|
|
|
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлдi Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 ж. 12 қарашадағы N 568 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бухгалтерлiк есеп стандарты 17 Жалға беру есебi Қызмет ету мақсаты мен саласы 1. Бұл стандарттың мақсаты субъектiлердiң жүзеге асыратын жалға берудi есепке алу тәртiбiн анықтау болып табылады. Стандарт жалға берудiң мынадай ерекше түрлерi үшiн қолданылмайды: мұнай, газ, құрылыс ағаштары, металдар және басқа да минералдық байлықтар сияқты табиғат байлықтарын өндiру мен пайдалануға байланысты жалгерлiк шарттарына; фильмдер, бейнефильмдер, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық праволар сияқты баптар бойынша лицензиялық келiсiмдерге. Анықтама 2. Жалға беру - жал иесiнiң жалгерге ақы төлегенi үшiн мүлiктi уақытша иелiкке және пайдалануға беруi. 3. Қаржыландырылатын жалгерлiк - мүлiкке меншiктiк құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдiң үлкен бөлiгiн жалгерге беру. Бұл ретте, жалгер жалдаған мүлкiн өз балансында көрсетедi. Меншiктiк құқығы жалгерлiк уақыт iшiнде берiлуi немесе берiлмеуi мүмкiн. 4. Ағымдағы жалгерлiк - қаржыландырылатын жалгерлiктен басқа кез-келген басқа жалгерлiк. 5. Қайтарылмайтын (шақырылмайтын) жалгерлiк - бұл, тек мынадай жағдайда ғана тоқтатуға болатын жалгерлiк: қандай бiр кездейсоқ жағдайлар орын алғанда; жал иесiнiң рұқсатымен; жал иесiмен сол мүлiкке немесе соған ұқсас басқа мүлiкке жаңа жалдық келiсiм жасаған жағдайда; егер жалгерлiк келiсiм басында жалгерлiктi тоқтатуға жеткiлiктi төлемақы болып табылатын қосымша сома төленсе. 6. Жалгерлiк мерзiм - жалгер мүлiкке жалгерлiк шарт жасайтын нақтылы мерзiм уақыты, сондай-ақ жалгерлiк мерзiмнiң басында ескерiлген, жал иесi құқықты, жалгерлiк мерзiмiн одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез-келген одан кейiнгi мерзiм. 7. Жалгерлiк мерзiмнiң басы - жалгерлiк шартына қол қойылған күн болып табылады. 8. Жалгерлiк төлемнiң ең аз мөлшерi - жалгердiң жалгерлiк мерзiм iшiнде (көрсетiлген қызметтер құны мен салықтардың шегерiлiмiн жал иесi төлеуi және оған қайтарылуы керек) жүзеге асыруға мiндеттi төлемдерi, сондай-ақ: жалгер тарапынан - оған байланысты олардың немесе жақтардың кепiлдеме берген кез-келген сомасы; жал иесi тарапынан - жалгердiң немесе жақтардың жал иесiне кепiлдеме берген, бұл кепiлдеменi қаржымен қамтамасыз ету мүмкiндiгi бар, оған немесе тәуелсiз үшiншi жаққа байланысты кез-келген қалдық сомасы. 9. Өткiзiлiм құны - мәмiлешiлер арасында айырбасталуы мүмкiн мүлiктер, тәуелсiз жақтардың мәмiле жасауға даяр сомасы. 10. Мүлiктiң пайдалы қызмет ету мерзiмi сипатталады: мүлiктi пайдаланудан экономикалық пайда алу уақыт мерзiмi; немесе мүлiктi пайдаланудан алынатын өндiрiлген өнiм саны. 11. Кепiлдiк берiлмеген құн қалдығы - бұл, жал иесiне байланысты жалгердiң өткiзуге кепiлдiк бермеген немесе өткiзуге тек жақтар ғана кепiлдiк беретiн мүлiктi жалға беруден қалған (жалгерлiктiң басында анықталған) құн қалдығы. 12. Жалгерлiктi жалпы күрделi қаржыландыру - жалгердiң қаржыландырылатын жалгерлiк төлемнiң ең аз мөлшерi сомасының оған мүлiктiң кепiлдiк бермеген құн қалдығын қосқандағы жиынтығы. 13. Өткiзiлмеген табыс - жал иесiнiң жалгерлiктi жалпы күрделi қаржыландыру және жалға берiлген уақыттағы дисконтталған мүлiк құны арасындағы айырма. 14. Жалгерлiктi таза күрделi қаржыландыру - жал иесiнiң жалгерлiктi күрделi қаржыландыру және пайдаланылмаған табыс арасындағы айырма. 15. Жалға беру кезiнде көзделген проценттiк мөлшерлеме жалгерлiк басында ең аз мөлшерлi жалгерлiк төлемдердi айқындау үшiн мүлiктiң дисконттық құнын анықтайтын және жалгерлiк активтердiң ағымдағы құны бойынша жалгерлiк басында кепiлдiк бермеген қалдығының дисконттық мөлшерi. 16. Жалгердiң қарыздық қорының проценттiк мөлшерiнiң өсуi жалгердiң соған ұқсас жалға төлеуi керек болатын проценттiк мөлшерi, немесе жалгердiң жалға алу барысында сондай мерзiмге активтер сатып алу үшiн несиелердi (қарыздарды) пайдалануды қабылдайтын мөлшерi. 17. Қатер деп - белгiсiз жағдайлар салдарынан жүз беруi мүмкiн шығындар айтылады, мысалы, мынадай: жабдықтардың тоқтап қалуы, ескi технологияны қолданғандықтар күтiлген пайданың алынбауы. 18. Пайда ұғымы мүлiктi оның пайдалы қызмет ету мерзiмi iшiнде пайдаланудан түскен күтiлген табысты, сондай-ақ оның құнының артуынан немесе жою құны бойынша сатудан түскен табысты бiлдiредi. Жалгерлiк есебi Жалгердiң қаржы есебiндегi жалгерлiк есебi Қаржыландыратын жалгерлiк 19. Жалгердiң бухгалтерлiк балансында жалгерлiк мүлiктi актив ретiнде, ал төленуге тиiстi жалгерлiк төлемдер - мiндеттеме ретiнде тiркеледi. Жалгерлiк төлемдер бойынша мiндеттемелер жалгерлiк мерзiмiнiң басында өткiзу құны бойынша немесе дисконттелген жалгерлiк төлем құны бойынша жазылады, егер ол сату құнынан төмен болса. Дисконттендiрiлген жалдық төлем құнының есептеу кезiнде көрсетiлген жалгерлiк проценттiк мөлшер дисконттелген коэффициент болып табылады. Егер оны анықтау мүмкiн болмаған жағдайда жалгердiң қарыз капиталының проценттiк мөлшерi пайдаланылады. 20. Жалгерлiк төлем қаржыландыру үшiн төлемдердiң (проценттердi төлеу шығындары) және жалгерлiк мiндеттеменiң баланстық құнын азайтатын (негiзгi мiндеттеменi өтейтiн) төлемдерден құрылады. Жалгерлiк мерзiм уақытындағы әр есептi мерзiм iшiнде жалгерлiк мiндеттеменiң баланстық құнына қолданылатын тұрақты проценттiк мөлшерiнiң негiзгi төлем үшiн қаржыландыру болып табылады. 21. Проценттердi төлеу шығындары мен амортизация бойынша шығындар жалгерлiк мерзiм уақытындағы әр есептi мерзiм iшiнде танылады. Жалгерлiк мүлiктердiң тозуын есептеу "Негiзгi қорларды есептеу" 6-шы бухгалтерлiк есептеу стандартында көрсетiлген әдiстерге сәйкес жүргiзiледi. 22. Егер жалгерлiк мерзiмiнiң соңына дейiн мүлiк иелiгiне құқық жал иесiне қайтарылуына сенiмдiлiк болмаса, мүлiкке екi мерзiмнiң ең қысқа уақытына амортизацияның барлық сомасы толық есептеледi: жалгерлiк мерзiмiне немесе пайдалы қызмет ету мерзiмiне. Ағымдағы жалгерлiк 23. Жалгерлiк төлемдер бойынша шығындар әр есептiк мерзiмде жалгерлiк мерзiмiнiң соңына дейiн есепке алынады. Жал иесiнiң қаржы есебiндегi жалгерлiк есебi Жалгерлiк қаржыландыру 24. Жалға берiлетiн мүлiк бухгалтерлiк баланста жалгерлiктi таза күрделi қаржыландыруға тең дебиторлық қарыз ретiнде көрсетiледi. Жалгерлiк төлемдер табыс бөлiгiнде жал иесiнiң әр есептi мерзiм уақытқа жалгерлiктi күрделi қаржыландырудан түскен табыс ретiнде тiркеледi. 25. Өндiрушi немесе дилер-жалгер кәсiпорын әдетте сатуға қатысы бойынша ұсталатын саясатқа сәйкес сатудан түскен табысты түсiмге немесе шығынға енгiзуi керек. Ағымдағы жалгерлiк 26. Ағымдағы жалгерлiкке берiлетiн мүлiк жал иесiнiң бухгалтерлiк балансында "Негiзгi қорлар" бабы бойынша көрiнiс табуы керек. Жалға берiлетiн мүлiктiң амортизациясын есептеу "Негiзгi қорларды есептеу" 6-шы бухгалтерлiк есептеу стандартында көрсетiлген әдiстерге сәйкес жүзеге асырылады. 27. Жалгерлiк табыс жалға беру мерзiмiнiң соңына дейiн бiр қалыпты негiзде танылады, егер шартта көрсетiлгендей басқа жүйелiлiк негiз түсiм алудың бiршама артық сипаттамасы болып табылмаса. Жер жалгерлiгi 28. Жер жалгерлiгi басқа мүлiктердегi жалгерлiк сияқты ағымдағы немесе қаржыландырылатын жалгерлiк болып сол тәртiпте сыныпталады. Бiрақ жердiң жеке меншiк түрiндегi ерекшелiгi сонда, ол, әдетте, белгiсiз пайдалы қызмет ету мерзiмiне ие. Егер жал иесiне меншiк құқығы жалгерлiк мерзiмнiң соңына дейiн өтпейтiнi көзделмесе, онда жалгер иелiк құқығына байланысты негiзгi қатердi мойнына алмайды және пайда түсiрмейдi. Оларды жалгерлiкке қайта алуына байланысты мүлiктi өткiзу операциялар есебi 29. Егер одан кейiнгi жалгерлiктерге байланысты мүлiктi сату бойынша мәмiле қаржыландыру жалгерлiгiне, келiп соғатын болса, баланстық құннан асатын сатудан түскен кез-келген табыс сатушы жалгердiң қаржы есебiнде табыс ретiнде бiрден тiркелмеуi керек. Егер мұндай табыс тiркелген жағдайда, жалгерлiк мерзiмнiң соңына дейiн есептен шығарылып, амортизациялануы керек. 30. Егер мүлiктi өткiзу бойынша мәмiле алдағы уақыттардағы жалгерлiк ағымдағы жалгерлiкке, көп соғатын болса, онда жалгерлiк төлемi мен сату құны ағымдағы құнға сәйкес белгiленедi, кез-келген табыс пен шығын, әдеттегi мүлiктердi сату сияқты, мәмiле жасау мерзiмi бойынша танылуы керек. Егер өткiзу құны ағымдағы құнға сәйкес келмейтiн болса, онда алынған пайданың (ағымдағы мүлiк құнынан артық сома) немесе шығынның (өткiзу нәтижесiнде ағымдағы құннан төмен алынған сома) мерзiмiн кейiнге қалдырып, жалгерлiк мерзiмiнiң соңына дейiн танылуы керек. Айқындама 31. Жалгерлiк қаржы есебiнде айқындамалануы керек: жалгерлердi қаржыландыруға алған мүлiктiң жалпы құны; мүлiктi жалға алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзiмдi мiндеттеме; қаржыландыру жалгерлiгi жағдайында және қайтарымсыз (шақырусыз) ағымдағы жалгерлiк жағдайында бiр жылдан астам уақыт мерзiм iшiндегi (жүзеге асырылатын төлемдердiң сомалары мен мерзiмдерi қысқа формада айқындалуы керек) ең аз мөлшердегi жалгерлiк төлемдер бойынша мiндеттемелер; келiсiмнен туындайтын жалгерлiктi ұзартуды немесе мүлiктi сатып алуды, көзделмеген жалгерлiк төлемдердi және басқа көзделмеген мiндеттемелердi таңдау құқығы. 32. Жал иесiнiң қаржы есебiнде айқындамалануы керек: қаржыландырылатын жалгерлiктi жалпы күрделi қаржыландыру; жалға берiлген мүлiктен түскен пайданың пайдаланылмаған бөлiгi; жалға берiлген мүлiк құнының кепiлдiк берiлмеген қалдығы; активтердiң құны, сондай-ақ актив түрлерi бойынша есептi мерзiм iшiнде жинақталған амортизациялық есептемелер. Күшiне ену мерзiмi 33. Бұл бухгалтерлiк есептiң стандарты 1997 жылғы 1 қаңтарынан күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |