|
|
|
"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) көрсетiлген қаулыға 274-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында: реттiк нөмiрi 2-жолдың 3) тармақшасында: "10000 дана лицензия бланкілерін" деген сөздерден кейiн "дайындау жөніндегі қызметтердi" деген сөздермен толықтырылсын; "200 дана лицензия бланкiлерiн" деген сөздерден кейiн "дайындау жөніндегі қызметтердi" деген сөздермен толықтырылсын; реттiк нөмiрі 6-жол ", 2 бiрлiк дербес компьютер" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулыға 275-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанының реттiк нөмірі 1-жолында: мемлекеттік тiлдегі мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын; 3) тармақшада: "694" деген сандар "212" деген сандармен ауыстырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын; 4) тармақша алынып тасталсын; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10) күтпеген шығындар;"; мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: "12) "Глубокий" кенiшiнен Кентау қаласының оңтүстiк-батыс ауданына су төкпе қазбасы."; 3) көрсетiлген қаулыға 289-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының реттiк нөмiрi 1-жолында: 2-тармақтың 3) тармақшасында "2-шi кезектегi құрылыс үшiн жоба-сметалық құжаттама" деген сөздер "Ақпараттық технологиялар паркiнiң бас жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Ақпараттық технологиялар паркiнiң бас жоспарын әзiрлеу;". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |