|
|
|
"2005 жылғы астықты мемлекеттік сатып алу туралы" (ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 719 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Республиканың азық-түлiктiк қауiпсіздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар астық рыногын жедел реттеу мақсатында және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 2005 жылғы егiннiң азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығын мемлекеттік астық ресурстарына мемлекеттік сатып алу көлемi республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екі жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 549999 (бec жүз қырық тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) тоннаға дейiнгі көлемде белгіленсiн, бұл ретте: ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 719 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара ) 1) 2005 жылғы 25 шiлдеге дейiнгі мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы: есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 11288 (он бiр мың екi жүз сексен сегiз) теңге баға бойынша 4094680000 (төрт миллиард тоқсан төрт миллион алты жүз сексен мың) теңге сомасына 362747 (үш жүз алпыс екi мың жетi жүз қырық жетi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы; ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 719 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара ) 2) күзде тiкелей сатып алу арқылы: есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко элеватор шартымен 11288 (он бір мың екі жүз сексен сегiз) теңге баға бойынша 2113702000 (екi миллиард бiр жүз он үш миллион жетi жүз екi мың) теңге сомасына 187252 (бiр жүз сексен жетi мың екi жүз елу екi) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы. 2. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамына кредит ресурстарын тарту есебiнен 2000000 (екi миллион) тоннаға дейiнгі көлемде бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары астығын мемлекеттік сатып алуды қосымша жүзеге асыру ұсынылсын. 3. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы 2005 жылы оларды сатып алудың Қазақстан Республикасының азық-түліктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік ресурстарға астықты мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметтер, мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетушi болып белгiленсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ә. Үмбетовке жүктелсiн. 5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |