Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі Қазақстан Республикасының 2005.26.10. № 85-III Заңымен бекітілді
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидаттары мен шарттары туралы келісімдi, 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн тиiмдi пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімдi және 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалдау шартын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ғарыш кеңiстiгiн игеру және пайдалану саласында өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту мүдделерiн негiзге ала отырып, төмендегiлер туралы келісті: 1-бап Осы Келісімнің мақсаты Тараптардың геостационарлық орбитада "KAZSAT" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигiн жасау жөніндегі ынтымақтастығын жүзеге асыруға арналған негiзгi қағидаттар мен шарттарды айқындау және оның базасында ғарыштық байланыс пен хабар таратудың қазақстандық жүйесiн жасау болып табылады. 2-бап Осы Келісімдi орындау үшiн ынтымақтастық халықаралық құқықтың жалпы танылған нормалары мен қағидаттары сақтала отырып және Тараптардың өз мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын басқа Келісімдер бойынша мiндеттемелердi орындауына залал келтiрiлместен Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келісімге қайшы келмейтiн заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 3-бап Осы Келісім бойынша уәкілетті органдар: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі; Ресей Тарапынан - Федералдық ғарыш агенттігі мен Ресей Федерациясы Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|