|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1313 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 45, 449-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесінде: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "10. Объектілер салу үшін жер телімін сұраған кезде жергілікті атқарушы органның тапсырмасы бойынша жер телімін таңдау алдын ала жүзеге асырылады. Объект салу үшін жер телімін таңдауды жерге орналастыру және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдар (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесіп) жүзеге асырады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |