|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1001 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтердi қайта теңдестiру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне арналған тарифтерде: реттiк нөмiрi 1.1-жолдың 2-бағаны «негiзгi» деген сөзден кейiн «/қосарланған» деген сөзбен толықтырылсын; реттiк нөмiрi 1.1.1-жолда: 1) тармақшаның 3-бағанындағы «440» деген сандар «440/345» деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшаның 3-бағанындағы «248» деген сандар «248/208» деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 1.1.2., 1.1.3., 1.2.1., 1.2.2., 1.2.3-жолдарда 3-бағандағы «674», «1093», «219», «541», «874» деген сандар тиiсiнше «674/535», «1093/874», «219/154», «541/426», «874/702» деген сандармен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 1.2-жолдың 2-бағаны «бiр» деген сөзден кейiн «негiзгi/қосарланған» деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрi 2-жолдың 2-бағанындағы «әрбiр толық және толық емес минуты» деген сөздер «әрбiр толық және толық емес 10 секунды» деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 2.1., 2.2., 2.3-жолдарда 3-бағандағы «9,0», «14,3», «24,2» деген сандар тиiсiнше «1,50», «2,38», «4,03» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |