|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 478 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 2, 19-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiктерi туралы ережеде: тақырыбындағы, кiрiспедегi, 1, 2 және 3-тармақтардағы «Төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде» деген сөздер алынып тасталсын; 1-тармақта: төртiншi абзацтағы «кең ауқымда және аймақтық ауқымда» деген сөздер алынып тасталсын; оныншы абзац «Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздердiң алдынан «төтенше жағдайдың кең ауқымда және аймақтық ауқымда таралуы кезiнде» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап үшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |