|
|
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң "А. Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгінiң "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсін: 1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында: көрсетілген қаулыға 196-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде: 7-бағандағы "A. Жұбанов атындағы музыкалық қазақ орта мектеп-интернаты" деген сөздер "А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) ҚР Үкіметінің 2005.03.05. № 214 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |