|
|
|
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Жарлығы Осы редакция 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13-III ҚР Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Қазақстан Республикасының Президентiне және жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген адамдардың әлеуметтiк қорғалу деңгейiн арттыру, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесiн айқындау мақсатында осы Жарлықты шығарамын. Ескерту: Әрi қарай текст бойынша - соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi. I ТАРАУ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы заңдар осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының осы саладағы қатынастарды реттейтiн басқа заңдық және нормативтiк актiлерiнен тұрады. 2-бап. Осы Жарлықтың қолданылу орны мен аясы Осы Жарлықтың күшi Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бұрын қабылданған заң актiлерiне сәйкес құқықтар мен жеңiлдiктердi осы Жарлық күшiне енгiзiлгенге дейiн пайдаланып келген соғысқа қатысушыларға, соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға осы Жарлық күшiне енгiзiлгеннен кейiн көшiп келген азаматтарға және кейiннен соғысқа қатысушы, соғыс мүгедегi және соларға теңестiрiлген адам мәртебесi белгiленетiн азаматтарға қолданылады. 3-бап. Жеңiлдiктер туралы заңдарды бұзғандығы үшiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға осы Жарлықта көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдiктердiң берiлуiн шектеген, оның берiлуiне немесе жүзеге асырылуына кедергi жасаған мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ меншiк нысаны мен шаруашылықты жүргiзу нысанына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi. 4-бап. Халықаралық шарттар мен келiсiмдер Егер Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шартта немесе келiсiмде соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар жөнiнде жеңiлдiктер мен кепiлдiктердiң ауқымы осы Жарлықта көзделгендегiден кең немесе басқадай нормада белгiленген болса, онда халықаралық шарт яки келiсiм нормалары қолданылады. II ТАРАУ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесi 5-бап. Ұлы Отан соғысына қатысушылар Бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi соғысқа қатысушылар деп танылады. 6-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар деп мыналар танылады: қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары; Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар; Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар; екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар; Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi; қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар; екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары; басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер; 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы 16.06.97 г. N 134-I Заңымен. 7-бап. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi Бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, партизандар мен астыртын күрес жүргiзушiлер қатарында болған адамдар, сондай-ақ бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезiнде майданда, ұрыс қимылдары жүргiзiлген аудандарда, майдан маңындағы темiр жол учаскелерiнде, қорғаныс шептерiн, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар салу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлер соғыс мүгедектерi деп танылады. 8-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар деп мыналар танылады: бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер; әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар; 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар; басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары. 9-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары деп мыналар танылады: 1. Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасылары, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, осы Жарлықтың 5,6,7 және 8-баптарында көрсетiлген адамдардың отбасы; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы; бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы; Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы; бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы; Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы. Жеңiлдiкке құқық берiлетiн отбасы мүшелерiне мыналар жатады: қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандар; қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай). 2. Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi); 3. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда. 4. 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер. 5. Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi. 9-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 16.06.97 г. N 134-I Заңымен. 10-бап. Соғысқа қатысушының, соғыс мүгедегiнiң және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесiн белгiлеу Соғысқа қатысушының, соғыс мүгедегiнiң және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесi осы Жарлыққа сәйкес анықталады және Ұлы Отан соғысы жылдарында, бұрынғы КСР Одағын қорғау жөнiндегi ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия қатарында болғанын, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқанын, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың, әскери билеттердiң, жараланғаны, мүгедектiгi туралы анықтаманың, сот-медицина қорытындыларының негiзiнде белгiленедi. Осы құжаттардың негiзiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары соғысқа қатысушының куәлiгiн, ал соғыс мүгедегiнiң куәлiгiн - Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары бередi. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген адамдардың зейнеткерлiк құжаттарына белгi соғылады. III ТАРАУ Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiне және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер 11-бап. Соғысқа қатысушыларға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер Соғысқа қатысушыларға әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде мынадай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi: 1. Егер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж деп танылса және бұрын бiрiншi кезектi пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергiлiктi атқарушы органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар, оларды бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етедi. 2. Тұрғын үй-құрылыс және басқа да кооперативтерге (серiктестiктерге) бiрiншi кезекте кiру құқығын иеленедi. 3. Жеке тұрғын үй салу үшiн бiрiншi кезекте жер учаскелерiн және төлем қабiлетiн ескере отырып, жинақ несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқын иеленедi. 4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне үй салу үшiн төлем қабiлетiн ескере отырып несие-жинақ шоттарында бастапқы қоры болмаса да 30 жылға бес проценттiк жеңiлдiктi кредитпен несие алу құқығын иеленедi. 5. Мемлекеттiк және ұжымдық тұрғын үй қорының үйлерiндегi өзi тұрып жатқан пәтерлерi осы Жарлықтың 17-бабында белгiленген тәртiппен жеке меншiгiне берiледi. 6-8. 9. Соғысқа қатысушылар басқа тұрғын үй берiлмейiнше қызмет бабындағы тұрғын үйден шығарылмайды. 10. Бау өсiретiн серiктестiктердiң мүшелерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бау үйлерiн сатып алуға және салуға, бау учаскесiн көркейтуге жеңiлдiктi шарттар негiзiнде несие алу құқығын иеленедi. 11. Бау өсiретiн серiктестiктерге (кооперативтерге) кiруге артықшылық құқығы болады. 12. 13. Байланыс қызметкерiнiң барлық түрiн кезектен тыс пайдалануға құқылы. 14-17. 18. Жұмыс iстеп жүрген кезiнде бекiтiлген емханаларды зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн де пайдаланады. 19. Амбулаторлық-емхана мекемелерiнiң қызметiн артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс жатқызылады. 20. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн бiлiктi медициналық көмек. 21. Протездермен (тіс протездерінен басқа) және протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз ету. 21-1. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 22. 23. Жыл сайынғы кезектi демалысын өзiне қолайлы уақытта пайдаланады, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiн жалақы сақталмайтын қосымша демалыс алуға құқылы. 24. Жалпы сырқаттануы салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша күнтiзбелiк жылда қатарынан төрт айға немесе бес айға дейiн жәрдемақы алады. 25. Жұмыс стажына қарамастан жалақысының 100 процентi мөлшерiнде уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алады. 26-29. 30. Моншаларға, мәдени ойын-сауық немесе спорт шараларына, шаштараздарға осындай қызмет көрсететiн кәсiпорындар мен мекемелердiң есебiнен осы Жарлықтың 17-бабында белгiленген тәртiппен бiрiншi кезекте және тегiн барады. 31. Интернат-үйлерге бiрiншi кезекте және тегiн орналастырылып, әлеуметтiк қызметтiң аумақтық орталықтары мен бөлiмшелерiнде қызмет көрсетiледi. 32. Отбасы мүшелерiне немесе жерлеудi ұйымдастырушы адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде жерлеуге арналған жәрдемақы берiледi қайтыс болған /қайтыс болған зейнетақы төлемдерiн алушыны қоспағанда/. 33. Соғысқа қатысқан жалғызiлiктi адам қайтыс болғанда оны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметi салт-жоралар рәсiмiн қолдана отырып жерлейдi. 34. Салық салу жеңiлдiктерi қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi. 11-баптың 6,7,14-тармақтары жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 02.04.97 г. N 88-I Заңымен. 11-баптың 28, 34-тармағы өзгертiлдi, 32-тармағы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 16.06.97 г. N 134-I Заңымен. 11-баптың 6-8,12,14-17,22,26-29-тармақтары алынып тасталды, 20,21-тармақтары жаңа редакцияда, жаңа 21-1 тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 07.04.99 г. N 374 заңымен. 11-баптың 32-тармағы өзгертілді - Қазақстан Республикасының 16.11.99 г. N 482 Заңымен. 12-бап. Соғыс мүгедектерiне берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер Соғыс мүгедектерiне әлеуметтiк қорғау шаралары ретiнде осы Жарлықтың 11-бабының 1-34 тармақтарына сәйкес жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi. Сондай-ақ соғыс мүгедектерiне қосымша: 1. Санаторийге барып, емделу және керi қайту үшiн, жолдаманы кiм бергенiне және кiмнiң есебiнен берiлгенiне қарамастан, қажеттi күндерге науқастану парағы, I және II топтардағы мүгедектерге жыл сайын ұзақтығы 15 жұмыс күнiне дейiн ақы төленетiн қосымша демалыс берiледi. 2-4. 5. Жеке тұрғын үй салу үшiн өсiп тұрған ағаш жергiлiктi атқарушы органдар анықтайтын тәртiп бойынша берiледi. 6. 7. 8. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі-дәрмекпен, оптикалық көзілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланылатын көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға, кресло-қоларба бөлуге, бензинге, қосалқы бөлшектерге, автомобильдер мен мотоарбаларды жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетілуіне өтемдік төлемдерге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне темір жолда, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігінде жылына бір рет жүру үшін, сондай-ақ І топтағы мүгедекті алып жүретін адамның жол шығындарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 12 баптың 2-4, 6, 7-тармақтар алынып тасталды, 8-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 07.04.99 г. N 374 заңымен. 13-бап. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi қатарындағы Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдарға берiлетiн қосымша жеңiлдiктер мен кепiлдiктер Соғысқа қатысқан Кеңес Одағының Батыры, "Халық қаhарманы", Социалистiк Еңбек Ерi атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш бiрдей дәрежесiмен, "Отан" орденiмен наградталған адамдарға қосымша мынадай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер берiледi: 1. 20 шаршы метрге дейiн қосымша пайдалы алаң алу құқығы. 2. 3. Әскери сый-сияпат көрсетiлiп, тегiн жерленедi және қабiрiнiң басына құлпытас қойылады. 13-баптың 2-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 02.04.97 г. N 88-I Заңымен. 13-баптың 2-тармағы алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 07.04.99 г. N 374 Заңымен. 14-бап. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер Жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген адамдарға әлеуметтік қорғау шаралары ретінде осы Жарлықтың 11-бабының 1-5, 9, 10, 11, 13, 18-20, 23-25, 31, 33 және 34-тармақтарына сәйкес жеңілдіктер мен кепілдіктер беріледі, сондай-ақ, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету), отынға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 1-3. 4. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарына оқуға конкурстан тыс қабылданады және кәсiптiк-техникалық оқу орындары мен тиiстi кәсiптерге үйрету курстарына түсуде артықшылық құқығы берiледi. 5. Жаңа кәсiптi меңгеру кезiнде (жаңа жұмысшыларды даярлау) бүкiл оқу кезеңiне жұмысшының тарифтiк ставканың 100 процентi мөлшерiнде еңбекақы төленедi. 6. Қайта даярлау, екiншi мамандыққа үйрету және бiлiктiлiгiн арттыру кезiнде жұмыстан қол үзiп оқудың бүкiл кезеңiне бұрынғы кәсiбi мен мамандығы бойынша орташа жалақысы сақталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |