|
|
|
Қалалық, аудандық (басқармалар) iшкi iстер органдарының жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ереженi, медициналық айықтырғыштарға жеткiзiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету жөнiндегi және медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулықтарды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 25 қаңтардағы N 37 Осы редакция 2004 ж. 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1. Қазақстан Республикасының қалалық аудандық iшкi iстер органдары (басқармасы) жанындағы медициналық айықтырғыш туралы Ереже (N 1 қосымша), медициналық айықтырғыштарға жеткiзiлетiн адамдарға дәрiгерлiк көмек көрсету жөнiндегi Нұсқаулық (N 2 қосымша) және Медициналық айықтырғыш жанындағы профилактика кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулық (N 3 қосымша) бекiтiлiп, 1996 жылдың "___"___________ бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. Алматы қалалық IIББ, облыстардың IIБ, көлiктегi IIБ және оқу орындарының бастықтары: 2.1. Ереже мен Нұсқаулықты бағынышты органдардың, бөлiмшелер мен қызметтердiң жеке құрамы оқып-үйренуiн ұйымдастырсын; сынақтар қабылдап, нәтижелерiн аттестациялауда көрсетсiн; - медициналық айықтырғыштардың жұмысын бекiтiлген Ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес қатаң түрде қамтамасыз етсiн. 2.2. Ереже мен Нұсқаулықтар қосымшалары бланктерiнiң қажеттi мөлшерiн дайындасын. 3. Секретариат (Вульф А.Ф.), Шаруашылық басқармасы (Строков А.А.) Ереже мен Нұсқаулықтардың қажеттi даналарын дайындап, тиiстi орындарға жолдасын. 4. Қаржы-экономикалық басқармасы (Майсақанов А.С.) аталған құжаттарды дайындау үшiн ақшалай қаржы бөлсiн. 5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы IIМ Әкiмшiлiк қызмет Бас басқармасы (Приходько Н.И.) мен Штабына (Темiрбаев М.Р.) жүктелсiн. 6. КСРО IIМО 1985 жылғы 1 шiлдедегi N 106 бұйрығының күшi жойылды деп есептелсiн. Iшкi iстер министрi - Iшкi әскерлер Қолбасшысы Iшкi қызмет генерал-майоры Қазақстан Республикасы IIМ "___"__________ 1996 жылғы бұйрығына N 1 қосымша Қазақстан Республикасы iшкi iстер органы жанындағы медициналық айықтырғыш туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже мас күйдегi адамдарға медициналық көмек көрсету, оларды iрiктеу және тиiстi орындарға жеткiзу мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары жанындағы медициналық айықтырғыштардың қызмет тәртiбiн реттейдi. Ережеде осы қызмет орнына басшылық ететiн және оның жұмысын ұйымдастыратын лауазымды адамдардың қызмет ету ерекшелiктерi мен тәртiбi, ұйымдастыру принциптерi мен мiндеттерi анықталады. 2. Iшкi iстер органы жанындағы медициналық айықтырғыштар жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмiмен құрылады және маскүнемдiк пен алкоголизмге байланысты бұзақылықтардың жолын кесу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда мас күйде жүргендерге қажеттi медициналық көмек көрсету және олармен профилактикалық жұмыс жүргiзу мiндеттерiн жүзеге асырушы арнаулы милиция мекемелерi болып табылады. 3. Медициналық айықтырғыштардың штаттары мен оның құрылымын, iшкi iстер Бас басқармасы, облыстық iшкi iстер басқармасы және көлiктегi iшкi iстер басқармасы басшылары, Қазақстан Республикасының N 230-94 ж. iшкi iстер министрлiгi бұйрығымен жарияланған осы мекемелердiң типтiк штаттарына сәйкес, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерiмен белгiленетiн жалақылық қор мен штат санының шеңберiнде бекiтедi. 4. Медициналық айықтырғыштарды ұстауға жұмсалатын шығындар жергiлiктi бюджет есебiнен төленедi. Iшкi iстер басқармасы қаржы-экономикалық бөлiмдерiне шығындар бойынша сметалар, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп беру ұсынылады, бұдан кейiн қолданылып жүрген есепке алу және есеп беру тәртiбiнде анықталған формалар мен мерзiмдер бойынша жергiлiктi әкiмшiлiктердiң қалалық қаржы бөлiмдерiне ұсынылады. 5. Медициналық айықтырғыштар заңды мекеме болып табылады және дербес баланста тұрады. 6. Медициналық айықтырғыш өзiнiң жасаған қызметi үшiн жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерiнде бекiтiлген көлемде ақша алады. 7. Медициналық айықтырғыш заңды қатал ұстану, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету, қоғам мүддесiн, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау негiзiнде қызмет етедi. Медициналық айықтырғыш қызметшiлерiнiң жеке құрамы өздерiнiң күнделiктi практикалық қызметiнде Қазақстан Республикасының "Iшкi iстер органдары туралы" Заңын, IIМ, IIББ, көлiктегi IIБ-ның нормативтi актiлерiн, жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдарының шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Нұсқаулықтарын және осы Ереженi басшылыққа алады. 8. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдары туралы" заңға сәйкес, медициналық айықтырғыштар орналасқан үй-жайларды жергiлiктi өкiмет органдары бөледi, оларды пайдалануға кететiн шығындарды да жергiлiктi өкiмет органдары қаржыландырады және арнайы техника мен автокөлiк алуға қаржы бөледi. 9. Медициналық айықтырғыштарға бақылау және оперативтi басшылық жасауды iшкi iстер органдарының басшылары жүзеге асырады. 10. Медициналық қызмет көрсету шараларын ұйымдастыруға көмек көрсетудi, медициналық айықтырғыштардың денсаулық пункттерiн дәрi-дәрмектермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудi, осы мекемелердiң санитарлық жағдайына бақылау жасауды IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ медициналық қызметтерi және жергiлiктi денсаулық сақтау органдары жүзеге асырады. 11. Медициналық көмек медициналық айықтырғышқа жеткiзiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету жөнiндегi Нұсқаулыққа сәйкес көрсетiледi (N 2 қосымша). 12. Профилактикалық жұмыс медициналық айықтырғыштың профилактикалық кабинетiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады (N 3 қосымша). 13. Медициналық айықтырғышта iс қағаздарын жүргiзу Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрiнiң бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады. II. Медициналық айықтырғыштың жұмысын ұйымдастыру 14. Қызмет көрсету зонасы ретiнде, медициналық айықтырғышқа iшкi iстер бөлiмi (басқармасы) қызмет ететiн шекарадан территория бекiтiледi. Қажет болған жағдайда, ол көршiлес iшкi iстер органдары қызмет көрсететiн территория есебiнен кеңейтiледi. 15. Медициналық айықтырғышқа жүктелген мiндеттердi орындау үшiн, медициналық айықтырғыштың бастығы құрамында iшкi нарядтың кезекшi инспекторы, фельдшерi (фельдшерлерi), милиционерi (милиционерлерi) бас кезекшi нарядты, сондай-ақ мас күйдегi адамдарды iрiктейтiн "Арнайы медициналық қызмет" экипажын (экипаждарын) тағайындайды. Экипаж құрамына мiндеттi түрде милиционер жүргiзушi және екi милиционер енгiзiлуi қажет олардың бiреуi аға милиционер болып тағайындалады. 16. Медициналық айықтырғыштың қызметкерлерi пiшiмдi киiм-кешек киiп, өздерiмен бiрге қызмет куәлiктерi мен ысқырғыштары болуы тиiс, ал қатардағы және сержанттық құрам, бұлардан басқа қызмет кiтапшаларын алып жүруi тиiс. Милиционер-жүргiзушiлер жүргiзушiнiң куәлiгiмен, техникалық талонымен және жолдамасымен ғана қызметiн орындауға жiберiледi. Медициналық айықтырғыштың наряды табельдi қарусыз қызмет етедi. Тек қажет болған жағдайда қаланың iшiндегi аудандық iшкi iстер бөлiмi басшылығының шешiмiмен берiк қорғаныс құралдарымен қаруланулары мүмкiн. 17. Кезекшi нарядтың қызметi олар қызмет ететiн территориядағы қоғамдық тәртiптi есепке ала отырып, қала iшiндегi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы бекiтетiн медициналық айықтырғыштың қызмет тәртiбiне сәйкес ұйымдастырылады. 18. Бiр айдың iшiндегi қызмет уақытының орташа тәулiктiк ұзақтығы заңмен бекiтiлген жұмыс күнiнiң ұзақтығынан аспауы тиiс. Қызмет мәжiлiстерiн, оқу жаттығуларын өткiзу және техниканы пайдалануға әзiрлеу уақыты да қызмет уақытына жатады. 19. Медициналық айықтырғыштың экипаждары iздеу тәртiбi бойынша патруль қызметiн атқарады. Наряд өзiнiң негiзгi мiндеттерiн атқарумен бiрге, қылмыстардың және басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, өзгертуге, оларды жасаған адамдарды ұстау шараларын қолдануға, басқа милиция қызметкерлерiне қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi. 20. Медициналық айықтырғыш экипаждарын бөтен мақсаттарда соның iшiнде отбасындағы жанжалдарды шешу және мас күйдегi азаматтарды тiкелей пәтерден жеткiзу және өлiктердi тасымалдау, тағы с.с. жағдайларда пайдалануға тыйым салынады. 21. Патруль қызметiне кiрiсер алдында медициналық айықтырғыштың экипаждары патруль күзет қызметiнiң Жарғысына сәйкес нұсқау алады. Экипаж жетекшiсiне борт журналы, iздеу салынған адамдардың фотосуреттерi, маршрут жобасы және қызмет уақыттары мен аялдама орындары көрсетiлген жол қозғалысының кестесi берiледi. III. Мас күйдегi адамдарды медициналық айықтырғышқа жеткiзу, оларды iрiктеу тәртiбi 22. Медициналық айықтырғышта көшелерде және қоғамдық орындарда мас күйде жүргендердi, адамдардың қадiр-қасиетiн қорлаушы және қоғамдық әдептi бұзушы адамдарды ұстайды. 23. Медициналық айықтырғышқа мас күйдегi адамдарды жеткiзу жұмысын, тәртiпке сәйкес, арнаулы автомобильдермен айықтырғыштың экипаждары атқарады. 24. Автомашина салонына мас күйдегi адамды отырғызбас бұрын, оның қолында өзiне және басқа азаматтарға дене жарақаттарын салу немесе экипажға шабуыл жасау үшiн пайдаланылатын құралдардың жоқтығын тексерiп, егер бар болса, оны тартып алу қажет. Экипаж жетекшiсi медициналық айықтырғышқа келгеннен кейiн, мұндай құралдарды тартып алғаны жөнiнде рапорт бередi. Ал оның қылмыс жасауға қатыстылығын дәлелдейтiн қарулар, есiрткiлер және басқа заттар айқындалған жағдайларда, ол адам қалалық, аудандық органға жеткiзiледi. 25. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлетiндердiң iшiнде өз бетiмен жүре алмайтындары болса, олар медицина қызметкерлерi тексергеннен кейiн және олардың келiсiмiмен зембiлге салынып, арнайы автомобильмен жеткiзiледi, басқа адамдарға автомобильге отырғызу алдында тиiстi көмек көрсетiледi. 26. Медициналық айықтырғышқа мас күйдегi адамдарды жеткiзу кезiнде арнайы автомобильдiң салонында адамдарды денсаулығы мен тәртiптерiн бақылайтын бiр экипаж мүшесi болуға мiндетi. Егер бiреуiнiң денсаулығы нашарлап, кенеттен ауыр күйге түссе, онда жақын жерден "Жедел жәрдем" шақырылып, ол адам жақын жердегi денсаулық сақтау органына жеткiзiледi. 27. Егер патруль жасау зонасында, қоғамдық тәртiптi бұзушылықтың жолын кесу үшiн, экипаждың барлық мүшелерiне арнайы автомобильден түсу керек болса, онда салондағы адамдарға милиционер-жүргiзушi бақылау жүргiзедi. 28. Мас күйдегi адамды медициналық айықтырғышқа жеткiзгеннен кейiн, экипаж оның денсаулығына зияндық келтiретiн құралдарды алып қоюға және құжаттары мен құнды заттарын (ақша, сағат, зергерлiк бұйымдар т.б.) жоғалтпай сақтауға байланысты шараларды қолданады. 29. Медициналық айықтырғышқа мас күйдегi адамдарды мотороллермен, мотоциклмен, самосвалмен, сондай-ақ адамдарды отырғызуға болмайтын көлiк құралдарымен әкелуге тыйым салынады. 30. Медициналық айықтырғышқа мас күйдегi азаматтарды жеткiзуге жалпылама дислокация бойынша, қоғамдық тәртiптi күзетуге қатысатын милицияның барлық қызметтерi мен бөлiмшелерiнiң нарядтары жұмылдырылады. 31. Мас күйдегi адамдарды есiнен айырылған қарпында (жатқан күйде) немесе көзге көрiнетiн дене жарақаттары болса, не әйел адамдардың жүктi екендiктерi айқын болса, онда, сол жерге жедел жәрдем шақырылып, мұндай адамдар жақын жердегi денсаулық сақтау органының емдеу мекемесiне жiберiледi. Мұндай адамдарды медициналық айықтырғышқа жеткiзуге үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады. 32. Арнаулы автомобильдерге егер өрт шықса, экипаж ең алдымен салондағы адамдарды сыртқа шығаруы қажет, осыдан кейiн қолдарында бар өрт сөндiргiш құралдармен өрттi сөндiруге кiрiсулерi, ал егер қажеттiк туса, өрт күзетiнiң бөлiмшесiн шақыру керек. Экипаждың жетекшiсi өрттен зардап шеккендерге жедел медициналық жәрдем шақырып, болған жағдай туралы медициналық айықтырғыш кезекшiсiне немесе қалалық аудандық органдарға мәлiмдеу. 33. Медициналық айықтырғышқа Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және жергiлiктi өкiлеттi органдардың депутаттарын жеткiзуге болмайды. Оларды Республиканың жоғары өкiлеттi органының немесе аумақтық (облыстық, қалалық, поселкелiк, селолық) мәслихат кезекшiлерiне жеткiзедi. Жүктi әйелдер мен мүгедектер болса, емдеу орындарына жiберiледi. 34. Қоғамдық орындарда мас күйде жүрген әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер, пiшiмдi киiм-кешек кигендер немесе штат киiмiнде жүретiндер және жеке басын айқындайтын құжаттары бар адамдар әскери комендатура өкiлдерiне, әскери бөлiм немесе әскери комиссариат командирлерiне тапсырылады, iшкi iстер органдарының, ұлттық қауiпсiздiк Комитетiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетi, салық полициясының, прокуратура, сот қызметкерлерi - тиiстi өкiлдерге тапсырылады; Қазақстан Республикасының "Алтын Қыран" (Золотой орел), "Отан" (Отечество), "Даңқ" (Слава), "Айбын" (Доблесть), "Парасат" (Благородство), "Достық" (Дружба), "Құрмет" (Почет) мемлекеттiк наградаларымен наградталғанда, Совет Одағының Батырлары немесе Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi "КСРО Қарулы Күштерiнде Отанға қызмет еткенi үшiн", үш дәрежелi Еңбек даңқы ордендерiмен наградталғандар, сондай-ақ 60 жастағы және одан жоғары жастағы азаматтар туысқандарына тапсырылады. Мұндай адамдарды тапсыра алмаған жағдайда, олар жалпы негiздерде медициналық айықтырғышқа жеткiзiлiп, жеке палаталарға орналастырылады. 35. Медициналық айықтырғышқа кәмелетке толмағандарды орналастыру, олардың жеке басы мен мекен жайын анықтауға, ата-аналарына (немесе олардың орнын басушыларға) жеткiзуге, олардың тәрбиесiне жауап беретiн мекемелерге беруге немесе кәмелетке толмағандардың қабылдау-бөлу орнына жеткiзу мүмкiн болмаған жағдайларда ғана орналастырылады. Кәмелетке толмағандарды мас күйiнде айықтырғышқа жеткiзгеннен кейiн, инспектор-кезекшi мiндеттi түрде олардың iшiмдiкке қалай үйiр болғанын, спирттi iшiмдiктердi қайдан алатындығын және басқа да қажеттi мәлiметтердi анықтайды. 36. "Дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясына" сәйкес, иммунитет және ерекшелiктер құқығын иеленушi шетел азаматтары медициналық айықтырғышқа жiберiлмейдi. Мұндай адамдар кездескен жағдайда, экипаж жетекшiсi қалалық, аудандық органға хабарлап, олардың берген нұсқауы бойынша әрекет жасайды. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланбайтын, сондай-ақ азаматтығы жоқ шетел азаматтары медициналық айықтырғышқа жалпы негiздерде жеткiзiледi. 37. Қылмыс жөнiнен күдiктi адамдар медициналық айықтырғышқа орналастырылмайды. Олар қалалық аудандық органға жiберiледi. IV. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлгендердi қабылдау, оларды ұстау жағдайлары және айықтырғаннан кейiн шығару 38. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адамдардан, инспектор-кезекшi, оның айықтырғышқа түсуi ауыр нәтижелерге әкелiп соқтырмауы (өндiрiстiң тоқтауына, қазанның жарылуына, жылу жүйесiнiң қатып қалуына, сондай-ақ сәбилердiң немесе үнемi күтiм жасауды қажет ететiн адамдардың қараусыз қалуына, олардың өмiрiне қауiп төндiретiн жағдайда қалуына т.б.) үшiн, олардан бұл мәселелердi анықтайды. Егер ондай жағдайлар анықталса, инспектор-кезекшi территориялық қалалық, аудандық органдар кезекшiсi арқылы мұндай зардаптарды болдырмау әрекеттерiн қолдануға мiндеттi. 39. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген барлық адамдарды, медициналық айықтырғышқа жеткiзiлетiн адамдарға медициналық көмек көрсету жөнiндегi Нұсқауға сәйкес, фельдшер медициналық тексеруден өткiзiп, жәрдем көрсетедi (бұйрыққа тiркелген N 2 қосымша). 40. "Арнайы медициналық қызмет" экипажынан мас күйдегi азаматтарды, күзет-пост нарядтарын және басқа да iшкi iстер органдары қызметкерлерiн медициналық айықтырғышқа қабылдау кезiнде кезекшi инспектор жазбаша рапорт алады, ал азаматтардан мас күйдегi азаматты (азаматшаны) ұстау жағдайлары, оны жеткiзу негiздерi мен сипаттары туралы ауызша немесе жазбаша өтiнiш қабылдайды. 41. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген мас күйдегi адамдарды наряд кезекшi бөлiмге әкеледi, ал өз бетiнше жүре алмайтындарды зембiлмен әкеледi. 42. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген барлық адамдар медициналық айықтырғыштағы адамдарды тiркейтiн журналға тiркеледi (Ережеге N 1 қосымша). Олардың жеке басын анықтайтын құжаттар, оларды жеткiзген қызметкерлер немесе азаматтардың ауызша өтiнiшi негiзiнде, әрбiр азаматқа есепке алу және статистикалық карточка толтырылады (Ережеге N 3 қосымша), ол карточка жыл бойына сақталады. Ерекше белгiлерi, жеке басы мен жұмыс орны анықталғаны туралы мәлiметтер жазылған азаматтардың есепке алу және статистикалық карточкалары үш жылға дейiн сақталады. 43. Кезекшi жеткiзiлген адамның медициналық тексеруден өтуi үшiн, сырт киiмдерi мен iш киiмдерiне дейiн шешуiн сыпайы түрде түсiндiредi. Егер азаматтар өз еркiмен киiмiн шешуге қарсы болса, онда ол адам күштеу арқылы шешiндiрiледi. 44. Медициналық айықтырғышқа жеткізiлгендердi жекелей қарау қаралатын адаммен жынысы бiрдей адамның және сол жыныстағы тағы да екi адамның куә болуымен жүзеге асырылады. Егер куәгерлер болмай қалған жағдайлар болса, онда тексеру осы адамды ұстауға және жеткiзуге қатысқан адамдарды қоспағанда, фельдшердiң, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қызметкерлерiнiң қатысуымен жүзеге асырылады. 45. Кезекшi наряд тексеруге әкелiнген адамдарға адамгершiлiк тұрғыдан қарап, олардың ар-намысына тиетiндей iс-әрекеттердi болдырмауға мiндеттi. Тексеруге байланысты барлық мәлiметтердi дабыра етуге тыйым салынады. Жекелей тексеру және заттарды тексеру туралы хаттамаға тиiстi мәлiметтер жазылады (Ереженiң N 2 қосымшасы), бұл хаттама қатаң есеп беру құжаты болып табылады және оның реттiк нөмiрiнiң типографиялық бедерлемесi болады. Хаттама екi дана болып жасалады және оған медициналық айықтырғыштың кезекшiсi, айықтырғышқа орналасқан адамдарға бақылау жасайтын милиционерлер және фельдшер қол қояды. Хаттаманың бiрiншi данасы есепке алу және статистикалық карточкамен бiрге азаматты әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы шешiм қабылдау немесе оның мекен-жайы және жұмыс орны бойынша көпшiлiктiң талқысына салу үшiн қалалық, аудандық органға жiберiледi, екiншiсi медициналық айықтырғышқа қалдырылады. 46. Айықтырғыштағы азаматтардың барлық заттары жеке шкафтарда, ал құжаттары, ақшасы және басқа да құнды заттары қапшыққа салынып металл жәшiктерде (сейфтерде) сақталады. Шкафтың, олардағы ұялардың, қапшықтардың бiрдей реттiк нөмiрi болуы тиiс. 47. Егер қару, есiрткiлер немесе оны дайындайтын шикiзаттар және сақтауға тыйым салынатын басқа да заттар белгiлi болса және мас күйдегi азаматтың қылмысқа қатыстылығын анықтайтын күдiктi заттар алынатын болса, онда сол жерде, куәгерлердiң көзiнше хаттама жасалып, ол заттар тартып алынады және ол адам жақын жердегi қалалық, аудандық iшкi iстер органына жiберiледi. Мұндай адамдарды медициналық айықтырғышқа орналастыруға тыйым салынады. Мас күйдегi адамның атқыш және газды қаруы, әрi қару ұстауға "Iшкi iстер органдары арқылы рұқсаты болса, қару одан алынып, оның медициналық айықтырғышқа түскенi туралы хаттама жасалады. Егер ол адам қатарынан бiрнеше рет және екi жыл бойы медициналық айықтырғышқа түссе және қоғамдық тәртiптi өрескел бұзса, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қарулардың жеке түрлерiнiң айналыс ережелерi" туралы N 110, 2.02.95 ж. Қаулысының 55 пунктiне сәйкес, iшкi iстер органдарына шара қолдануға жiберiледi. 48. Сотқарлық немесе бұзақылық көрсетiп, өзiне немесе оны қоршаған адамдарға ұмтылған азаматтардың бетiн қайтару мүмкiн болмаса, медициналық көмек көрсету жөнiндегi Нұсқаудың 12-шi пунктiне сәйкес, күшпен көндiру шаралары қолданылады. Бұл шара медициналық айықтырғыш басшылығының немесе қалалық, аудандық орган бойынша кезекшiнiң рұқсатымен ғана қолданылады. Осындай жағдайлардың бәрiн де кезекшi инспектор медициналық айықтырғыштың басшысына мәлiмдейдi және ол мәлiметтер оның әкiмшiлiк құқық бұзуы туралы хаттамаға жазылады, сондай-ақ медициналық айықтырғышқа орналастырылғандарды тiркеу журналына тиiстi мәлiметтер енгiзедi. 49. Палаталарда ер адамдар мен әйел адамдар жеке орналасады, кәмелетке толмағандар үлкендерден жеке орналастырылады. Шетел азаматтары мүмкiндiгiнше жеке палатада орналастырылады. 50. Айықтырғышқа орналастырылған адамдар өз беттерiмен кетiп қалуға және құқық бұзу әрекеттерiн жасауға мүмкiндiк берiлмейтiн жағдайда ұсталады. Iшкi наряд милиционерi, сондай-ақ фельдшер палаталардағы адамдардың тәртiбi мен денсаулық жағдайына үнемi бақылау жасап отырады. 51. Айықтырғышқа орналастырылған адамның жеке басы мен жұмыс iстейтiн орны туралы мәлiметтердi тиянақты жазып алуға кезекшi инспектор жауапкершiлiк алады. Егер азаматтың жеке басын анықтайтын құжаттары болмаса, ол азаматтың өзi жинастырған мәлiметтердi (паспорт үстелiнен, адрес бюросынан, жұмыс орны бойынша кадр бөлiмiнен, туысқандарынан, таныстарын сұрастыру арқылы және т.б. мүмкiндiктер арқылы алынған) жан-жақты тексеру шараларын қолға алады. Қаладан тыс тұратын азаматтар олардың уақытша тұратын жерлерi қонақ үйлер, санаториялар, туысқандары мен таныстары арқылы тексерiледi. Қажет болған кезде, мұндай адамдар туралы мәлiметтер iшкi iстер органдарының қызметкерлерi арқылы тексерiледi. Шетел азаматтарын шетел туризмiнiң агенттiктерi, бөлiмдерi, басқармалары, оқу орындары, өздерi жұмыс iстейтiн ұйымдар, сондай-ақ елшiлiктер және Консулдық өкiлдiктер арқылы кезекшi тексередi. 52. Егер айықтырғышқа жеткiзiлген адам өзiн-өзi өлтiруге ұмтылып немесе өзiнiң денесiне өзi жарақат салса, кезекшi инспектор жедел медициналық жәрдем шақыртып, ол келгенше адамды бақылауға алады. 53. Егер айықтырғышқа жеткiзiлген адам кенеттен қайтыс болса немесе өзiн-өзi өлтiрсе, онда кезекшi инспектор медициналық айықтырғыштың басшылығына немесе қалалық және аудандық органның кезекшi бөлiмiне болған оқиға туралы баяндайды, сондай-ақ оқиға болған жерге тергеушi келгенше бақылау жасайды. 54. Медициналық айықтырғыштағы адам толық айыққаннан кейiн, фельдшер ол адамға толық медициналық тексеру жүргiзедi және оны шығару шешiмi туралы қағаз бередi. 55. Медициналық айықтырғышқа жеткiзiлген адам айыққанша, яғни үш сағатқа дейiн ұсталады. Сағат 01-ден 5-ке дейiн шығару тек айырықша жағдайларда (жолсапар, туысқандарға тапсыру және т.б.) жүзеге асырылады. Егер шығаратын мерзiмi осы уақытқа тақап қалса, онда ол адам шығарылмайды. Медициналық айықтырғыштан шығару, тәртiп бойынша, адамдардың жұмысқа уақытында баруы үшiн уақыт бөлу есебiмен жүргiзiлуi тиiс. 56. Медициналық айықтырғыштан шығару кезiнде кезекшi инспектор журнал мен хаттамаға қол қойғызып (N 1, 2 қосымша) сақтауға қалдырылған заттарды, құжаттарды және құнды заттарды иелерiне қайтарып бередi және сақтағандары үшiн олардан ерiктi түрде ақша төлеулерiн сұрайды. Ақша төлегендерге квитанция берiледi. Өз ерiктерiмен ақша төлеуден бет бұрса, онда оның жұмыс орнына белгiленген үлгiдегi есеп қағазы жiберiледi (N 4 қосымша). Кезекшi инспектор азаматтың құқық бұзғаны туралы хаттаманы әкiмшiлiк шара қолдану үшiн, қай қалалық, аудандық iшкi iстер органдарына жiбергенi жөнiнде ол адамды хабардар етедi. 57. Медициналық айықтырғыштан шыққан адамға, оның сұрауы бойынша инспектор осы мекемеде айыққаны жөнiнде анықтама қағазын (Ережеге N 5) бередi. Егер айықтырғышта талап қою жағы басым болып кетсе, азамат шағымдар мен ұсыныстарға арналған, кезекшi инспектордың бөлмесiнде қойылатын кiтапқа өз шағымы мен ұсыныстарын жазуға құқылы. 58. Егер азаматтардың өздерiмен бiрге құжаттары болмаса, олардың жеке басын анықтау мақсатында, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты уақытында және дұрыс қарастырып, ол жөнiнде қабылдаған шешiмдi орындау үшiн, әкiмшiлiк тәртiп бойынша, азамат айыққаннан кейiн үш сағатқа дейiн айықтырғышта ұсталады және медициналық айықтырғышқа орналастырғандарды тiркеу журналына жазылады. 59. Егер қолданылған шаралар бойынша, айықтырғыштан шығарылатын адамның жеке басын анықтауға мүмкiн болмаса, онда оны одан әрi тексеру мақсатында қалалық аудандық органдарға жiберiледi. 60. Медициналық айықтырғышта адамдарды ұстауға жұмсалған қарыздарды есептен шығару, егер қарыздарды өндiрiп алу мүмкiн болмаса немесе борышты адамдардың жағдайлары келмесе немесе талап ету мерзiмi өтiп кетсе, онда тоқсанына бiр рет жергiлiктi қаржы органдарының келiсiмiмен iшкi iстер органдарының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |