кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерi бойынша ынтымақтастық кәмелетке толмағандар тарапынан болатын, сонымен қатар оларға қарсы бағытталған құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал жасайды деп есептей отырып, төмендегiлер туралы келiстi: Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн мынадай терминдер пайдаланылады: кәмелетке толмаған - орналасқан мемлекеттiң заңнамасына сәйкес кәмелеттiк жасқа жетпеген және осы заңнамаға сәйкес өзi орналасуы тиiс мемлекеттi дербес анықтауға құқығы жоқ адам; ата-аналық қамқорлық және қорғаншылық құқығы - заңға, сот немесе әкiмшiлiк органның шешiмiне сәйкес жеке немесе заңды тұлғаға берiлген кәмелетке толмағанның тұратын жерiн анықтайтын құқық; мамандандырылған мекеме - құқық бұзушылық жасаған немесе қорғансыз қалған кәмелетке толмағандарды уақытша ұстау мен орналастыруды ұлттық заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын мекеме; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|