|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 және Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 53-жолмен толықтырылсын: "51. "Азаматтық авиация академиясы" АҚ (Алматы қаласы) 80 %"; 2) "Азаматтық авиация академиясы" мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулысында: 2-тармақтағы 4) тармақша алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |