|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Республика аумағында жануарлардың жiтi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және жануарлар мен адамға ортақ аурулардан азаматтардың денсаулығын қорғау және эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде: тақырыбы «Жануарларды» деген сөздiң алдынан «Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн» деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацтағы «туляремия» деген сөзден кейiн», аусыл» деген сөзбен толықтырылсын; бесiншi абзацтағы «аденомотоз» деген сөзден кейiн», шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы» деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Алдын алуы, диагностикасы және жойылуы республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың ерекше қауiптi ауруларының тiзбесiнде: екiншi абзацтағы «нодулярлық дерматит (зкзотикалық ауру)»деген сөздерден кейiн», қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы» деген сөздермен толықтырылсын; үшiншi абзацтағы»(экзотикалық аурулар)»деген сөздерден кейiн», күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы» деген сөздермен толықтырылсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру ережесiнде: 8 және 19-тармақтар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.»; 23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Бақылауда болатын жүктердiң транзитiне уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |