"Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 12 Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметіне жүргізілетін тексерулерді есепке алуды бұдан әрі қарай жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 12 "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 2744 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2004 жылы, № 13-16, 916 бабы жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне жүргізілген барлық тексеруді ақпараттық есепке алу құжаттарын тапсыру, тіркеу және жүргізу туралы" Нұсқаулыққа: 7 тармағы: бірінші абзац келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Тексеру тек осы актіде көрсетілген мәселелер бойынша жүргізіледі"; екінші абзацтағы "оларды шығару күні" сөздері жойылсын. 9 тармақ келесі редакцияда баяндалсын: "Тексеру жүргізудің басы ретінде тексеруді тағайындау туралы актіні ұсыну кезі болып табылады. Тексеру аяқталған болып тексеру нәтижесі туралы құжаттың ұсынылған күні табылады". 9) тармақшадағы ";" белгісі "." белгісімен ауыстырылсын; 10) тармақша алынсын. "заңдармен, Президент және Үкімет актілерімен" сөздері "нормативтік құқықтық актілерімен" сөздерімен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|