Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабы 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке беру үшін салық органының әділет органына жіберу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салық әкімшіліктендіруі басқармасы (А.М. Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары Е.А. Чекаеваға және салық органдарының бірінші басшыларына жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2004 жылғы 20 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазакстан Республикасының Әділет министрі Жұмабеков О.И. 29.06.04 ж. Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке беру үшін салық органының әділет органына жіберу ережесі туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2004 ж. 24 маусымдағы № 314 бұйрығымен бекітілді Салық төлеушінің куәлігін тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке беру ұшін салық органының әділет органына жіберу ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 520-бабы 1-1) тармағына сәйкес әзірленген және тіркелген заңды тұлғаға, филиал мен өкілдікке (бұдан әрі - заңды тұлға) оны беру үшін салық төлеушінің куәлігін әділет органына жіберу бойынша салық органдарының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|