|
|
|
Жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі N 154-XIII Заңы (ҚР Президентінің 25.12.95 ж. N 2725 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 22.12.98 ж. N 327-1; 29.03.00 ж. N 42-II; 16.03.01 ж. N 163-II; 16.07.01 ж. N 244-II; 19.02.02 ж. N 295-II; 10.07.02 ж. N 338-II; 09.08.02 ж. N 346-II; 09.07.04 ж. N 592-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды I-бөлiм. Жалпы ережелер (1 - 5 баптар) II-бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге (6 - 9 баптар) асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары III бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу (10 - 16 баптар) IV бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге (17 - 19 баптар) асырушы органдардың өзара iс-қимылы V бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай және (20 - 21 баптар) материалдық-техникалық қамтамасыз ету VI бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн (22 - 23 баптар) әлеуметтiк және құқықтық қорғау VII бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау (24 - 25 баптар) және қадағалау Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi. I-бөлiм. Жалпы ережелер 1-бап. Жедел-iздестiру қызметi Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың (*) өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар (**) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-iздестiру, ұйымдық және басқару шараларының ғылыми негiзделген жүйесi. (*). Ескерту. Бұл заңда азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, республикада тұрақты немесе уақытша тұратын немесе оның аумағына келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар айтылып отыр. (**). Ескерту. Бұдан әрi - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар. 2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi: - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн және меншiктi (нысандарына қарамастан) заңға қарсы қол сұғулардан қорғау; - қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу; - қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу; - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жазадан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру; - шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау; - Қазақстан Республикасы Президентiнiң және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - мемлекеттiк шекараны күзетудi қамтамасыз ету; - мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпия мағлұматтардың сақталуын қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға (меншiк нысандарына қарамастан) жәрдемдесу; - бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау; - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. 3-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң қағидаттары Жедел-iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР 09.08.02 ж. N 346-II Заңымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi 1. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары құрайды. 2. Республика Бас Прокурорының келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн қалыптық құжаттар шығарады. 5-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау 1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi. 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, судья өзiнiң дәлелдi ұйғарымымен, ал прокурор ескертуiмен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады. 4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап ету бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтардан басқа барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi. 5. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижесiнде алынған адамның жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, егер оларда заңмен тыйым салынған iс-әрекеттер жасағаны туралы хабарлама болмаса, сақталмайды және жойылуға тиiс. II бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары ҚР Президентінің 25.12.95 ж. N 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 16.03.01 ж. N 163-II; 16.07.01 ж. N 244-II; 10.07.02 ж. N 338-II; 09.07.04 ж. N 592-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды 6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн: б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары; в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; г) қаржы полициясының органдары; д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi; и) Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары; к) кеден органдары жүзеге асырады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi тек қана заңмен өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн. ҚР 16.03.01 ж. N 163-II Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар; а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға; б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға; в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға; г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға; д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. ҚР 29.03.00 ж. N 42-II; 16.03.01 ж. N 163-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың құқықтары 1. Жедел-iздестiру қызметi мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар: а) өз құзыретi шегiнде осы заңның 11-бабында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге; б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға құпия көмек көрсетуге келiсiм берген адамдармен тегiн немесе ақылы негiзде ынтымақтастық қатынас орнатуға; в) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға; г) жедел-iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға; д) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй-жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға; е) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға; ж) меншiк нысандарына қарамастан басқа министрлiктердiң, ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешу үшiн мәнi бар хабарламаларын, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға; з) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға; и) осы заңның 11-бабында көзделген жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге; к) қылмысты топқа жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қызметкерiн немесе, жеке өздерiне қатысты шынайы деректердi құпия сақтай отырып онымен ынтымақтастық жасап жүрген адамды енгiзуге; л) қылмысы iс-әрекетке елiктей мiнез-құлық үлгiсiн қолдануға; м) қылмыстарды, сондай-ақ оған қатысты адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында қылмысты әрекеттерде қолданылатын және Қазақстан Республикасы аумағында тасуға, шетке тасуға немесе шеттен тасып әкелуге арналған тауарлардың, заттардың және өзге де материалдық құндылықтардың жеткiзiлуiне жедел бақылау жасауға; н) қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы. 2. Ведомстволардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың (меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмдерi мен құрамалары лауазымды адамдарының осы Заңда көрсетiлген органдарға өздерiнiң құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруына кедергi жасауға құқығы жоқ. 9-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi 1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады. 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi. III бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу ҚР Президентінің 25.12.95 ж. N 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 16.03.01 ж. N 163-II; 16.07.01 ж. N 244-II; 10.07.02 ж. N 338-II; 09.08.02 ж. N 346-II; 09.07.04 ж. N 592-II Заңдарымен 10-бап өзгертілді және толықтырылды 10-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi 1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн: а) қозғалған қылмысты iстiң болуы; б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен: - әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық; - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар; - азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң табылуы; - шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi туралы хабарламалар; в) өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша тергеушiнiң жазбаша тапсырмалары және прокурордың нұсқаулары, сондай-ақ соттың ұйғарымдары; в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың қаулылары; г) құқықтық көмек туралы шартқа (келiсiмге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары; д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне орай барлау ақпараттарын алу қажеттiгi жөнiндегi хабарламалар негiз болады. 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттiк органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi: - iшкi iстер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы; - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде; - мемлекеттiк құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы; - жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы; - жеке детективтiк және күзет қызметiмен айналысуға рұқсат берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы. 3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн. ҚР 19.02.02 ж. N 295-II; 09.08.02 ж. N 346-II Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Жедел-iздестiру шаралары 1. Жедел-iздестiру шаралары - бұл жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың өз құзыретi шегiнде осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуге бағытталған iс-әрекеттерi. 2. Жалпы жедел-iздестiру шаралары мыналар: - азаматтарға, лауазымды адамдарға сауал-сұрақ қою, олардан хабарламалар алу; - азаматтар жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне пайдалану; - қызметкерлердi қылмысты ортаға енгiзу; - қылмысты iс-әрекетке елiктеу мiнез-құлық үлгiсiн қолдану; - астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру; - берiлетiн өнiмдерге жедел бақылауды жүзеге асыру; - арнаулы техникалық құралдарды қолдану; - мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың (олардың бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан) есептерi бойынша анықтамалар мен тексерулер жүргiзу; - зерттеу үшiн сынамалар мен үлгiлер iрiктеп алу; - бақылау үшiн сатып алу; - iздеу-қызмет иттерiн пайдалану; - белгiлерi бойынша жеке адамды iздеу және ұқсастыру; - ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу; - құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу; - қылмыс жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау; - ұсталған адамдарды жеке тексерудi, қылмысты iс-әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алуды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi жүзеге асыру; - қарулы қылмыскерлердi қолға түсiру жөнiнде операциялар жүргiзу; - жедел, қылмыстар есептерi және қылмыстық тiркеу жүйелерi бойынша тексеру болып табылады. 3. Арнаулы жедел-iздестiру шаралары мыналар: - сотталғандардың хат-хабарын цензуралау; - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау; - байланыстың почта, телеграф арналарында сыртқы белгiлерi бойынша жедел iздеулер; - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; - телефонмен және өзге сөйлесулердi тыңдау; - байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламалар алып тастау; - соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), жеке адамның өмiрiне, денсаулығына және айналадағы ортаға зиянын тигiзбейтiн заттарды және материалдарды пайдалана отырып байқау; - тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру. ҚР Президентінің 25.12.95 ж. N 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 16.03.01 ж. N 163-II; 16.07.01 ж. N 244-II; 19.02.02 ж. N 295-II; 10.07.02 ж. N 338-II; 09.08.02 ж. N 346-II;; 09.07.04 ж. N 592-II Заңдарымен 12-бап өзгертілді және толықтырылды 12-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу шарттары 1. Адамдардың азаматтығы, жынысы, ұлты, тұрғылықты жерi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататындығы, дiнге қатынасы мен саяси сенiмi, егер заңмен өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында оларға қатысты жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге кедергi бола алмайды. 2. Осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар жүргiзедi және бұл шаралар олардың құзыретi шегiнде шектеледi. Ішкі істер органдары осы Заңның 11-бабының 2-тармағында тізіп көрсетілген жедел-іздестіру шараларын Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, ал Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің органдары - Ішкі істер министрлігінің тергеу изоляторларында жүзеге асыруға құқылы. Осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын: а) ішкі істер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, қаржы полициясы және кеден органдары - сотталғандардың хат-хабарларын цензуралау; посылка және бандероль түрiнде почта жөнелтiлiмдерiне бақылау жасау; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; компьютер жүйелерiнен және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып-тастау; байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру; б) ұлттық қауiпсiздiк органдары - почта жөнелтiлiмдерiн бақылау; байланыстың почта-телеграф арналарында сыртқы белгiлерi бойынша жедел iздестiру; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және өзге техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау, байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және жайларға, үйлерге, ғимараттарға жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру; в) жедел қамтамасыз ету объектiлерiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлауы мен Президентiнiң Күзет қызметi байқау, соның iшiнде арнаулы техникалық құралдарды (дыбыс-бейне жазбаларды, кино-сурет түсiрiлiмдерiн және басқа техникалық құралдарды), материалдар мен заттарды пайдалана отырып байқау; тұрғын және басқа жайларға, үйлерге, ғимараттарға, жер учаскелерiне, көлiк және өзге техникалық құралдарға кiру және оларды тексеру; бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздердi жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргiзiлетiн сөйлесулердi тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргiзiлген сөйлесулер туралы мәлiметтер алу; байланыстың техникалық арналарынан, компьютерлiк жүйелерден және басқа да техникалық құралдардан хабарламаларды алып тастау iсiн жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, Ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдары мен Президентiнiң Күзет қызметi қажет болған жағдайда осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген арнаулы шараларды ұйымдастыру мен жүргiзуде өзара жәрдемдесуге мiндеттi. 6-бапта көрсетiлген барлық органдардың мiндеттерi шешу мүддесiне орай телекоммуникациялар желілері мен байланыстың почта арналарын пайдалануына орай арнаулы жедел-iздестiру шараларын техникалық жағынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары жүзеге асырады, бұл үшiн оларға қажеттi күштер мен қаржы бөлiнедi. 3. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге құқығы бар қызметтердiң, бөлiмшелердiң және қызметкерлер санаттарының тiзбесiн жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың басшылары белгiлейдi. 4. Заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеүшілік, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтiлiмдерi құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйдi қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жедел-iздестiру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты топтар әзiрлеп жатқан және жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшiн прокурордың рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Мұндай шараларды жүргiзуге рұқсатты жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдардың қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының бас прокуроры, оның орынбасарлары, республиканың әскери прокуроры, облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар бередi. 5. Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, шет мемлекеттер мен шетел ұйымдарының арнаулы қызметтерiнiң, сондай-ақ терроризмнің барлау-бүлдiру мақсатында қол сұғушылықтарын анықтау, алдын алу және болдырмау мақсатында тек қана барлау хабарламасын алу үшiн осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шаралары Қазақстан Республикасының бас прокурорымен келiсiлген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |