|
|
|
Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 ж. 27 қаңтар N 30 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 22.04.98 ж. N 184 бұйрығымен; ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238; 12.06.00 ж. N 278; 17.03.01 ж. N 141; 30.03.01 ж. N 159; 18.05.01 ж. N 260; 18.02.02 ж. N 67; 02.08.02 ж. N 353 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. СССР Қаржы министрлігі 1987 жылғы 10 наурыздағы N 61 мемлекеттік бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекітуі туралы күші жойылған деп есептелсін. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің директоры Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулық ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238 бұйрығымен нұсқаулықтың атауындағы өзгертілді ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238 бұйрығымен нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша және оған қосымшалардағы "бюджеттік ұйымдар", "ұйымдар" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеулері мен жекеше және көпше түрлеріне тиісінше "мемлекеттік мекемелер" деген сөздермен ауыстырылсын, N 6 мемориалдық ордердің атауы "Түрлі ұйымдармен есеп айырысу бойынша және аванстық төлем тәртібінде жинақтаушы ведомость" 408-нысаны бұған кірмейді; Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша "министрлік (ведомство)" деген сөздер ауыстырылатын сөздердің септеулері мен жекеше және көпше түрлеріне тиісінше "республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері" деген сөздермен ауыстырылды ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 18.02.02 ж. N 67 бұйрығымен нұсқаулықтың бүкiл мәтiнi бойынша "шығыстар сметасы", "шығыстар сметасын", "шығыстар сметасының" деген сөздер "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылды және "сметалар", "сметаларды", "сметаларға", "сметалармен" деген сөздер (1, 2, 10-тармақтарды, бесiншi абзацты, 131, 202-тармақтарды қоспағанда) ауыстырылатын сөздердiң септеулерi мен жекеше және көпше түрлерiне тиiсiнше "қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылды Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 30.03.01 ж. N 159 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді 1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебінен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттiк мекемелердiң жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар осы Нұсқаулыққа сәйкес бюджет бойынша шығыстар сметасының және ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасының орындалу, демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн мемлекеттік мекемелердiң шоттарына, депозиттiк шоттарға түскен ақшалай сомалардың есебін, бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялардың есебiн жүзеге асырады. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238; 30.03.01 ж. N 159 бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді 2. Бюджет ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттар бойынша кiрiстер мен шығыстар сметасы, демеушiлiк және қайырымдылық көмек үшiн мемлекеттiк мекемелердiң шоттарына, депозиттiк шоттарға түскен ақшалай сомалар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебін бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялардың есебiн осы нұсқаулықта көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді 3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментімен келісіп қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығарылуы мүмкін. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 18.05.01 ж. N 260 бұйрығымен 4-тармақ толықтырылды; ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 02.08.02 ж. N 353 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді 4. Шығыс сметаларын орындаудың бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыққа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады. 5. Есепті орталықтандырған кезде қызмет көрсетуші ұйымдардың басшыларына лимиттерге иелік ету құқығы қалдырылады, атап айтқанда: тауарларды жеткізіп беруге және қызметтер көрсетуге келісім-шарттар, орындалған жұмыстарға еңбек келісімін жасасу; белгіленген тәртіпте шаруашылық және басқа да мұқтаждарға аванстар алуға және өз қызметкерлеріне аванстар беруге рұқсат ету; бюджеттік қаржы беру шегінде бөлінген лимиттердің есебінен шығыстары төлеуге рұқсат ету; белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдардың мұқтажына арнап материалдарды, тамақ өнімдерін және басқа да материалдық құндылықтарды жұмсау; есеп беретін адамдардың аванстық есебін, түгендеу және т.б. бойынша құжаттарды бекіту. 6. Орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 18.02.02 ж. N 67 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді 7. Ұйымдар бюджеттік мақсаттарға сәйкес, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және қазынашылықтың аумақтық органдарында қызмет көрсететiн, "Баск-М" жүйесiнiң жұмыс iстеу кезеңiнде шығыстарды қаржыландырудың егжей-тегжейлi жоспарларында көзделген "Баск-М" жүйесiнде пайдаланылатын Бюджеттiк сыныптама анықтамалықтарының шифрлары (бұдан әрi - Бюджеттiк сыныптама анықтамалықтарының шифрлары) бойынша жүргiзiлетiн "Баск-М" мемлекеттiк ақпарат жүйесiнде (бұдан әрi - Баск-М жүйесi) жұмыс iстейтiн мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, қаржыландырудың егжей-тегжейлi жоспарларында көзделген бюджеттік сыныптаманың (бағдарлама, кіші бағдарлама, өзгешелік) коды бойынша шығыстарды жүзеге асырады. 8. Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы N 2732 Заң күші бар Жарлығын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. 9. Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-күйіне, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтуы тиіс. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238; 30.03.01 ж. N 159 бұйрықтарымен 10-тармақ толықтырылды 10. Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді: - құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру; - бюджет жөніндегі бекітілген қаржыландыру жоспары бойынша белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ашық лимиттер және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаржыларды дұрыс және тиімді жұмсауға, сондай-ақ ақшалай қаржылар мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау; - есепті дербес жүргізетін бюджеттік ұйымдарға ашық лимиттерді дер кезінде хабарлау, сондай-ақ олардың шығыс сметаларын орындауына және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуіне бақылау жасау; - кiрiстер мен шығыстарды ақылы қызмет көрсетудi сатудан алынатын қаражаттардың сметалары бойынша есепке алу және операцияларды демеушiлiк және қайырымдылық көмек, депозиттiк сомалар түрiнде алынған қаражаттар бойынша есепке алу, бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялардың есебiн алу; - арнайы қаржылар сметасы бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу; - бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілеріне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзімінде төлеу; - ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстінде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу; - ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуге қатысу, түгендеудің нәтижелерін уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу; - өздері жауапты сақтаудағы құндылықтардың есебі мен сақталуы мәселелері бойынша материалдық жауапты адамдармен нұсқама өткізу; - есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендіру; - белгіленген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді жасау және табыс ету; - ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтің қызметкері болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулерді жасау және келісу; - активтердің, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерінде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру; - есеп және есеп беру мәселелері жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, бухгалтерлік қызметтің құзыретіне жататын басқа да нормативтік құжаттарды жүйелі түрде есепке алу; - есеп саясаты жөніндегі құжаттарды, есеп деректерін машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулерді, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды архивке тапсыру. 11. Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін. Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті. 12. Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымның басшысына бағынады. Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады. 13. Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық операцияларының бақылауын және көрсетілуін, жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде жасауды қамтамасыз етеді. 14. Бас бухгалтер ұйымның басшысымен бірге тауарлы-материалды құндылықтар мен ақшалай қаржыларды қабылдауға және беруге негіз болатын құжаттарға, сондай-ақ қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық шарттарына қол қояды. Ұйымның басшысы бас бухгалтердің ұсынуы бойынша жекелеген учаскелер жөнінде құжаттарға қол қою құқығын осыған өкілеттік берілген тұлғаларға тапсыра алады. Бас бухгалтердің қолынсыз құжаттар жарамсыз деп саналады және орындауға қабылданбайды. 15. Материалдық жауапты тұлғаларды тағайындау, босату және орын ауыстыру бас бухгалтердің келісімімен жүргізіледі. 16. Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде әрбір қызметкер өзінің міндетін білуі және олардың орындалуына жауап беру үшін бухгалтерия қызметкерлерінің жұмыстағы міндеттерін белгілейді. Бюджеттік ұйымның құрамына кіретін барлық бөлімшелер бухгалтерлік қызметке бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажетті құжаттарды уақытында тапсыруға міндетті. Бас бухгалтердің қажетті құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің тәртібі және бухгалтерияға тапсыру бойынша талаптары ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлерінің барлық қызметкерлері үшін, ал есеп орталықтандырылған кезде - барлық қызмет көрсетілетін ұйымдар үшін міндетті болып табылады. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2001.05.18. N 260 бұйрығымен 16-1-тармақпен толықтырылды 16-1. Бас бухгалтердi атқарып отырған лауазымынан босатқан (босатқан, басқа лауазымға тағайындаған, ауыстырған) кезде заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалған бас бухгалтерге, ал соңғысы болмаған кезде - мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығымен тағайындаған қызметкерге iстi тапсыру жүргiзiледi. Iстi тапсырушы бас бухгалтер (бұдан әрi - тапсырушы) және iстi қабылдап алушы қызметкер (бұдан әрi - қабылдап алушы) iстi қабылдап алуды және тапсыруды мемлекеттiк мекеме басқарушысының бұйрығы негiзiнде жүргiзедi. Бұйрықта бухгалтерлiк қызметтiң iсiн қабылдап алу - тапсыру мерзiмi, бiрақ екi аптадан аспайтын, тапсырушы мен қабылдап алушының еңбекақысын төлеу тәртiбi көрсетiледi. Бұйрықта сол сияқты, iстi қабылдап алу-тапсыру кезеңiнде құжаттарға қол қою құқығы кiмге берiлетiнi көрсетiледi, бұл ретте, iстi қабылдап алушы тұлғаның қол қою құқығын ресiмдегенге дейiн құжаттарға қабылдап алушының бақылауымен iстi тапсырушы қол қоятындығы айтылуы тиiс. Iстi тапсыру процесiнде осы мемлекеттiк мекеменiң бухгалтерлiк есеп жағдайы және есептi деректердiң растығы айқындалады, бұл ретте iстi қабылдап алушы мен тапсырушының жауапкершiлiгiн шектейтiн тиiстi Қабылдап алу - тапсыру кесiмi (бұдан әрi - Кесiм) жасалады. Бухгалтерлiк қызметтiң iстерiн тапсыру соңғы ұсынылған баланс негiзiнде жүргiзiледi. Кесiмде iстi тапсыру жүзеге асырылатын мерзiм көрсетiлуi тиiс. Iстi қабылдап алу мен тапсырудың басында iстi қабылдап алу-тапсыру сәтiндегi кассаның жағдайы (қолма-қол ақшаны сақтау үшiн тиiстi шаралардың қамтамасыз етiлуi, кассалық кiтаптағы жазбалардың жағдайы, кассада сақталатын басқа да құндылықтар бойынша жағдайы және олардың бухгалтерлiк жазбаларға сәйкес келуi, чек кiтапшаларының саны, қолданылмаған чектердiң нөмiрлерi) тексерiледi. Кассаны тексеру кесiмiне бухгалтерлiк қызмет iсiн тапсырушы тұлға да және қабылдап алушы да, сондай-ақ кассир, не болмаса кассалық операцияны жүргiзуге жауап беретiн тұлға қол қояды. Iстi қабылдап алу және тапсыру кезiнде ақшалай есептiң, есеп айырысу операциялары есебiнiң, баланстың есеп айырысу баптарының (дебиторлық және кредиторлық берешектердiң нақтылығы, оған кiнәлi тұлғаларды көрсете отырып, өндiрiп алу үшiн нақты емес берешектiң болуы, өзара есеп айырысулардың салыстыру кесiмдерiнiң болуы, бюджетке уақытылы аударылмаған сомалардың болуы), сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң есептiлiгiн жасаудың (есеп тәртiбiн сақтау, ұсынылған есептiлiктiң сапасы) жағдайы тексерiледi. Одан басқа Кесiмде: бухгалтерлiк қызметте есептi ұйымдастыру (штат, оның жинақтылығы, мiндеттемелердi бөлу, лауазымдық нұсқаулықтар, бухгалтерлiк есеп және есептiлiк бойынша нұсқамалық материалдардың болуы, бухгалтерлiк кiтаптармен, есеп және есептiлiк бланкiлерiмен қамтамасыз етiлуi), есеп жүйесiн қалыптастыру; есептiң бастапқы құжаттамасының, бухгалтерлiк есептiлiктiң жағдайы; есептi және қаржылық бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi iс-шаралар; құжаттарды ресімдеудің және сақтаудың дұрыстығы, мұрағаттың жағдайы көрсетiледi. Мемлекеттiк мекеменің есеп және есептiлiк жағдайын тексеру аяқталғаннан кейiн құрылған Кесiмге iстi қабылдап алушы мен тапсырушы қол қояды және мемлекеттiк мекеменің басшысы бекiтедi. Қабылдап алушы Кесiмнiң қандай да болмасын ережесiмен келiспеген жағдайда, ол оған қол қоятын кезде тиiстi дәлелдi ескертулер көрсетуге құқығы бар. Кесiм екi данада жасалады, оның бiреуi iстi тапсырушыда қалады. Кесiмге қол қойылғаннан кейiн iстi тапсырушы бас бухгалтер бухгалтерлiк қызметтi басқарудан босатылады. 17. Бухгалтерлік есепті тізімдемелерге жазу үшін операциялардың жасалған фактісін белгілейтін құжаттар негіз болып табылады. Бастапқы құжаттар - операциялар іске асырылған сәтте, егер мұның мүмкіндігі болмаса тікелей операцияның аяқталуы бойынша жасалуға тиіс. Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олардың бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген қажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға қамтылған деректердің шынайылығы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған тұлғалар жауап береді. Бастапқы құжаттардағы жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құралдармен ғана жүргізілуге тиіс. Жазбаларды есеп тізбелерінде көрсету үшін шаруашылық операцияларының жасалған фактісін растайтын, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар негіз болады. Бастапқы құжаттардың заңды күшке ие болуы үшін мынадай реквизиттері болуы керек: құжаттың атауы (үлгісі), үлгінің коды; жасалған уақыты; шаруашылық операциясының мазмұны; сапалық және құндық көріністердің өлшемдері; операцияларды жасау және олардың рәсімделуінің дұрыстығы және лауазымды тұлғаның атауы; жеке қойылған қолдар және олардың талдамасы. Бастапқы құжаттың электрондық бейнесінің рәсімделген қағазда жеткізуші, бастапқы құжаттың күші болады. Электрондық қойылған қолдарды пайдаланушы электрондық қолдарды пайдаланудың және алудың құқықтарына қатысты, тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс. Қажетті жағдайларда бастапқы құжатқа қосымша реквизиттер: құжаттың нөмірі, ұйымның атауы мен мекен-жайы, құжатта расталған операцияны жасауға қажетті негіз, қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін. Бастапқы құжаттарда - мәтін бөлігінде де, сандық деректерде де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді. Бастапқы құжаттардағы қателер қате мәтінді немесе сомаларды сызып тастау және сызықтың үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу жолымен түзетіледі. Сызып тастау бұрынғы жазу көрініп тұратындай етіп жіңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы құжаттағы қатені түзету "түзетілді" деген жазумен көрсетілуі және түзету уақыты көрсетіліп, құжатқа қол қойған тұлғаның қолымен расталуы тиіс. Касса мен банк құжаттарында түзетуге жол берілмейді. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2001.05.18. N 260 бұйрығымен 18-тармақ толықтырылды 18. Есеп тіркемелеріндегі жазбалар үшін негіз болатын құжаттар ұйымның бас бухгалтері белгілеген және басшысы бекіткен мерзімдерде бухгалтерлік қызметке тапсырылуы тиіс. Материалдық жауапты тұлғалар н. 442 құжаттарын тапсыруды тіркеген кезде, екі данада жасалған, тауарлы-материалды құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы құжаттарды (кіріс және шығыс құжаттары бойынша жеке толтырылған) тапсырады. Материалдық жауап беретін тұлғаның қатысуымен жүргізілген, тапсырылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуі тексерілген соң бухгалтер қызметкердің қолы қойылған тізімдеменің бір данасы материалдық жауапты тұлғаға қайтарылады, екінші данасы бухгалтерлік қызметтің іс-қағазында қалады. Ақшалар мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жауапты тұлғалармен толық материалдық жауапкершілік туралы белгіленген тәртіппен жазбаша шарт жасалады. 19. Бухгалтерлік қызметке келіп түскен бастапқы құжаттар үлгісі бойынша да (бастапқы құжаттарды рәсімдеудің, реквизиттерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардың заңдылығы, жекешеленген көрсеткіштердің пайымдық қисыны) міндетті түрде тексеріледі. ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 25.05.99 ж. N 238 бұйрығымен 20-тармақ өзгертілді 20. Тексерілген және есепке алынған құжаттар операциялар жасалған уақыттар бойынша (хронологиялық тәртіппен) жүйеленеді және мемориалдық ордерлермен - жинақтаушы ведомостармен рәсімделеді, оларға мынадай тұрақты нөмірлер беріледі: - 1-ші мемориалдық ордер - н. 381 кассалық операциялар жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 2-ші мемориалдық ордер - н. 381 бюджеттік шоттардағы қаржылардың жылжуы жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 3-ші мемориалдық ордер - н. 381 бюджеттік шоттардағы қаржылардың жылжуы жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 5-ші мемориалдық ордер - н. 405 жалақы және стипендиялар жөніндегі есеп айырысу ведомостарының жинағы; - 6-ші мемориалдық ордер - н. 408 ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 7-ші мемориалдық ордер - н. 408 аванстық төлемдер ретінде есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 8-ші мемориалдық ордер - н. 386 есепті тұлғалармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 9-ші мемориалдық ордер - н. 438 активтердің босатылуы және ауыстырылуы жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 10-ші мемориалдық ордер - н. 438 бағасы төмен және тез тозатын заттарды босату және ауыстыру жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 11-ші мемориалдық ордер - н. 398 тамақ өнімдерін кіріске алу жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 12-ші мемориалдық ордер - н. 411 тамақ өнімдерін жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 13-ші мемориалдық ордер - н. 396 материалдарды жұмсау жөніндегі жинақтаушы ведомость; - 14-ші мемориалдық ордер - н. 409 ақылы қызмет көрсетуді сатудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомость; - 15-ші мемориалдық ордер - н. 406 балаларды асырағаны үшін ата-аналармен есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |