|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі және "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 122-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары." деген 6-тармақ кестесінде: реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Аэроғарыш комитетінің 7 (жеті) қызметкерін Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға арналған шығыстарға ақы төлеу: өтемақылық төлемдер; көліктік қызметтерге ақы төлеу.". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |