|
|
|
Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы Нұсқаулық бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің 1998 ж. 15 мамырдағы N 217 бұйрығы (ҚР Қаржы министрiнiң 25.05.99 ж. N 239; 22.05.01 ж. N 267; 19.02.02 ж. N 71; 05.07.02 ж. N 311 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Қаржы министрлігінің 2004 ж. 3 наурыздағы N 100 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды ҚР Қаржы министрiнiң 19.02.02 ж. N 71 бұйрығымен осы бұйрықтың тақырыбы және 1-тармағы өзгертілді 1. Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. "Бюджетте тұрған мекемелер мен ұйымдардың бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықты бекіту" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы N 329 бұйрығының күші жойылған деп танылсын. Бірінші вице-министр Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1998 ж. 15 маусымдағы N 217 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлік есебінің жылдық, тоқсандық көлемі мен нысандары туралы Нұсқаулық ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. N 239; 19.02.02 ж. N 71 бұйрықтарымен нұсқаулықтың мәтіні өзгертілді 1.1. Осы Нұсқаулықпен бухгалтерлік есептің жылдық, тоқсандық нысандарының көлемі белгіленеді және оларды қолданушыға көрсету мақсатымен, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің есебін жасаудың негізгі талаптары айқындалады. 1.2. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер осы нұсқаулықта белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жылдық, тоқсандық есеп жасайды. 1.3. Бухгалтерлік есепті жасау кезінде мынадай талаптар сақталуы тиіс: - есепті кезеңдегі барлық операциялар көрсеткіштерінің толықтығы және негіздігі; - есепті кезеңнің бірінші күніндегі синтетикалық есеп шоты бойынша айналымдар мен қалдықтардың аналитикалық есебі мәліметтерінің, сондай-ақ синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің бухгалтерлік есеп пен баланс мәліметтерімен тепе-теңдігі; - көрсеткіштердің толтырылу ұқыптылығы және өшіріп жазу мен түзетулерді жібермеу. Қателерді түзеткен жағдайда, түзету күнін көрсете отырып, бухгалтерлік есепке қол қойған тұлғаның растауымен тиісті жазбалар жасалады. ҚР Қаржы министрінің 22.05.01 ж. N 267; 05.07.02 ж. N 311 бұйрығымен 1.4-тармақ толықтырылды 1.4. Бухгалтерлік есеп нысандары онда көзделген көрсеткіштерге толықтай сәйкестендіріліп толтырылады. Бекітілген нысандарға қосымша көрсеткіштер немесе көрсеткіштер мен кодтарға өзгерту енгізу жіберілмейді. Ағымдағы есепті кезеңге, сонымен бірге өткен кезеңге жататын (оларды бекіткеннен кейін) бухгалтерлік есеп мәліметтерінің өзгеруі мәліметтердің алшақтығы байқалған кезеңде жасалған есепте жүргізіледі. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің (төмен тұрған лимиттерді бөлушінің немесе нақты мемлекеттік мекеменің) қаржыландыру жоспарының орындалуы жөніндегі бухгалтерлік есепке өзгерістер енгізген жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есептілігіне өзгерістер енгізілген ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен өзгерістер енгізу себептерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер туралы жазбаша хабарлама жіберуге міндетті. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің енгізген өзгерістеріне сәйкес төмен тұрған лимиттерді бөлуші өз бухгалтерлік есебінің данасына және аумақтық Қазынашылық органында сақталатын есептің данасына, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме есебінің данасына тиісті өзгерістерді енгізуге және есептілігіне өзгерістер енгізілген мемлекеттік мекемеге ол туралы жазбаша хабарламаны өзгерістер енгізілген сәттен бастап 10 күн ішінде жіберуге міндетті. Мемлекеттік мекеме төмен тұрған лимиттерді бөлушілердің тікелей енгізген өзгерістеріне сәйкес өз бухгалтерлік есебінің данасына және аумақтық Қазынашылық органында сақталатын есептің данасына төмен тұрған лимит бөлуші өзгерістер енгізген сәттен бастап 10 күн ішінде өзгерістерді енгізуге міндетті. Есептілікке түзетулер нормативтік құқықтық актілерде белгіленген түзетулер енгізу тәртібін міндетті түрде сақтай отырып, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы бухгалтерлік есепті қарау нәтижелері жөніндегі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (немесе төмен тұрған лимиттерді бөлушінің) жазбаша хабарламасының негізінде ғана енгізіледі. Осыған байланысты Қазынашылықтың аумақтық органдары республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің немесе төмен тұрған лимиттерді бөлушінің жазбаша хабарламасынсыз бухгалтерлік есептілікке өзгерістерді қабылдамауы тиіс. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жиынтық бухгалтерлік есептілігіне өзгерістер енгізген жағдайда, бухгалтерлік есептілікке соңғы түзетулер ұқсас тәртіппен енгізілуі керек. Қаржыландыру жоспарының бухгалтерлік есебіне түзетулер енгізген республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі немесе мемлекеттік мекемелер өздері бұрын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне берген бухгалтерлік есептің данасына тиісті өзгерістерді енгізуі қажет. ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. N 239 бұйрығымен 1.5.-тармақ толықтырылды 1.5. Нысандардың мекен-жай бөлігі мынадай тәртіпте толтырылады: "Функциялық топ" реквизиті - "Қазақстан Республикасының бюджеті шығыстарының функциялық сыныптамасынан" функциялық тобының атауы мен коды; "Мекеме" реквизиті - "Министрліктер мен ведомостволардың тізбесінен" мемлекеттік мекеменің атауы мен коды; "Бағдарлама" реквизиті - бағдарламаның атауы мен коды; "Ішкі бағдарлама" реквизиті - бағдарламаның атауы мен коды; "Мемлекеттiк мекеменiң атауы" - реквизиті - мемлекеттiк мекеменiң атауы және оның коды; "Кезеңі" - есеп кезеңі көрсетіледі; "Өлшем бiрлiгi" реквизитi" - мемлекеттiк мекемелер жиынтық бухгалтерлiк есептерiн мыңдаған теңгеде жасайды. Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына болсын, сол сияқты алынған лимиттердi ведомстволық бағыныстағы құрылымдық бөлiмшелердiң арасында бөлу үшiн болсын бас лимиттерге билiк етушіден алынған лимиттердi алатын мемлекеттiк мекемелер жиынтық бухгалтерлiк есебiн мыңдаған теңгеде жасайды. Бюджеттiк қаражаттарды тек осы мекеменiң шараларына тiкелей жұмсау үшiн жоғары тұрған лимиттерге билiк етушiлерден лимиттердi алатын мемлекеттiк мекемелер бухгалтерлiк есептерiн теңгемен жасайды. ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. N 239; 22.05.01 ж. N 267; 19.02.02 ж. N 71; 05.07.02 ж. N 311 бұйрықтарымен 1.6-тармақ өзгертілді 1.6. Жылдық есептер 1 қаңтардағы, тоқсандық, 1 шілде мен 1 қазандағы жағдай бойынша жасалады. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең болып 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк жыл болып табылады. Есептi кезең - өткен қаржы жылында инвестициялық жобаларға арналып бекiтiлген бюджеттiк шығыстар бойынша, сондай-ақ бюджеттерге ресми трансферттердің есепке алынуы бойынша қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген қорытынды операциялар жүргiзiлетiн жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең бар. Алдағы жылдың бюджетi үшiн есептi кезең ағымдағы жылдың 15 наурызында аяқталады. ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. N 239 22.05.01 ж. N 267 бұйрығымен 1.7-тармақ толықтырылды 1.7. қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы бухгалтерлік есепті мемлекеттiк мекемелер оларға белгіленген мерзімде кітапша түрінде нөмірленген беттерімен, алғы сөзімен бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік мекемеге және тиісті қаржы органына, ал бюджеттік бағдарламаның әкімшілері бухгалтерлік есептің бірінші данасы бекітілген тәсімге сәйкес бухгалтерлiк есептiлiктi ұсыну күнiне дейiн 45 күнде мемлекеттiк мекемелерге жеткiзiлетiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетіне ұсынады. Бір қаладағы мемлекеттiк мекеме үшін бухгалтерлік есепті ұсыну күні оны іс жүзінде тиесілігіне қарай табыс еткен күн, ал басқа қаладағылар үшін почта кәсіпорнының , бiрақ бухгалтерлiк есептiлiктi ұсыну күнiне дейiн 5 күннен кешiктiрмей штемпелінде көрсетілген оны жіберген күн деп есептелінеді. Есепті ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс (жұмыс емес күн) күнге сай келген жағдайда, есеп одан кейінгі бірінші жұмыс күнінде ұсынылады. ҚР Қаржы министрінің 22.05.01 ж. N 267 бұйрығымен 1.7-1-тармақпен толықтырылды 1.7-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және бағынысты мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігiне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне белгiленген мерзiмде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептi дайындау үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi. 1.8. Бухгалтерлік есепті жасаған кезде "Бухгалтерлік есеп туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732 Заң күші бар Жарлығын, "Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 нұсқаулығын және осы Нұсқаулықта баяндалған есеп нысанын толтыру тәртібі туралы оған енгізілген өзгерістерді және толықтыруларды, нұсқауларды және басқа да нұсқаулық құжаттарын басшылыққа алу қажет. 2. Жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есеп нысандарының көлемі ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. N 239; 22.05.01 ж. N 267; 05.07.02 ж. N 311 бұйрықтарымен 2.1-тармақ өзгертілді және толықтырылды 2.1. Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есеп нысандарының көлеміне мынадай нысандар енеді: - бюджеттен қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтамамен бірге N 1-нысанның (коды 0503001) қаржыландыру жоспарының орындалу балансы; - мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп - N 2-нысан (коды 0603008); - "Қайтарып алу" белгісімен мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп - N 2-0-нысан (коды 0603008); - мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетудi сатудан алатын қаражаттарды пайдалануы туралы есеп - 4-нысан (коды 0503041); - мемлекеттiк мекемелердiң ақылы қызмет көрсетудi сатудан алатын қаражаттарды пайдалануы туралы есеп - 4-нысан - жиынтық; - депозиттiк қаражаттар бойынша есеп - 4-қ-нысан.; - демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түсетiн қаражаттар бойынша есеп - 4-дк-нысан; - валюталық қаражаттары бар мемлекеттік мекемелер валюталық қаражат қозғалысы туралы есепті N 4-в нысан бойынша (коды 0503047) ұсынады; - активтердің қозғалысы туралы есеп - N 5-нысан (коды 0503051); - материалдық құндылықтардың және төмен бағалы және тез тозатын заттардың қозғалысы туралы есеп - N 6-нысан (коды 0503053); - үкiметтiк шығындарға бөлiнген қаражатты пайдалану туралы есеп - N 7 нысан; - зейнетақыларды, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттiк жәрдемақыларды және жерлеуге арналған жәрдемақыларды төлеу туралы есеп - N 8-жт нысан; - мемлекеттік мекемелерде ақшалай активтердің және материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлану туралы есеп - N 15-нысан (коды 0503078); - лимиттерді таратушыларға таратылған сомалардың республикалық бюджеттен алынған сомалары туралы ведомость - N 1-нысан (коды 0503061); - республикалық бюджеттен алынған қаражаттар туралы жиынтық ведомость - N 2-нысан (коды 0503063); - республикалық бюджет бойынша алынған мiндеттемелердi ескере отырып лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы - 032А-нысаны; - жергілiктi бюджет бойынша алынған мiндеттемелердi ескере отырып лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы - 132-А-нысаны; - сыртқы заемдар бойынша есеп - N 16-нысан; - бюджеттен тыс қорлар бойынша есеп - N 4-"бюджтыс"-нысан; - республикалық бюджеттен бөлiнген лимиттердiң толығымен бөлiнуiн бақылау ведомосы - N 047-нысан; - республикалық бюджет бойынша лимит бөлуге жататын мемлекеттiк мекемелердiң рұқсаттары - N 046-нысан; - жергiлiкті бюджет бойынша бөлуге жататын қаржылық рұқсат - N 146- нысан. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен бөлiнген қаражатты пайдалану туралы анықтама; - республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшілерiнің қаражатты жұмсауы туралы ақпарат - N 3 нысан; - республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын орындау балансының есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер; - жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарын орындау балансының есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық берешектің жағдайы туралы талдамалы деректер; - республикалық бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердің қаржыландыру жоспарын орындау балансының есеп айырысу баптары жөнiндегi кредиторлық берешек туралы талдамалы деректер; - жергiлiктi бюджеттердің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердің қаржыландыру жоспарын орындау балансының есеп айырысу баптары жөнiндегi кредиторлық берешек туралы талдамалы деректер. ҚР Қаржы министрлігінің 25.05.99 ж. N 239 22.05.01 ж. N 267 бұйрығымен 2.2-тармақ өзгертілді және толықтырылды 2.2. Жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есепке бюджеттен бөлінген және мақсатсыз пайдаланылған сомалардың даусыз тәртіпте бюджетке өндіріп алынған сомалары көрсетіле отырып, есепті кезеңде бюджет және арнаулы қаражаттар бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуына әсерін тигізген негізгі факторлар баяндалатын түсіндірме жазба міндетті түрде қоса беріледі. Түсіндірме жазбада жүргізілген түгендеу, дебиторлық және кредиторлық берешектер олардың пайда болу салдары көрсетіле отырып, жағдайының нәтижесі туралы мәліметтер көрсетілуі керек. Есепке түсiндiрме жазбада ақшалай қаражаттың, активтер мен материалдық құндылықтардың жетiспеуiн мемлекеттiк мекеменің есебiнен шығаруын, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменің бекiтiлген қаржыландыру жоспарынан тыс сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн кредиторлық берешектің пайда болу себептерiн көрсету қажет. Бұдан басқа кiрiстердің бюджеттiк жiктемесiнің кодтары бойынша тиiстi бюджетке кейiннен аудара отырып, жаңа қаржы жылы бюджеттiк шотқа мiндеттi түрде қайтарылуы тиiс, ағымдағы қаржы жылы бюджеттiк шотқа есепке алу үшiн тапсырылмаған мемлекеттiк мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдықтарының пайда болу себептерiн көрсету керек. Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен қаражат алған мемлекеттiк мекемелер мен өзге де ұйымдар түсiндiрме жазбада алынған соманы көрсетедi. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi ведомостволық бағыныстағы мекемелер бойынша айдың аяғында бөлiнген, бiрақ келесi айда есепке алынған ашық лимиттердiң сомаларын жиынтық балансының қаржыландыру жоспары орындалуының 091 "Жолдағы ашылған лимиттер" қосалқы шотында есепке алады. Ведомстволық бағыныстағы мекемелерi жоқ бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi айдың аяғында, бiрақ келесi айда есепке алынған ашық лимиттердiң сомасын 091 қосалқы шот бойынша қаржыландыру жоспары орындалуының балансында көрсетедi. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерi Қазынашылықтың аумақтық органдарынан N 047 "Лимиттердiң толығымен бөлiнуiн бақылау ведомосы" нысанын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын лимиттердiң төмен тұрған билiк етушiлерi - N 046 "Республикалық бюджет бойынша бөлiнуге жататын мемлекеттiк мекемелердiң рұқсаттары" нысанын алады, жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын лимиттердiң бас билiк етушiлерi Қазынашылық органдарынан N 146 "Жергiлiктi бюджет бойынша бөлiнуге жататын қаржылық рұқсат" алады және бухгалтерлiк есепке қосып тiркейдi. Түсіндірме жазбасымен бірге жылдық және тоқсандық есептерге ұйым басшысы, бас бухгалтер немесе мемлекеттiк мекемелер бухгалтерлік есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені басқаратын тұлға қол қояды. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы жиынтық бухгалтерлiк есептiлiгiне бiрiншi қол қою құқығына осы органның басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ие болады. Осы өкiлеттiк республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бұйрығы негiзiнде берiледi, оның көшiрмесi бухгалтерлiк есеппен қоса берiлуi тиiс. Бухгалтерлiк есеппен қоса берiлген барлық нысандарда басшы мен бас бухгалтердiң қолының қасында мiндеттi түрде қойылған қолдың мағынасының ашылуы болуы керек (аты-жөнi және тегi). ҚР Қаржы министрлігінің 22.05.01 ж. N 267 бұйрығымен 2.3-тармақ жаңа редакцияда 2.3. Республикалық бюджеттен қаржыландыру алатын ұйымдар (банктер, жергiлiктi атқарушы органдар) "Мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есеп" N 2 нысаны (0603008 коды), N 2-о нысан бойынша республикалық бюджеттен алынған қаражат туралы бухгалтерлiк есептi және оларға түсiндiрме жазбаны жасайды және "қаржыландыру жоспарының орындалу балансы" N 1 нысанын ұсынбай-ақ Қазынашылықтың аумақтық органына бередi. ҚР Қаржы министрінің 22.05.01 ж. N 267 бұйрығымен 2.3-1-тармақпен толықтырылды 2.3-1. Республикалық бюджеттен ұсталатын, бiрақ тиiстi мақсаттарға жергiлiктi бюджеттен лимиттер алатын мемлекеттiк мекемелер (0603008 коды) N 2 нысан бойынша қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы есептi тиiстi жергiлiктi қаржы органдарына, ал бухгалтерлiк есептi нысандарының толық көлемiнде Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органдарына және жоғары тұрған органға ұсынады. ҚР Қаржы министрінің 22.05.01 ж. N 267 бұйрығымен 2.3-2-тармақпен толықтырылды 2.3-2. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың басқа әкiмшiсi бөлген бюджеттiк қаражатты жұмсауға рұқсат алған жағдайда, мемлекеттiк мекеме: өзiнiң жоғары тұрған бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнен алған қаржыландыру сомасына; басқа бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнен қаржыландыру сомасына қаржыландыру жоспарының атқарылуы туралы жекелеген екi бухгалтерлiк есептi жасайды. Осы бухгалтерлiк есептiлiк кассалық шығыстар жүргiзілген Қазынашылықтың тиiстi аумақтық органына, содан соң Қазынашылық органының белгiсiмен жоғары тұрған республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне ұсынылады. Бағынысты мемлекеттiк мекемелердің бухгалтерлiк есептерiнің негiзiнде республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi N 2-б нысанның министрлiк аралық рұқсат бойынша республикалық бюджеттің басқа әкiмшiсiнен бюджет қаражатын жұмсауға алынған лимиттердің сомасына жиынтық түрде бухгалтерлiк есеп жасайды және белгiленген мерзiмде соңғысына тапсырады. 2.4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін тарату, қайта ұйымдастыру кезінде мүліктік құқықтар мен міндеттемелер тапсырып беру актісіне сәйкес, ал бөлінген және бөлген кезде бөлу балансына сәйкес құқық мирасқорына беріледі. Бөлу балансы әр бөлінетін ұйым үшін бір данадан жасалады. Тарату балансы "Қаржыландыру жоспарының орындалу балансы" N 1-нысан бойынша жасалады. Жылдық есеп нысанының көлеміне беру күнінде. 2.5. Бір бағыныстан екінші бағынысқа берілетін ұйымдар жылдық есеп көлемінде беру күніне қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы бухгалтерлік есеп жасайды және оны жоғары тұрған органға бұрынғы бойынша және жаңа бағыныс бойынша ұсынады. ҚР Қаржы министрінің 05.07.02 ж. N 311 бұйрығымен 2.6-тармақ жаңа редакцияда жазылды 2.6. Республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер олар арқылы кассалық шығыстар өткен Қазынашылықтың тиісті аумақтық органдарына нысандары толық көлемдегі есептіліктің үш данасын ұсынады. Бухгалтерлік есептілікті тексерген кезде аумақтық Қазынашылық органының жауапты атқарушысы ұсынылған есеп нысандарының толықтығына және түсіндірме жазбасының болуына назар аударады. Ескертулер болмаған кезде есептілік N 1 нысан (код 0503001) қаржыландыру жоспарының орындалу балансының, N 2 нысан (код 0603008), N 2 нысан (шақыру) (код 0603008) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептің бірінші бетінде оң жақ жоғарғы бұрышында бақылау бұрыштамасымен және Қазынашылық аумақтық органының мөр табанымен белгіленеді. Қазынашылықтың тиісті аумақтық органының бұрыштамасы және мөр табаны бар есептіліктің екі данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, олардың біреуі жоғары тұрған органға жіберіледі. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ведомстволық бағыныстағы құрылымдық бөлімшелерден бухгалтерлік есепті қабылдап алған-тексерген кезде белгіленген тәртіпті қатаң сақтауы тиіс. ҚР Қаржы министрінің 22.05.01 ж. N 267 бұйрығымен 2.7-тармақ өзгертілді 2.7. Жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептің мамандандырылған нысан үлгілерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетінiң келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының тиісті бюджеттік бағдарламаларының әкімшісін дайындайды. 3. Ағымдағы бухгалтерлік есепке алу шоттарын қорытындылау тәртібі 3.1. Мемлекеттік мекемелердің жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептері тиісті құжаттармен расталған тексерілген бухгалтерлік жазбалардың негізінде жасалады. Баланс жасаудан бұрын синтетикалық есепке алу шоты бойынша айналымдармен және қалдықтармен бірге аналитикалық шот бойынша айналымдар мен қалдықтарды тексеру жүргізіледі. 3.2. Баланстың берілген мәліметтері есепті жылдың аяғында жүргізілген түгендеудің нәтижелерімен расталуы керек және бұл ретте байқалған алшақтық жылдық есеп ұсынылғанға дейін реттелуі керек. Түгендеуді: - жылдық бухгалтерлік есепті жасаудан бұрын; - материалдық-жауапты тұлғаларды алмастырған кезде (қабылдау-беру күнінде); - ұрлану немесе зиян келтіру, сондай-ақ құндылықтардың бүліну фактілері айқындалған кезде; - өрт немесе табиғат апаттары жағдайында; - мемлекеттік мекемені заңды тұлға ретінде таратқан, қайта ұйымдастырған (қосылған және біріктірген) кезде жүргізу міндетті. Түгендеу кезінде анықталған активтердің, материалдық құндылықтардың және бухгалтерлік есеп мәліметтері бар ақшалардың іс жүзіндегі болу алшақтығы, төмендегідей тәртіпте реттеледі: - артық деп танылған активтер, материалдық құндылықтар мен ақшалар кейін артық болу себебін белгілеп, кіріске алуға жатады; - активтердің, материалдық құндылықтардың және ақшалардың жетіспеушілігі мен ұрлануы белгіленген сомалар, сондай-ақ материалдық құндылықтарды бүлдіруден жоғалған сомалар кінәлі тұлғалардың шотына жатқызады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |