|
|
|
Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысы (ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. N 405; 25.12.99 ж. N 444 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР ҰБ Басқармасының 2001 ж. 6 тамыздағы N 299 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтың базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы" ереже бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін. 2. Банктік қадағалау департаменті (Н.К.Абдулина): а) заң департаментімен бірлесе отырып (А.К.Өртембаев) "Екiншi деңгейдегi банктердің есеп айырысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбi туралы" ережені Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін: б) осы Қаулыны және жоғарыда көрсетілген ережені Қазақстан Республикаcы Ұлттық Банкінің облыстық (Алматы аумактық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Г. Сәйденовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 29 тамыздағы N 311 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Екінші деңгейдегІ банктердің банктің тұрған жерінен тыс жерлердегі есеп айырысу-кассалық бөлімдері туралы ереже ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен кіріспе өзгертілді Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің есеп айрысу-касса бөлiмдерiн (жинақ кассаларын) құру, жұмыс iстеу және жабу тәртiбiн анықтайды. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 1-тараудың атауы өзгертілді 1-тарау. Жалпы ережелер ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Банктің есеп айырысу-касса бөлiмi (жинақ кассасы) (бұдан әрi - есеп айырысу-касса бөлiмi) - Ұлттық Банктiң келiсiмi негiзiнде құрылған, заңды тұлға болып табылмайтын, не осы Ережеге сәйкес және банк берген сенiмхат негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын филиал не өкiлдiк мәртебесi жоқ екiншi деңгейдегi банктің ерекшеленген аумақтық бөлiмшесi (бұдан әрi - банк) 2. Есеп айырысу-кассалық бөлім Ұлттық Банктің келісімімен банктің өкілетті органының шешімі бойынша құрылады, Ұлттық Банктің заң актілеріне, нормативтік қүқықтық актілеріне, Банктің ішкі ережелеріне және осы Ережеге сәйкес іс-әрекет етеді. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді З. Есеп айырысу-кассалық бөлімді банк қызметінің арнайы субъектісі ретінде тіркеуді Ұлттық Банк есеп айырысу-кассалық бөлім тіралы Ереженің бірінші бетіне бұл туралы белгі қою арқылы Ұлттық Банкте жүзеге асырылатын тіркеу күні мен номерін көрсете отырып жүргізеді. Есеп айырысу-кассалық бөлімді тіркеу құжаттары Ұлттық Банктің Банктік қадағалау департаментіне беріледі. Әдiлет министрлiгінiң органдары есеп айырысу-кассалық бөлімдерді есепті тіркеуге алмайды. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Есеп айырысу-кассалық бөлiм банктiң өзi орналасқан немесе оның филиалы бар жердегi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде ғана құрылады 5. Банк өзінің есеп айырысу-кассалық бөлімдерінің қызметі үшін толық жауап береді. Есеп айырысу-кассалық бөлімдер банк қызметін жүзеге асыруға байланысты барлық талаптар мен шарттарды орындауға міндетті. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 2-тараудың атауы өзгертілді 2-тарау. Есеп айырысу-касса бөлiмдерi орындайтын банк операцияларының негiзгi түрлерi және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртiбi ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Есеп айырысу-кассалық бөлімдер өзіне берілген сенімхат шегінде мынадай банк операцияларын орындауға: кассалык операциялады: банкноттар мен металл ақшаларды қабылдауға, беруге, қайта санауға, ұсақтауға, айырбастауға, сүрыптауға, буып-тұюге және сақтайға; аударым операцияларын: ақша аударымы бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындауға; шет ел валютасымен айырбастау операцияларын құқылы; есеп айырысу-касса бөлiмi аударым операциялары шеңберiнде заңды және жеке тұлғалардаң ақша қабылдап алып, бұдан кейiн оны осы тұлғалардың банктiк есепшотына есептеу үшiн банкке не оның филиалына аударуға құқылы. Есеп айырысу-касса бөлiмi қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзген кезде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптары ескерiле отырып, банктің есеп айырысу-касса бөлiмi Ұлттық Банктiң филиалында айырбастау пунктi ретiнде тiркелуi керек. 7. Есеп айырысу-кассалық бөлімдердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға арналған қолданылып жүрген заңдарда белгіленген талаптарға сай қызметтік үй-жайлары болуы тиіс. 8. Есеп айырысу-кассалық бөлімдердің банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа банктер мен ұйымдарда банктік шоттар ашуға, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банктiк есепшоттарын ашуға және жүргiзуге құқы жоқ. 9. Есеп айырысу кассалық бөлімдердің жұмыс тәртібі мен реті осы құрылымдық бөлімшенің қызметін реттейтін бұл мәселе бойынша арнайы құжат қабылдау жолымен анықталады. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 3-тараудың атауы өзгертілді 3-тарау. Есеп-айырысу-касса бөлiмiн ашу және жабу тәртiбi ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда 10. Банк есеп-айырысу-кассалық бөлiмнің қаржы жағдайы тұрақты болса, есеп-айырысу-касса бөлiмiн ашу туралы өтiнiш берiлген күнге дейiн үш ай бойы пруденциалдық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi, сондай-ақ банктiң жарғылық және меншiктi капиталдарының ең аз мөлшерiне қатысты Ұлттық Банк белгiлеген талаптарды сақтаса, Ұлттық Банкке есеп айырысу-касса бөлiмiн ашуға келiсiм беру туралы өтiнiш беруге құқылы ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. N 405; 25.12.99 ж. N 444 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Есеп айырысу-кассалық бөлім ашуға келісім беру туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс. Банктің Директорлар кеңесi бекіткен банктің есеп айырысу-кассалық бөлімі туралы ереже; Есеп айырысу-кассалық бөлімді ұйымдастыру қажет екенін экономикалық негіздеу. Негіздеме дәлелденген болуы тиіс және онда бәсекелік ортаның сипатталуы, әлеуетті клиенттердің және т.б. болуы тиіс; Есеп айырысу-кассалық бөлімнің үй-жайын тексеру актісі және Ұлттық Банктің аумақтық филиалының банктің техникалық ұйымдастыру бойынша қамтамасыз етудің барлық талап етілетін шарттарын орындауы және қызметкерлердің толықтығы туралы қорытындысы. Есеп айырысу-кассалық бөлім жұмыс істеп тұрған басқа банктің тиісті жазбаша келісімі; Есеп айырысу-кассалық бөлім банк тұрған жерден немесе банкфилиалынан тыс жерге орналасқан жағдайда, есеп берiлiп отырған айдыңсоңына қарай инкассацияның және есеп-айырысу кассалық бөлімнің қолма-қолақша өткізуі туралы уәкілетті банкпен жасаған келісімдерінің көшірмелері; Белгіленген тәртіппен банк куәландырған есеп айырысу-кассалық бөлім басшысының біліктілігі мен еңбек қызметі туралы мәліметтер. 12. Банк Басқармасының Төрағасы немесе оның орынбасары қол қойған, нотариалды түрде куәландырылған есеп айырысу-кассалық бөлім туралы ереженің екі данасы Ұлттық Банкке беріледі. ҚР ҰБ Басқармасының 27.11.97 ж. N 405 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 1З. Банктің есеп айырысу-кассалық бөлімі туралы ережеде, басқа шарттармен бірге міндетті түрде мыналар болуы тиіс: есеп айырысу-кассалық бөлімнің атауы (рет номері) және оның тұрған орны; банктің есеп айырысу-кассалық бөлім құру туралы шешімді қабылдаған күні және Ұлттық Банкте арнайы тіркеуден өткені туралы мәліметтер; осы есеп айырысу-кассалық бөлімге банк рұқсат берген банк операцияларының тізбесі; есеп айырысу-кассалық бөлімнің есеп берiлiп отырған айдың соңына қарай қолма-қол ақшаның қалғанын толық өткізуі туралы талап; банктің біріктірілген балансын қалыптастыру үшін банкке оның есеп айырысу-кассалық бөлімі модемдік немесе өзге байланыс арқылы күн сайын есеп айырысу-кассалық құжаттарды беріп отыруға міндетті екендігі. 14. Есеп айырысу-кассалық бөлім құру туралы банктің өтініші құжаттардың толық пакеті келіп түскен күннен бастап бір ай мерзім ішінде қаралуы тиіс. Есеп айырысу-кассалық бөлім құру келісіміне Ұлттық Банк Төрағасының Банктік қадағалау депараментіне жетекшілік ететін орынбасары қол қояды. 15. Ұлттық Банк есеп айырысу-кассалық бөлім құруға келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартуға құқылы. а) есеп айырысу-кассалық бөлім қүру үшін берілген құжаттардың қолданылып жүрген заң талаптарына және осы Ережеге сай келмеуі; б) банкітң пруденциалдық нормативтерді және\немесе басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті нормалар мен лимиттерді сақтамауы; в) есеп айырысу-кассалық бөлім ашу келісімін беру туралы өтінішті бергенге дейін банктің үш ай бойы шығынды жұмыс істеуі. 16. Ұлттық Банк есеп айырысу кассалық бөлім ашуға келісім беруден дәлелді бас тартуын банкке жазбаша түрде хабарлайды. 17. Ұлттық Банк: а) уәкілетті органның есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу туралы тиісті шешімінің негізінде; б) банк Ұлттық Банк белгіленген пруденциалдық нормативтерді сақтамаған және\немесе 3 ай бойы шығынды жұмыс істеген жағдайда; в) есеп айырысу-кассалық бөлімнің өз өкілеттігі шегінен тыс операциялар мен өзге қызметтерді орындағаны үшін; г) қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де негіздер бойынша есеп айырысу-кассалық бөлім ашу келісімін қайтарып ала алады. 18. Есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу туралы шешімді банк Ұлттық Банкке осы мәселе жөніндегі тиісті шешімді бере отырып 2 апта мерзім ішінде хабарлауы тиіс. Банктің аталған шешімінде есеп айырысу-кассалық бөлімнің жабылу себебі көрсетілуі тиіс. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 4-тараудың атауы өзгертілді 4-тарау. Есеп айырысу-кассалық бөлiмдi тiркеудi ресiмдеу және олардың ашылуына берiлген келiсiмдi есепке алу 19. Ұлттық Банкте есеп айырысу-кассалық бөлімдерді тіркеу Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімдерін есепке алудың арнайы кітабына тиісті мәліметтерді енгізу жолымен ресімделеді. Бұл құжат Ұлттық Банктің қадағалау департаментінде сақталады. 20. Есеп айырысу-кассалық бөлім ашуға келісім алу үшін осы Ережеде көзделген тиісті құжаттардың пакеті Ұлттық Банктің Банктік қадағалау департаментіне беріледі. 21. Өшірілген не қосып жазылған, сызылған сөздері және өзге де келісілмеген түзетулері бар есеп айырысу-кассалық бөлім ашу туралы құжаттар қарауға қабылданбайды. 22. Есеп айырысу-кассалық бөлім туралы Ереженің барлық данасының бірінші бетіне мынадай нұсқада жазылып куәландырады: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тіркеген. Тіркелген күні және номері " ____" 199___ж. N_____. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары. Мөрдің орны". 23. Банктің Ұлттық Банкте тіркелген есеп айырысу-кассалық бөлімі туралы Ережесінің бір данасы заң жөніндегі банк істеріне тігіледі де, екінші данасы банкке қайтарылады. 24. Заң жөніндегі банк істеріне сондай-ақ банктің есеп айырысу-кассалық бөлімін ашуға берілген жазбаша келісімнің көшірмесі де тігіледі. 25. Ұлттық Банк есеп айырысу-кассалық бөлім ашуға берілген келісімді қайтарып алған жағдайда, банк Ұлттық Банкке банктің уәкілетті органының есеп айырысу-кассалық бөлімді жабу туралы шешімін беруі, ал Ұлттық Банкте тіркелген есеп айырысу-кассалық бөлім тіралы ереженің бір данасын қайтаруы тиіс. ҚР ҰБ Басқармасының 25.12.99 ж. N 444 қаулысымен 5-тараудың атауы өзгертілді 5-тарау. Қорытынды ережелер 26. Банк Ұлттық Банктің есеп айырысу-кассалық бөлім ашуға келісім беруден бас тарту туралы шешіміне заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады. 27. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң нормаларына сәйкес шешілуі тиіс. Төраға О. Жандосов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |