Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы ҚР Үкіметінің 2005.04.03. № 204 қаулысымен бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі, Тараптар мемлекеттерінің егемендiгi мен аумақтық тұтастығын құрметтей отырып, бәсекеге қабілеттіліктi арттыруға ықпал ететiн кәсiпкерлiк және инвестициялық ортаны құру қажеттігiне сенiмдi бола отырып, екi жақты сауданы жандандыру мақсатында өзара тиiмділiк қағидатын басшылыққа ала отырып, шекара маңы саудасы мен Тараптар мемлекеттерiнің шектес шекара маңы аумақтарындағы экономиканы дамытуға, рынокты халықтың түрлi жiктерiнiң сұранысын қанағаттандыратын тауарлармен толтыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, мына төмендегілер туралы келiстi: 1-бап 1. Тараптар "Хоргос" (ҚХР) - "Қорғас" (ҚР) шекара маңы өткізу пункттерiнде Тараптар мемлекеттерi бөлген шектес аумақтарда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын (бұдан әрi - "Қорғас" орталығы) құруға келiсті. 2. "Қорғас" орталығының қазақстандық бөлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасы әрекет ететiн Қазақстан Республикасының заңды құқығында, ал "Қорғас" орталығының қытайлық бөлiгi Қытай Халық Республикасының заңнамасы әрекет ететiн Қытай Халық Республикасының заңды құқығында болады. "Қорғас" орталығындағы шаруашылық қызметтің кез келген түрi олар аумағында жүзеге асырылатын мемлекеттiң ұлттық заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|