|
|
|
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына арналған ведомстволық статистикалық есеп беру нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 ж. 22 қазандағы N 118 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.09.02 ж. N 356 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi: 1. "Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының есеп беру тәртiбi туралы" Нұсқау бекiтiлсiн. 2. Нұсқаудың орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу басқармасына жүктелсiн. Ұлттық комиссияның Төрайымы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысымен бекiтiлдi Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының есеп беру тәртiбi туралы НҰСҚАУ Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының қызметтерiне бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында жасалған, Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының есеп беру тәртiбi туралы нұсқау (бұдан әрi - Нұсқау) есеп беру, оларды Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссияда қарау және қабылдау тәртiбiн айқындайды. ҚР ҰБ Басқармасының 02.09.02 ж. N 356 қаулысына сәйкес N 1 "Брокерлік-дилерлік қызметтің қорытындылары туралы есеп" және N 3 "Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі есеп" нысандары алынып тасталды I. Жалпы ережелер 1.1. Нұсқау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу туралы ережеге", "Орталық депозитарий туралы ережеге", "Қазақстан Республикасындағы кастодиандық қызмет туралы ережеге" және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк актiлерiне сәйкес жасалды. 1.2. Осы нұсқаудың күшi бағалы қағаздар рыногында кәсiпқой қызметтi жүзеге асыруға Ұлттық комиссия берген лицензиясы бар заңды тұлғаларға жүредi. II. Есептi берудiң және қабылдаудың тәртiбi 2.1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң қорытындылары туралы есеп (бұдан әрi - есеп) Ұлттық комиссияға тоқсан сайын келесi тоқсанның бiрiншi айының 30-күнiнен кешiктiрiлмей берiледi. Ұйымдасқан рыноктар ай сайын N 2 үлгi бойынша бiрыңғай есеп бередi. Бағалы қағаздар рыногының ұйымдасқан рыноктары және биржадан тыс рыноктың котировкалау жүйелерi бiрiншi басшы, бас бухгалтер қол қойған және заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған баланс пен жеке капиталының мөлшерiн растайтын құжатты тоқсан сайын тапсырады. 2.2. Есептi қарау үшiн: - заңды тұлғаның бiрiншi басшысы қол қойған, лицензия түрi мен оның реквизиттерi көрсетiле отырып еркiн нысанда жасалған жолдама хатты; - қызметтiң белгiлi бiр түрi бойынша тиiстi үлгiге сәйкес жасалған есептi (екi дана); - брокерлiк кеңселердегi (ұйымдасқан рыноктар үшiн) саудаластыққа тiркелгендердiң және қатысушылардың тiзiмдерi; - жылдық есеп тапсыру кезiнде - жылдық лицензиялық алымды төлеу туралы тапсырыстардың көшiрмелерiн; - балансты және шаруашылық субъектiсiнiң есептi мерзiм iшiндегi жеке капиталының мөлшерiн растайтын шаруашылық субъектiсiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған мөрiмен куәландырылған құжатты тапсыру қажет. 2.3. Қаржы жылы аяқталғанда аудиторлық қорытындымен расталған жылдық баланс пен балансқа қосымшаларды (ЕҚЖЖ бойынша N 2 және N 3 үлгiлер), жеке капиталдың мөлшерiн растайтын құжатты тапсыру керек. 2.4. Құжаттарды тапсыру кезiнде есептiң бiр данасы Ұлттық комиссияның штампы қойылып, кәсiпқой қатысушыға қайтарылады. 2.5. Ұлттық комиссия есеп келiп түскен күннен кейiнгi күннен бастап 30 күн iшiнде есептi қабылдап, қарайды. Ескертулер болса Ұлттық комиссия анықталған жолсыздықтар туралы кәсiпқой қатысушыға хабарлайды және оларды жою қажеттiлiгiн ескертедi және қажет болған жағдайда оның қызметiне тексерiс жүргiзедi. III. Қорытынды ережелер 1. Есептi қарау кезiнде Ұлттық комиссия кәсiпқой қатысушыдан оның бағалы қағаздар рыногындағы қызметiнiң ерекшелiктерiне қатысты қосымша құжаттарды талап етуге құқықты. 2. Есепке қол қойған басшы мен бас бухгалтер оның мазмұнындағы мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн тиiстi заңдарға сәйкес жауап бередi. 3. Кәсiпқой қатысушылар есептерiн бермесе немесе есептерiнде нақты емес мәлiметтер көрсетсе Ұлттық комиссия лицензия күшiн кiдiртуге құқықты.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |