|
|
|
Бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 ж. 14 қарашадағы N 4 қаулысы. Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 593 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi: 1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының субъектiлерi үшiн (бюджеттiк ұйымдардан басқа) бухгалтерлiк есепке алу стандарттары (БЕС) бекiтiлсiн (Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағына сәйкес): БЕС 13 "Бiрiктiрiлген қаржылық есептiлiк және еншiлес серiктестiкке салынған инвестицияларды есепке алу"; БЕС 14 "Бағынышты шаруашылық серiктестiкке салынған инвестицияларды есепке алу"; БЕС 15 "Қаржылық есептiлiкте бiрлескен қызмет бойынша қатысу үлесiн көрсету". II. Былайша белгiленсiн: 1. Бұл стандартты Қазақстан Республикасы Президентiнiң "бухгалтерлiк есепке алу туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күшi бар Жарлығы 1-бабының 1-тармағында анықталған Қазақстан Республикасының барлық субъектiлерi 1998 жылға қаржылық есептiлiктi жасаған кезде пайдалануға мiндеттi. 2. БЕС-тарын субъектiлер есептердi бiрiктiрген кезде, бағынышты шаруашылық серiктестiкке салынған инвестицияларды, бiрлескен қызметтегi қатысу үлесiн көрсеткен кезде 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап қолдануына болады. III. Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Л.Ж. Айтхожина бекiтiлген бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын 1996 жылғы 20 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркетудi қамтамасыз етсiн. IV. Бухгалтерлiк есепке алу тұжырымдамасы мен жалпы стандарттарының дамуы жөнiндегi басқарманың бастығы К.К.Кинхузова мен Мамандандырылған стандарттар басқармасының бастығы Т.Л.Дударева 1997 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде осы стандарттарға әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеудi қамтамасыз етсiн. V. Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Чернова бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын жариялау жөнiндегi ұсыныстарды 1996 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде табыс етсiн. VI. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының мүшесi Н.М.Черноваға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы N 4 қаулысымен бекiтiлдi Бухгалтерлiк есепке алудың 13 стандарты Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және сабақтас серiктестiктерге бөлiнген инвестицияларды есепке алу Iс-әрекеттiң мақсаты мен саласы 1. Бұл стандарттың мақсаты негiзгi шаруашылық серiктестiгiнiң (әрi қарай "негiзгi серiктестiк" деп аталады) бақылауында болатын серiктестiктер тобының шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн құрудың және түсiнудiң, сондай-ақ негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есептiлiгiнде сабақтас шаруашылық серiктестiгiне бөлiнген инвестицияларды есепке алудың тәртiбiн анықтау болып табылады. Анықтау 2. Бақылау - серiктестiктiң қызметiнен пайда алу мақсатында серiктестiктiң қаржылық және басқа саясатын анықтау құқығы. 3. Сабақтас шаруашылық серiктестiгi дегенiмiз - басқа (негiзгi) серiктестiктiң бақылауында болатын серiктестiк. 4. Негiзгi шаруашылық серiктестiгi дегенiмiз - бiр және одан көп сабақтас серiктестiгi бар серiктестiк. 5. Топ - негiзгi шаруашылық серiктестiгi мен оның бүкiл сабақтас серiктестiктерi. 6. Шоғырландырылған қаржылық есеп беру - бiр серiктестiктiң есебi ретiнде көрсетiлген, топтың жеке қаржылық есеп беруi. 7. Жеке қаржылық есеп беру - топтың шоғырлануға қатысты әрбiр мүшесiнiң есеп беруi. 8. Азшылық үлес - сабақтас серiктестiктiң қатысу үлесiне тиесiлi шаруашылық қызметiнiң негiзгi серiктестiктiң оған тiкелей немесе басқа сабақтас серiктестiктер арқылы иелiк етпейтiн, таза кiрiстерi (шығындар) мен таза активтерiнiң бiр бөлiгi. 9. Толықтай дерлiк иелiк - негiзгi серiктестiк дауыстың 90 және одан да көп процентiне ие болса. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудiң түсiнiгi 10. Негiзгi шаруашылық серiктестiгi, 11 параграфта сипатталған негiзгi шаруашылық серiктестiктерiнен басқасы, шоғырландырылған қаржылық есеп беруге тиiс. 11. Басқа серiктестiктiң сабақтасы болып табылатын және толық немесе толықтай дерлiк иелiгiнде тұрған негiзгi шаруашылық серiктестiгi, егер негiзгi серiктестiк талап етпесе және азшылық үлесiнiң иелерi бұған келiсетiн болса, шоғырландырылған қаржылық есеп бермейдi. 12. Шоғырландырылған қаржылық есеп бермейтiн негiзгi шаруашылық бiрлестiгi өзiнiң жеке қаржылық есебiнде мыналарды ашады: 1) шоғырландырылған қаржылық есеп бермеген себептерiн; 2) сабақтас серiктестiкке бөлiнген инвестицияларды есепке алу үшiн бухгалтерлiк есептеуде пайдаланылған тәсiлдi; 3) шоғырландырылған қаржылық есеп берушi негiзгi серiктестiктiң атауы және тiркелген кеңсесiн. Шоғырландыру саласы 13. Негiзгi серiктестiк шоғырландырылған қаржылық есеп беруге: сабақтас серiктестiк таяу уақытта сату мақсатымен алынған және оған бақылау уақытша болған; сабақтас серiктестiк ұзақ мерзiмдi қатаң шектеулер ахуалында әрекет етiп, мұның өзi негiзгi серiктестiкке қаражат беру қабiлетiн төмендетiп отырған жағдайдан басқа; өзiнiң барлық жергiлiктi және шетелдiк сабақтас серiктестiктерiн қосуға тиiс. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi құрудың тәсiлдемесi 14. Негiзгi серiктестiк және оның сабақтас серiктестігiнiң қаржылық есебi активтер, мiндеттемелер, меншiктi капитал, кiрiстер мен шығындар туралы деректердi жинақтау арқылы баптар мен тармақтар бойынша бiрiктiрiледi. Шоғырландырылған қаржылық есептер бiртұтас ұйым ретiндегi топ туралы қаржылық ақпарат беруi үшiн, мыналар қажет: 1) негiзгi серiктестiктiң әрбiр сабақтасқа бөлген инвестицияларының балама құнын және әрбiр сабақтастың меншiктi капиталындағы негiзгi серiктестiктiң үлесi, бойынша - шыққан сәтінен бастап енгiзiледi. Сабақтас серiктестiктерiнiң шығуынан алынған сома мен шыққан мерзiмдегi оның жаза активтерi арасындағы айырмашылықты қаржы-шаруашылық қызметiнiң шоғырландырылған есепте сабақтас серiктестiктi негiзгi және сабақтас серiктестiктер арасындағы өзара есептеулердiң есеп-шоттар бойынша сальдосы, кiрiстер, шығындар және дивидендтер жөнiндегi топ iшiндегi операцияларды және осы операциялардың нәтижесiнде туындайтын, орны толмайтын зияндардың басқа iске асырылмаған кiрiстер мен шығындар алынып тасталсын; 2) сабақтас серiктестiктердiң таза активтерiндегi азшылықтың үлесi анықталып, шоғырландырылған бухгалтерлiк баланста негiзгi серiктестiктiң мiндеттемелерi мен меншiктi капиталы жеке көрсетiлсiн; 3) негiзгi серiктестiкке қосылатын таза кiрiстiң сомасын айқындаған кезде топтың кiрiсiн кемiтетiн, таза кiрiстегi сабақтас серiктестiктiң азшылық үлесi белгiленсiн. 15. Шоғырландырылған есеп беруге қосылатын, негiзгi серiктестiк пен оның сабақтас серiктестiктерiнiң қаржылық есептерi әдетте бiр мерзiмде құрылады. Бұлай тежеуге болмайтын жағдайда, әртүрлi есептiк мерзiмде құрылған қаржылық есептердi айырмашылығы үш айдан аспайтын жағдайда, пайдалануға болады. Әртүрлi есептiк мерзiмдерде құрылған қаржылық есептер шоғырландырылған кезде, осы уақыттардың арасында болған елеулi операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелерi болып табылатын өзгерiске түзетулер жасалады. 16. Шоғырландырылған есеп берулерге қосылатын, негiзгi серiктестiк пен оның сабақтас ұйымдарының қаржылық есептерi әдетте қаржы-шаруашылық қызметiнiң ұқсас операциялары мен оқиғалары үшiн бiртұтас есептiк саясатты пайдаланып әзiрленедi. Топтың мүшесi шоғырландырылған қаржылық есепте қабылданған саясаттан өзгеше саясатты пайдаланса, онда шоғырландыру кезiнде оның есебiне тиiстi түзетулер енгiзiледi. Егер мұндай түзетулердi енгiзу мүмкiн болмаса, онда бұл факт шоғырландырылған қаржылық есептегi, онда баптың өзгеше есептiк саясын қолданылған бөлiгiмен бiрге ашылуға тиiс. 17. Сабақтас серiктестiктiң шаруашылық қызметiнiң не шоғырландырылған қаржылық есеп беруге қабылданған сабақтас серiктестiктер бойынша - қабылданған сәтiнен бастап шығып кеткендердiң шығуынан болған кiрiстер немесе шығындар ретiнде мойындалады. 18. Серiктестiк сабақтас серiктестiктiң анықтамасына сәйкес келмеген және "Тәуелдi акционерлiк қоғамдарға бөлiнген инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 14-шi бухгалтерлiк есеп стандартында көрсетiлгенi сияқты, бұл серiктестiктiң инвестициялары "Қаржылық инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 8-шi бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес есептелуге тиiс. Негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде сабақтас серiктестiкке бөлiнген инвестицияларды есепке алу 19. Негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде шоғырландырылған қаржылық есепке енгiзiлген сабақтас серiктестiктегi инвестициялар, не iскерлiк қатысу (қараңыз: БЕС 14 "Тәуелдi акционерлiк қоғамдарға бөлiнген инвестицияларды есептеу") тәсiлi, не ұзақ мерзiмдi инвестицияларды есептеу тәсiлдемесiн (қараңыз: БЕС 8 "Қаржылық инвестицияларды есептеу") пайдалану арқылы есептеледi. 20. Негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде сабақтас серiктестiктiң инвестициялары "Қаржылық инвестицияларды есептеу" жөнiндегi 8-шi бухгалтерлiк есеп стандартына қаралатын инвестиция ретiнде есептеледi. Айқындау 21. 16 параграфтың негiзiнде талап етiлетiн түсiндiрмелерге қосымша мынадай айқындаған жөн: 1) атаулар көрсетiлген iрi сабақтас серiктестiктердiң тiзiмiн тiркелген елi немесе мекен-жайын, иелiкке қатысу үлесiн және айырмашылық болса, дауысы бар акциялардың үлесiн; 2) сабақтас серiктестiктердiң шоғырландырылған есепке енгiзiлмеу себептерiн; 3) негiзгi серiктестiк тiкелей немесе сабақтас серiктестiк арқылы дауыстың жартысынан көбiне ие болмаған жағдайда, негiзгi және сабақтас серiктестiктер арасындағы, негiзгi серiктестiктiң бақылау жүргiзуiне мүмкiндiк беретiн өзара қатынастардың сипатын; 4) дауысы бар акциялардың жартысынан көбi тiкелей және сабақтас серiктестiктер арқылы жанама иеленген бiрақ бақылаудың салдарынан оның сабақтас серiктестiгi болып саналмайтын серiктестiктердiң тiзiмiн; 5) сабақтас серiктестiкті сатып алудың немесе сатудың есептi кезеңiнен қаржылық көрсеткiштерiне ықпалын және алдыңғы кезеңдегi тиiстi көрсеткiштердi; 6) негiзгi серiктестiктiң жеке қаржылық есеп беруiнде сабақтас серiктестiктiң инвестицияларды есептеу үшiн пайдаланылған тәсiлдi. Күшiне ену сәтi 22. Бұл бухгалтерлiк есеп стандарты 1998 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |