Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат): 1) 2-баптың 1-тармағындағы "қатынастарды реттейдi" деген сөздер "қатынастарға қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 3-бап мынадай мазмұнда жазылсын: "3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) табиғи монополия субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектiсi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмiленi қоса алғанда, күшiне орай әсер ету мүмкiндiгі бар (берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде оның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектiсiнiң осындай құқығы бар кез келген тұлға; 2) уақытша өтемдiк тариф - табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым ставкасы); 3) уақытша төмендету коэффициентi - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама; 4) жалпыға бiрдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектiлерi жұмысын жүзеге асыратын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|