|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу саласын реттейтiн нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тiркеудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құрамына кiретiн де, кiрмейтiн де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтiк құқықтық актілері мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тiркеудiң тәртібінде: 2-тармақтың 5-1) тармақшасы алынып тасталсын; 3-тармақтың төртiншi абзацындағы "бекітуiне (қайта қол қоюға) жатады" деген сөздерден кейiн "және осы тармақта белгiленген тәртiппен және мерзiмде Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарына ұсынылады" деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "1) мынадай негiзгi мәлiметтердi: нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сiлтемемен нормативтiк құқықтық актінi қабылдау негізiн (органның құзыретi); нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттілiгiнiң негiздемесiн (нақты мақсаттар, дәлелдер және неге байланысты акт қабылданады); осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық акт және оларды өзгерту немесе нормативтiк құқықтық актiні қабылдауға байланысты күшi жойылды деп тану туралы ұсыныстар дайындау туралы; мемлекеттік тiркеуден бас тартылған осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актілер туралы; мемлекеттік бюджеттің (республикалық жергiлiктi) кiрiстерiн қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы; мүдделi мемлекеттік органдармен нормативтiк құқықтық актінi келiсу қажеттiлігін қамтуы тиiс, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгілеген нысан бойынша анықтама-негіздеме;"; 8-тармақта "мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтердi немесе құпия сипаттағы мәлiметтердi" деген сөздер "мемлекеттік құпияларды" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-1) тармақшада: үшiншi абзацта "Қаржы министрлігімен," деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделі мемлекеттік органдармен келiсу олардың құзыретiне қарай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтiк құқықтық актiнi келiсудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердiң мәнiн ескере отырып белгіленедi."; жетiншi абзац алынып тасталсын; алтыншы және жетiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң нормативтік қаулыларына; Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарына;"; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілеріне."; төртiншi абзацта "министрдiң бұйрығы" және "мемлекеттік комитеттің немесе өзге де" деген сөздер алынып тасталсын, "органның" деген сөзден кейiн "бұйрығы" деген сөзбен толықтырылсын; бесiншi абзацта "өзгеретiн актiнiң тақырыбында өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетін актiнiң атауы, күнi, тіркеу нөмiрi, нысаны толық берiледi" деген сөздер "өзгертілетiн және/немесе толықтырылатын актінiң тақырыбында көрсетiлген ретпен өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн, актiнiң нысаны, бекіту күнi, тiркеу нөмiрi, актiнiң толық атауы көрсетіледi"; 4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бөлiмiндегi әрбiр тарау мен кiшi бөлiмдердегi параграфтарды нөмiрлеу дербес болып табылады."; 5) тармақшаның екiншi абзацында "метафораларды" деген сөзден кейiн ", мағынасы және құқықтық жүктемесi жоқ декларациялық сипаттағы ереженi" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп тану кезiнде осы актіге өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң не олардың бөліктерінің бiр мезгілде күшi жойылды деп танылады."; 8) тармақшада "сақталады" деген сөзден кейiн "және одан әрi пайдаланылмайды" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: "10-1) нормативтiк құқықтық актіге немесе оның құрылымдық бөлігіне осындай мәтiн мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерістер мен толықтырулар енгізiлген кезде оның жаңа редакциясы қолданылады."; 13-1-тармақта "1-1) тармақшасының бесiншi және алтыншы абзацтарында және 1-2), 3), 4), 5), және 6) тармақшаларында" деген сөздер "1-1), 1-2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында," деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "16. Нормативтiк құқықтық актiлер "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгізiледi."; 17-тармақтың бiрiншi абзацындағы "бiрге" деген сөзден кейiн "егер осы акт азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты болса," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: "19-1. Нормативтiк құқықтық актінi мемлекеттік тiркеуден бас тартуды алған күннен бастап он бес күн iшiнде мемлекеттік органның басшысы не оның мiндеттерiн атқаратын адам тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актіні жою туралы тиiсті актінi шығарады және оның көшiрмесiн Әдiлет министрлігіне немесе оның аумақтық органына жiбередi. Нормативтік құқықтық актiнi тиiстi заңдық сараптама жүргізбестен қайтарған жағдайда, мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жояды және оны осы Тәртiптiң 3-тармағында белгiленген тәртіппен қайтарылған сәттен бастап отыз күн iшiнде мемлекеттік тiркеуге қайта ұсынады. Осы тәртiп анықталған бұзушылықтарды жоятын және оны мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілген сәттен бастап осы Тәртiптiң 3-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тiркеуге нормативтiк құқықтық актiнi қайта ұсынатын жергiлiктi өкiлдi органға қатысты қолданылмайды."; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: "20-1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған орган таратылған, қайта ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда оның актілерiнiң күшi жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелердi оның құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешеді."; бiрiншi абзацта "мерзiмнiң iшiнде" деген сөздерден кейін ", тиiстi растайтын актіні қоса бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтiк құқықтық актiмен жүзеге асырылады."; 7-1-тарау және 22, 23, 24-тармақтар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |