|
|
|
Қазақстан Республикасының Заңы 1-бап. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1068-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-бапта: он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "ұжымдық шарт - еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін бір немесе бірнеше жұмыс беруші (олардың өкілдері) мен қызметкерлердің бір немесе бірнеше өкілдері арасында жазбаша шарт нысанында жасалған құқықтық акт;"; он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "қызметкерлердің өкілдері - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған өзге де тұлғалар мен ұйымдар;"; жиырма екінші абзацтағы "шартымен" деген сөз "және ұжымдық шарттармен" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 3-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "осы Заңның күші" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының азаматтарына," деген сөздермен толықтырылсын; 3) 7-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы "хабарлауға" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "міндетті" деген сөз алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: "7) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін ұсынуға; 8) зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан басқасына аударған кезде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні хабардар етуге міндетті."; 1-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады;"; 6) тармақша алып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Жұмыс беруші: 1) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге; 2) қызметкерлер өкілдерінің ұсынысын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасасуға; 3) қызметкерлерді өз қаражаты есебінен өздерінің еңбек міндеттерін орындауы үшін қажетті құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге; 4) қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде онымен жеке еңбек шартын жасасуға, қызметкерді ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен таныстыруға; 5) жалақыны және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген өзге де төлемдерді уақтылы және толық көлемінде төлеп тұруға; 6) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 7) Қазақстан Республикасының еңбек туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының, жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтауға; 8) қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруы кезінде оның денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруға; 9) қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге; 10) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның ұсталуы мен аударылуы туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа өткізілуін қамтамасыз етуге; 11) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, оны тоқтата тұруға; 12) қызметкерге зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың ықтималдығы туралы ескертуге; 13) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қатердің алдын алу жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге; 14) қызметкерден міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге; 15) жұмыс уақытының, соның ішінде жұмыс уақытынан тыс істеген жұмыс, әрбір қызметкердің зиянды (өте зиянды), қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында, ауыр дене еңбегімен айналысқан жұмыс уақытының нақты есебін жүргізуге міндетті."; 1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегі немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар;"; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Жеке еңбек шартын белгіленген мерзімге жасасқанда тараптардың осы шартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өзара жауапкершілігі белгіленуі мүмкін."; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Жұмыс беруші қызметкерден осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келісілмеген жұмысты атқаруды талап етуге құқылы емес."; 1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: "2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделгендегіден басқа жағдайларда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін. Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап жасалған жағдайда ол белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған жеке еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе және еңбек қатынастары іс жүзінде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі. Жеке еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалатын қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақылар беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартын белгілі бір мерзімге жасасуға тыйым салынады; 3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзімділігіне немесе оны орындау шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкерді ауыстыру уақытына бір жылдан кем белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін."; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Қызметкерге өтемақылар мен кепілдіктерді беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартының белгілі бір мерзімге жасалған фактісі анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады."; 7) 11-баптың 5-тармағындағы "жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті" деген сөздер "жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті (өте қауіпті)" деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 12-баптың 4-тармағындағы "зейнетақы шартын," деген сөздер алып тасталсын; 9) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: "13-бап. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар: еңбек кітапшасы (ол бар болған жағдайда), жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың үзіндісі немесе ұйымның басшысы (жұмыс беруші) куәландырған (қол қойған) не нотариатта куәландырылған қызметтік тізімі (қызметкердің жұмыс, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі) болып табылады. Еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді."; 10) 16-баптың 1-тармағындағы "жеке еңбек шартын" деген сөздерден кейiн "жазбаша түрде" деген сөздермен толықтырылсын; 11) 18-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлікпен толықтырылсын: "Жұмыс берушi қызметкердi оның денсаулық жағдайы жарамайтын басқа жұмысқа ауыстыруға құқылы емес."; 12) 19-баптың 2-тармағының бiрiншi сөйлемiндегі "жеке еңбек шартына" деген сөздер "жеке еңбек және ұжымдық шарттарына" деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi бөлiк "Өндiрiстiк қажеттілік болған" деген сөздерден кейiн ", соның iшiнде жұмыста болмаған қызметкердi уақытша ауыстыру керек болған" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi бөліктегі "іркiлісті," деген сөз алып тасталсын; 14) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: "21-бап. Iркіліске байланысты уақытша басқа жұмысқа ауыстыру Жұмыс берушiнің iркiліс жағдайында қызметкердi мамандығын, біліктiлiгiн ескере отырып, оның денсаулық жағдайына зақым келтiрмейтiн басқа жұмысқа өзінің келісімiнсiз күнтізбелiк жыл iшiнде бір айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға құқығы бар. Iркiліске байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысқан жағдайда еңбекке ақы төлеу талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттарында белгіленедi, бұл ретте ол қызметкердiң бұрынғы жұмыс орнындағы орташа айлық жалақысының үштен екi бөлiгінен кем болмауға тиіс. Егер қызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда онымен жасалған жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұзылады."; 15) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын: "24-бап. Мүлiктiң меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші қайта ұйымдастырылған кездегі еңбек қатынастары 1. Жұмыс берушінің атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны (мәртебесi) не ведомстволық тиесiлiгi өзгерген жағдайларда еңбек қатынастарының қолданылуы тоқтатылмайды. 2. Мүліктің меншік иесі ауысқан немесе жұмыс беруші - заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде еңбек қатынастары өзгерістерсіз жалғастырылады."; 16) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақшамен толықтырылсын: "4-1. Жеке еңбек шарты осы Заңның 26-бабының 8), 9), 10), 11), 12), 14), 15) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде қызметкердi алда шарттың бұзылатыны туралы ескерту талап етілмейдi."; 3) тармақша "қолданылу мерзiмi" деген сөздерден кейiн "немесе сынау мерзiмі" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша: "жұмысқа" деген сөзден кейiн "қатарынан" деген сөзбен толықтырылсын; "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзған жағдайда бұзылуы мүмкін. Қызметкердің еңбек мiндеттерін бiр рет өрескел бұзуына: бір жұмыс күнi iшiнде дәлелсiз себеппен қатарынан үш сағат және одан да көп уақыт бойы жұмыста болмауы; жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келуі; жұмыс күнi iшiнде алкогольден, есірткіден, уыттанудан (соларға ұқсас заттардан) масаң жағдайды туғызатын заттарды пайдалануы; қызметкердің еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлікте жүру қауiпсiздiгi ережелерін, жарақат алу мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн болатындай бұзуы; жұмыс орнында заңды күшiне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған мүлiктi ұрлауы (соның iшiнде ұсақ заттарды) жатады;"; 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: "11) тәрбиешілiк мiндеттi атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастырумен сыйыспайтын жат қылық жасаған; 12) қызметкерге еңбек мiндеттерiн атқаруымен байланысты белгiлi болған мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария еткен;"; 14) тармақшадағы "қайта алынған" деген сөздерден кейін ";" белгісi қойылып, "жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн." деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын: "15) қызметкерге мемлекеттік құпияларға рұқсат беру тоқтатылған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн."; 1-тармақта: "1) және 2) тармақшаларында" деген сөздер "1), 2), 5) және 7) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктермен толықтырылсын: "Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шартын: 1) осы Заңның 26-бабының 1), 5), 8), 9), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүкті әйелдермен, бiр жарым жасқа дейiнгi баласы бар әйелдермен (растайтын құжаты болған жағдайда); 2) осы Заңның 26-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде бұзуға жол берiлмейдi. Қызметкердің орындалатын жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша сәйкес келмеуi салдарынан оның еңбек мiндеттерін тиiсiнше орындауға кедергi жасайтын еңбек қабiлеттiлiгi ұдайы төмендеген кезiнде, не егер еңбек мiндеттерiн орындау қызметкердiң өзіне терiс әсер ететін немесе айналасындағылар үшiн қауiптi болса, еңбек шарты бұзылуы мүмкін. Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша еңбек мiндеттерiн орындауды жалғастыруға мүмкiндігі болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен расталуға тиіс."; мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын: "4. Осы Заңның 26-бабының 3) тармақшасына сәйкес қызметкердi жұмыстан шығаруға негiз болатын аттестаттау жүргiзген кезде аттестаттау комиссиясының құрамына мiндеттi түрде сол ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiнен комиссия мүшесi енгiзiледi. 5. Кәсіподақ мүшесi болып табылатын қызметкермен еңбек шартын осы Заңның 26-бабының 2), 3), 8) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзу, сол ұйымның кәсіптiк одақ органының дәлелдi пікірi ескерiле отырып жүргiзiледi."; 19) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: "28-бап. Жеке еңбек шартының қызметкердің бастамасы бойынша бұзылуы 1. Қызметкер жеке еңбек шартын бұзатындығы туралы кемiнде бiр ай бұрын жұмыс берушiге жазбаша түрде ескерте отырып, оны бұзуға құқылы. Ескерту мерзiмi бiткен соң қызметкер жұмысын тоқтатуға құқылы. Жұмыс берушi жұмыстың соңғы күнi қызметкердің талап етуi бойынша еңбек кiтапшасын және оның басқа да құжаттарын беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен ұжымдық шартқа сәйкес оған тиесiлi барлық сомалар төлемiн жүргізуге мiндетті. 2. Тараптардың келісімi бойынша жеке еңбек шарты ескерту мерзiмi бiткенге дейiн бұзылуы мүмкiн."; 20) 29-баптың екiншi бөлiгіндегі ", бiрақ үш айдан аспайтын уақыт" деген сөздер "бiрақ алты айдан аспайтын уақыт" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) жұмысқа алкогольден, есiрткiден, уыттанудан масаң күйде келген немесе жұмыс күнi iшiнде осындай масаң жағдайды туғызатын затты пайдаланған;"; 4) тармақшадағы "тексеруден өтпеген" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "қызметкердi жұмыстан шеттетуге мiндетті." деген сөздер алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) авариялық жағдайға ұшыратуға, еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгiнiң не көлiктегi қозғалыс қауiпсiздiгiнің ережелерiн бұзуға әкеп соқтыруы мүмкiн ic-әрекеттер жасаған қызметкерді жұмыстан шеттетуге мiндеттi."; 4-тармақ "анықталғанға" деген сөзден кейiн "және (немесе) жойылғанға" деген сөзбен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Бiр немесе бiрнеше жұмыс берушi (олардың өкiлдерi) және бір немесе бiрнеше қызметкерлердiң өкiлдерi ұжымдық шарттар жасасу мақсатымен келiссөздер жүргiзедi. Ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келiссөздердi бастау туралы ұсыныспен екiншi тараптан хабарлама алған тарап он күн мерзiм iшiнде оны қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндeттi."; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Ұйымда бiрнеше кәсiптiк одақтар болған кезде олар келіссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оған қол қою үшiн бiрыңғай өкілдi орган құра алады. Бұл ретте олардың әрқайсысына бірыңғай орган құрамында келіссөздер жүргізу жөнінде өздері аттарынан өкілдік етілетін кәсіптік одаққа мүше қызметкерлер санына тепе-тең өкілдік принципі негізде өкілдік етуге құқық беріледі. Кәсiптiк одақтың мүшесi болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушімен өзара қарым-қатынаста өз мүдделерін бiлдiру үшін кәсіподақ ұйымының органына да, сол сияқты өзге де өкiлдерге уәкiлеттік беруге құқылы."; 23) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Ұжымдық шартта білім беру ұйымдарын бiтiрушiлер қойылатын біліктілiк талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды жұмысқа қабылдау туралы талап болуы мүмкiн."; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "34-бап. Ұжымдық шартты әзiрлеудiң, жасасудың және мониторингінiң тәртібі"; мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын: "1-1. Ұжымдық келіссөздер тараптары ұжымдық келiссөздер жүргізу үшін қажеттi өздерiнде бар ақпаратты бiр-бiрiне ұсынуға тиіс. 1-2. Келiссөздерге қатысушылар алынған мәлiметтердi, егер бұл мәлiметтер мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, жария етуге құқылы емес. 1-3. Егер тараптар ұжымдық келiссөздер барысында қаралып отырған кейбір мәселелер бойынша келісімге келе алмаса, реттелмеген мәселелер келiспеушiлiктер хаттамасына енгiзіледi және олар бұдан кейiнгi келiссөздердiң нысанасы болуы мүмкін. 1-4. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг жүргізу үшін жұмыс берушi бір ай мерзімде еңбек жөнiндегі уәкiлетті мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесіне беруге мiндетті."; 2-тармақ "өкiлдерi" деген сөзден кейiн "күнтiзбелiк он күн ішінде" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Ұжымдық шарттың күші ұжымдық шартқа өз атынан қол қойған қызметкерлерге қолданылады."; 5-тармақтағы "Ұйымның меншік иесi ауысқан" деген сөздер "Ұйымның меншiк иесі және мүлкi ауысқан" деген сөздермен ауыстырылсын; 26) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын: "35-1-бап. Ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келiссөздерге қатысушыларға берiлетін кепiлдiктер 1. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегі келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргізiлген уақытқа орташа айлық жалақысы сақтала отырып еңбек мiндеттерін орындаудан босатылады. Осы мерзiм олардың еңбек стажына енгізiледi. 2. Жұмыс берушi ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келiссөздердi жүргізу үшін қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi."; 27) 46-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы "зиянды" деген сөз "зиянды (өтe зиянды)" деген сөздермен ауыстырылсын; 28) 47-баптың бiрiншi бөлігіндегі "жұмыстың ерекшелiгін, еңбек ұжымының пікiрiн ескерiп" деген сөздер "қызметкерлердiң өкiлдерiмен келісе отырып," деген сөздермен ауыстырылсын; 29) 48-баптың 2-тармағы "олардың" деген сөзден кейiн "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын; 30) 49-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Мерзiмнен тыс жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер мен жүкті әйелдер жiберiлмейдi. Мүгедектер, жеті жасқа толмаған баласы (он алты жасқа толмаған мүгедек баласы) бар әйелдер мерзiмнен тыс жұмыстарға олардың жазбаша келісімiмен тартылады."; 31) 50-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте мерзiмнен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығы аптасына төрт сағаттан, aл ауыр дене еңбегі мен еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда аптасына екi сағаттан аспауға тиiс."; 32) 53-баптың 3-тармағындағы "жұмыс берушінiң актілерінде белгiленедi" деген сөздер "қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс берушiнiң актілерінде немесе ұжымдық шартта белгiленедi" деген сөздермен ауыстырылсын; 33) 54-бап мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын: "Бiр жарым жасқа толмаған баласы бар жұмыс iстейтін әйелдерге демалу мен тамақтану үшiн берiлетін үзілістен басқа, баланы тамақтандыру үшiн кемiнде жұмыстың әрбір үш сағаты сайын ұзақтығы отыз минуттан кем болмайтын қосымша үзіліс беріледі. Бiр жарым жасқа толмаған екi немесе одан да көп баласы болған жағдайда қосымша үзiлiстiң ұзақтығы кемiнде бір сағат болып белгiленедi. Баланы тамақтандыру үшiн берiлетiн үзiлiстер жұмыс уақытына қосылады және ақы төлеуге жатады."; 34) 56-баптың 3-тармағының үшінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын: "Егер ұжымдық және жеке еңбек шарттарында өзгеше көзделмесе екi демалыс күнi де қатарынан берiледі."; 3-тармақтағы "өзгеше" деген сөз "көп күн" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы еңбек жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттік орган белгілейтiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзбесiне сәйкес ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және қауiпті (өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге беріледі. Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша демалыста жүрген қызметкердi осы демалыстан керi шақыртуға болмайды."; 2-тармақтың 3) тармақшасындағы "расталған уақыт" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "қосылады." деген cөз алып тасталсын және тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгiленген тәртiппен жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт қосылады."; 3-тармақ алып тасталсын; 4-тармақ алып тасталсын; 37) 67-баптың тақырыбы мен мәтініндегі "бір жарым" деген сөздер "үш" деген сөзбен ауыстырылсын; 38) 69-баптағы "берілуi мүмкiн" деген сөз "беріледі" деген сөзбен ауыстырылсын; 39) 70-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Жұмыс беруші қызметкерлерге қойылатын біліктiлiк талаптары мен жұмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң күрделілігін жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы негізінде белгілейдi. Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен оларды қолданудың тәртібін еңбек жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайды. Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгілi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшін белгiленетін үлгілік біліктiлiк талаптарына сәйкес дербес жүргізедi."; 40) 74-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Жұмыс берушінiң кінәсінен болған iркiлiс уақытына ақы төлеудiң тәртібі мен талаптары жеке еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен айқындалады және ол орташа айлық жалақының елу процентінен кем болмайтын мөлшерде белгiленедi."; 41) 75-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшіншi бөлікпен толықтырылсын: "Еңбектiң үлгілiк (бiрыңғай) нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімiмен оларды бекiткен органдар жүзеге асырады."; 42) 76-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жалақы ақша нысанында және келесi айдың бiрiншi он күндігінен кешіктiрiлмей төленеді. Жалақы төлеу күнi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда көзделедi."; 43) 77-баптың 1-тармағындағы ", жұмыс берушінiң актілерінде" деген сөздер алып тасталсын; 44) 79-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Қызметкердің жалақысын бiр немесе бiрнеше атқарушы құжаттар бойынша өндiрiп алған кезде оның жалақысының кемiнде елу проценті сақталуға тиiс."; 45) 80-бап мынадай редакцияда жазылсын: "80-бап. Қызметкердiң мемлекеттік және қоғамдық мiндеттердi орындауы кезіндегі кепiлдiктер Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттік және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына жұмыстан босатады."; баптың тақырыбы "қызметкерлерге" деген сөзден кейін "және донорларға" деген сөздермен толықтырылсын; "қызметкердің" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ донордың тексерiлетiн және қан құю үшiн қан тапсыратын күндерінде" деген сөздермен толықтырылсын; 47) 82-бап "сақталады" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тараптардың келісімiне сәйкес басқа да шығындар өтеледi" деген сөздермен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |