Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Парламентiн ұстау, палаталар төрағаларының басқаруындағы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң делегацияларын әуе көлiгімен қамтамасыз ету, заң жобаларын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының депутаттары бастамашылық жасаған заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, заң шығармашылығы қызметi саласында зерттеулер жүргізу, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру, Сенат пен Мәжілістiң жаңа ғимараттарын және қызметтiк тұрғын үйлердi жиһазбен, тұрмыстық техникамен және өзге де интерьер элементтерiмен жарақтандыру. Техникалық және моральдық жағынан ескiрген компьютерлiк техниканы жаңарту, қазіргi заманғы ақпараттық технологиялар (бағдарламалық-ақпараттық, бағдарламалық өнiмдер) сатып алу негiзiнде Парламенттiң ақпараттық-есептеу желiсiн қорғау, жоғарыда көрсетiлген ақпарат түрлерi бойынша ақпараттық ресурстар қорын жасау үшiн ақпараттық қызметтер мен жабдықтар сатып алу. БАҚ-та Парламент қызметiн көрсету үшiн өткiзiлетiн iс-шараларды фото және бейне түсiрудi қамтамасыз ету. Палаталар төрағаларының Президентпен бейне конференция байланысын қамтамасыз ету. Парламенттiң жергілiктi есептеу желiсiн қайта жаңарту. "Парламент хабаршысы" брошюраларын шығару бағасын төмендету және полиграфиялық қызметтерге арналған шығыстарды азайту мақсатында Парламенттiң мамандандырылған баспаханасын құру."; "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|