Кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфиясаласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 892 қаулысымен бекітілді
Тәуелсiз мемлекеттер достастығының қатысушылары - мемлекеттер үкiметтерi атынан, бұдан әрi - Тараптар, достық, тату көршiлiк және ынтымақтастық қатынастарды дамыту мен нығайту олардың халықтарының түпкi мүдделерiне жауап бередi деп есептеп, сондай-ақ олар арасындағы мәдени қатынастың көпжылдық дәстүрiне сүйене отырып, Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы, Экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактi сияқты негізгi құжаттарда белгiленген адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды сақтауға бейiлдiлiгін дәлелдеп, гуманитарлық саладағы ынтымақтастық туралы Тәуелсiз мемлекеттер достастығының келісімдерiн басшылыққа алып, болашақ ұрпақтың мәдени және ғылыми әлеуетін нығайту туралы алаңдаушылық бiлдiре отырып, төмендегi жайлы келiстi: Тараптар Тәуелсiз мемлекеттер достастығы (бұдан әрi Достастық) шеңберiнде кiтап шығару, кiтап тарату және полиграфия саласында өзара тиiмдi әрi тең құқылы ынтымақтастықты дамытады, кiтап iсiн қолдаудың келісілген мемлекетаралық саясатын iске асыруға және кiтап туралы оң қоғамдық пiкiрдiң қалыптасуына ықпал етедi. Тараптар ұлттық заңнамаға сәйкес қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасай отырып, тарих, экономика, саясат, ғылым және мәдениеттің түрлi аспектiлерiн көрсететiн кiтап өнiмдерiмен еркiн алмасуды қамтамасыз етуге мiндеттi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|