|
|
|
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігіне аккредитивтер ашу Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Республикалық бюджет комиссиясының: 1) Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігіне 011 "Білім және ғылым объектiлерiн салу және қайта жаңғырту" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша "СУС" ЖАҚ-пен жасалған 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 540 шарт, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы оған қосымша келісім бойынша және "ҚазТрансҚұрылысСервис" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 28 ақпандағы шарт, 2004 жылғы 19 желтоқсандағы оған қосымша келісім бойынша; 105 "Республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерiн әзiрлеу және сараптама жасау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша "Ақ Таң" экономикалық және маркетингтiк зерттеулер орталығы" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1202 шарт, 2004 жылғы 19 желтоқсандағы оған қосымша келісім бойынша, "Интерқұрылыс+" ЖШС-мен жасалған 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 1197 және 2004 жылғы 14 желтоқсандағы № 1227 шарттар, 2004 жылғы 14 желтоқсандағы оларға қосымша келісімдер бойынша аккредитивтер (бұдан әрi - аккредитивтер) ашу туралы; 2) аккредитивтердiң қолданылу мерзiмдерiн 2005 жылғы 15 наурызға дейiн ұзарту туралы ұсынысына келісім берілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен аккредитивтер ашсын және оларды ұзартсын. 3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |