|
|
|
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы N 5 қаулысымен бекiтiлдi Осы редакция ҚР Қаржы министрінің 2002 ж. 12 желтоқсандағы N 568 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бухгалтерлiк есептеудiң 19 стандарты Жинақтаушы зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі (ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда Қызметтiң мақсаты мен саласы ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді 1. Бұл стандарттың мақсаты жинақтаушы зейнетқорының (бұдан әрi - қор) есеп беру және қаржылық есептемесiн құру тәртiбiн анықтау болып табылады. ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Осы стандарт салымшылардың жарналары және инвестициялық қызметтен түскен табыс есебінен жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөніндегі шарттарды қарастырады және мемлекеттік жүйе шеңберіндегі әлеуметтік қамсыздандыру шарттарын қарастырмайды. Анықтама ҚР Қаржы министрлігінің 05.05.99 ж. N 182 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді 3. Зейнеткерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарлама дегенiмiз жұмыс берушiнiң жұмыс кезiнде немесе жұмыс бiткеннен кейiн қызметкерлердi зейнетақылармен қамтамасыз ететiн (жыл сайынғы табыс түрiнде немесе бiр мезетте төленетiн сома түрiнде) келiсiм болып табылады. Бұл орайда жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiне беретiн зейнетақылары мен төлемдерi зейнетақы белгiленгенге дейiн құжат ережелерiне немесе жұмыс берушiнiң практикасына сәйкес анықталуы немесе белгiленуi мүмкiн. Сондай-ақ бұл - жеке тұлғаның зейнеткерлiк қамтамасыз ету жөнiндегi бағдарламаға жарна қосуды жүзеге асыратын келiсiмi болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |