|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектілерi мен басқа да әскери мүлкiн беру, мүлiктiк жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының қару-жарағын, әскери техникасын, қорғаныс объектiлерi мен басқа да әскери мүлкiн беру, мүлiктiк жалдауға беру (жалға беру), сату және пайдаға асыру ережесінде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) пайдаға асыру өнiмдерi - әскери мүлiктi пайдаға асыру нәтижесiнде алынған мүлiк.»; 60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «60. Қару-жарақ, әскери техника мен пайдаға асыру өнiмдерi заңды және жеке тұлғаларға тек оларда тиiстi қызмет түрлерiне лицензиялары болған кезде сатылуы мүмкiн.«; 68-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: «Бұл ретте оқ-дәрiлердi пайдаға асыру өндiрiсi үшiн олардың оқ-дәрiлердi пайдаға асыру өнiмдерiн сату жөнiнде қызметтер көрсетуi мiндеттi шартымен заңды тұлғалар тартылуы мүмкін.»; 71-тармақтағы «пайдалану» деген сөз «сату» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |