ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1182 қаулысымен бекiтілген Мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 1. Осы Ереже "Еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 22-бабы 2-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегі салалық нормативтердi әзiрлеу мен бекітудiң тәртібін айқындайды. 2. Осы Еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөніндегі ережеде мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады: 1) еңбек қауiпсiздiгi - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде оның зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етілген қорғалу жай-күйi; 2) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе оның еңбек ету қабiлетiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор; 3) қауiптi өндiрiстік фактор - әсерi қызметкердiң еңбек ету қабілетін уақытша немесе тұрақты жоғалтуға (еңбек зақымына немесе кәсiби ауруға) немесе қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстік фактор; 4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі салалық нормативтер - ұйымдық, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де талаптарды белгілейтiн нормативтер, еңбек қызметі процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелер, рәсiмдер мен өлшемдер; 5) еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|