Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына
ҚР Денсалық сақтау министрінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 97 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. "Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы № 458 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2391 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасында: 1. Дәрігерлік лауазымдар номенклатурасы бөлімінде: 6-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 160, 161-тармақтармен толықтырылсын: "160. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер 161. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер;"; 2. Дәрігерлік мамандықтардың номенклатурасы бөлімінде: мынадай мазмұндағы 141, 142, 143-тармақтармен толықтырылсын: "141. Денсаулық сақтау менеджер-дәрігері 142. Сот-наркологиялық сарапшы дәрігер 143. Әуе және ғарыш медицинасы жөніндегі дәрігер.". 2. "Денсаулық сақтау кадрларына жататын жоғары және орта білімді медицина, фармацевтика, ғылыми, ғылыми-педагогика, педагогика, инженерлік-техника қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 463 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2404 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|