|
|
|
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтем шараларын қолданудың тетiгi туралы хаттама Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы Yкіметтерiнiң басшылары Кеңесiнiң 2000 жылғы 17 ақпандағы N 72 шешімі (Мәскеу қ.) Осы редакция 2003 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасы Yкiметтерi басшыларының Кеңесi шештi: 1. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтем шараларын қолданудың тетiгi туралы хаттама (қосымшада берiлген) қабылдансын. 2. Мүше тараптардың үкiметтерi үш ай мерзiм iшiнде 1-тармақта көрсетiлген Хаттаманы күшiне енгiзу үшiн қажеттi iшкi рәсiмдердi өткiзу мақсатында шаралар қолдануды тапсырсын және оның нәтижесi туралы Интеграциялық Комитетке ескертсiн. Беларусь Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң атынан Ресей Федерациясы Үкiметiнiң атынан Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң саудасында арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтем шараларын қолданудың тетігi туралы ХАТТАМА Хаттама ҚР Үкiметiнің 2000 ж. 20 шілдедегі N 1094 қаулысымен бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi, Кеден одағы және Кеден одағына мүше мемлекеттер арасындағы еркiн сауда туралы екiжақты келiсiмдердi басшылыққа ала отырып, сондай-ақ 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк туралы шарттың ережелерiн ескере отырып, 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге 1999 жылғы 2 сәуiрдегi Өзгерiстер мен толықтырулар туралы хаттаманың 23-тармағына сәйкес, өзара сауда және үшiншi елдермен саудада жасалатын тауар импортына қатысты арнайы қорғау, антидемпингтік және өтем шараларын келiсiп қолдану мақсатында, ұлттық өндiрiстi қорғауды қамтамасыз етуге, ұлттық және шетелдiк тауар өндiрушiлер арасында бәсекелестiктi дамытуға, сондай-ақ ұлттық өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға жәрдемдесуге жағдай жасауға тiлек бiлдiре отырып, Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң (мәтiн бойынша бұдан әрi - қатысушы мемлекеттер) iшкi рынокты және ұлттық өнiм өндiрушiлердi қорғау шараларын қолдану кезiнде шығындарды мүмкiндiгiнше азайтуға ұмтыла отырып, халықаралық құқтың жалпы қабылданған нормалары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Осы Хаттаманың мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: ұлттық экономика саласына келтiрiлген елеулi нұқсан - қатысушы мемлекеттің кеден аумағына осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар әкелiнуiнiң, не осындай тауардың демпингтiк импорты, не тиiстi қатысушы мемлекет немесе үшiншi елдер субсидиялайтын тауар импортының артуы салдарынан туындаған және атап айтқанда, осындай тауар импортының қысқаруы қатысушы мемлекеттiң iшкi рыногында оны сатудың қысқаруы осындай тауар өндiрiсiнiң рентабельдiлiгiнiң төмендеуi, қатысушы мемлекеттiң ұлттық экономикасы саласы дамуының баяулауы, тауар қорларына, халықтың жұмыспен қамтылуына, жалақы деңгейiне, жалпы инвестициялық белсендiлiкке терiс әсерi түрiнде көрiнетiн ұлттық экономика салаларындағы елеулi түрде жалпы нашарлағаны дәлелдермен және басқа да көрсеткiштермен расталуы; ұлттық экономика саласына елеулi нұқсан келтiрiлу қаупi ұлттық экономика саласына алдын алу мүмкiн емес елеулi нұқсан келтіруiнің дәлелдермен расталған болмай қоймайтындығы; ұлттық экономика саласы - қатысушы мемлекет экономикасының кез-келген саласында осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар өндiрушiлер; осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы сыртқы экономикалық қызметтiң бiрдей тауар номенклатуралық кодымен белгiленетiн және басқа тауардан мүлде айнымайтын немесе өзiнiң функционалдық мақсатына, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамасы және басқа да негiзгі қасиеттерi бойынша салыстыруға келетiндiктен, сатып алушы тұтыну кезiнде осындай тауармен басқа тауарды алмастыратын немесе алмастыруға дайын тауар; арнайы қорғау шаралары - Тараптың импорттың немесе арнайы баждың сандық шектеулерiн, соның iшiнде уақытша арнайы баж енгiзу жолымен қолданатын, iшкi рыногында еркiн айналуы үшiн қатысушы мемлекеттердiң бiрiнiң кеден аумағына тауар әкелудi шектеу жөнiндегi шаралар; арнайы баж - арнайы қорғау шараларын енгiзу кезiнде қолданылатын және қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы әкелудiң кедендiк бажының базалық ставкасынан тыс алатын баж; антидемпингтiк шаралар - Тараптың антидемпингтiк баж соның iшiнде уақытша антидемпингтiк баж енгiзу, не баға мiндеттемелерiн қабылдау арқылы тауардың демпингтiк импортын шектеу жөнiндегi шаралар; антидемпингтiк баж - антидемпингтiк шаралар енгiзу кезiнде қолданылатын және қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы әкелудiң кедендiк бажының базалық ставкасынан тыс алатын баж; демпингтiк импорт - қалыпты құнынан төмен экспорттық бағасы бойынша тауар импорты; өтеу шаралары - Тарап өтеу баждарын, соның iшiнде уақытша өтеу баждарын енгiзу, не баға мiндеттемелерiн қабылдау жолымен қолданатын, қатысушы мемлекеттердiң бiрi немесе үшiншi бiр ел субсидиялайтын, тауар импортын шектеу жөнiндегi шаралар; өтеу бажы - өтеу шараларын енгiзу кезiнде қолданылатын және қатысушы мемлекеттiң уәкiлеттi органы әкелудiң кедендiк бажының базалық ставкасынан тыс алатын баж. 2-бап Мыналар: арнайы қорғау шаралары тауар импортын сандық шектеулер нысанында немесе арнайы баждар нысанында енгiзiлуi мүмкiн болып; антидемпингтiк шаралар антидемпингтiк баждар не баға мiндеттемелерiн қабылдау нысанында енгiзiлуi мүмкiн болып; осы Хаттама ережелерiне және (немесе) қатысушы мемлекеттердiң ұлттық заңнамасына сәйкес едәуiр нұқсан немесе едәуір нұқсан келтiру қаупін жою үшiн қажеттi мерзiмге өтеу шаралары өтеу баждары не баға мiндеттемелерiн қабылдау нысанында енгiзiлуi мүмкiн болып белгiленсiн. 3-бап Тараптардың бiрiнiң мемлекетiнің аумағына тауар импорты ұлттық экономика саласына едәуiр нұқсан келтiрiлген немесе едәуiр нұқсан келтiру қатерi бар санында және шарттарымен жүзеге асырылған жағдайда осы Тарап ұлттық заңнамаға сәйкес тексеру жүргiзгеннен кейiн осы тауар импортына қатысты арнайы қорғау, антидемпингтiк немесе өтеу шараларын қолдануы мүмкiн. 4-бап Егер Тараптардың бiрi арнайы қорғау, антидемпингтiк немесе өтеу шараларын қолданбақшы болса, онда осы Тарап жоспарланған шаралар енгiзiлгенге дейiн алдын ала 30 күннен кешiктiрмей бұл туралы басқа Тараптарды хабардар етуге және консультациялар өткiзудi ұсынуға тиiстi. Консультациялар өткiзу туралы ұсыныс жазбаша нысанда жiберiледi, оған ұлттық экономика саласына едәуiр нұқсан келтiрiлген немесе едәуiр нұқсан келтiру қаупi бар фактiнi растайтын материалдар қоса берiледi. 5-бап Едәуiр нұқсан келтiру фактiсiнiң расталуы қолда бар деректерге негiзделуге тиiс болып және оған тауар импортының көлемi және оның осындай ұлттық iшкi рыноктағы немесе тiкелей бәсекелес тауар бағасына әсерi сияқты, импорттаушы қатысушы мемлекеттiң ұлттық экономикасы саласының өндiрушiлерi үшiн осы импорттың салдары ретiндегi объективтi талдау енгiзiлуi тиiс болып белгiленсiн. Тауар импортының көлемi қатысушы мемлекеттiң аумағында өндiрiстiң және осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар тұтынудың деңгейiне қатысты абсолюттiк және салыстырмалы мәндерiндегі едәуiр өсуi қөзқарасы тұрғысынан қаралады. 6-бап Тауар импортының ұлттық iшкi рынок бағаларына әсерi, тауар импорты болмаған жағдайда орын алатын, импортталатын тауар бағасы мен ұлттық өндiрiстiң осындай немесе тiкелей бәсекелес тауары бағасы арасындағы едәуiр айырмашылық фактiсiн немесе импорттың осы бағалардың төмендеуiне әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн, осы бағалардың өсуiне кедергi келтiретiн немесе кедергi болуы мүмкiн өзге де едәуiр әсерi фактiсiн анықтау арқылы айқындалатыны белгiленсiн. 7-бап Тауар импортының ұлттық экономика саласына әсерiнiң дәлелi саланың жағдайына әсер ететiн барлық маңызды экономикалық факторларды, атап айтқанда, орын алған немесе таяу уақытта сату көлемiнiң, пайданың және өндiрiс көлемiнiң, рыноктағы үлесiнiң еңбек өнiмдiлiгінiң, капитал салымының өтелуi, өндiрiс қуатының пайдаланылуы азаюы, iшкi бағаларға әсер ететiн факторлардың кiрiстерге нақты және ықтимал әсерiн, қоймалардағы қорларды, халықтың жұмыспен қамтылуын, жалақыны, өсу қарқынын, ұлттық экономика салалары кәсiпорындарының жиынтықты жарғылық қорының өсу мүмкiндiгiн немесе олардың капитал салымының көбеюiн бағалауға негiзделуге тиiстi болып айқындалсын. 8-бап Импорттаушы қатысушы мемлекеттiң ұлттық экономика саласына едәуiр нұқсан келтiрiлуi немесе едәуiр нұқсан келтiру қаупiнiң дәлелi, сондай-ақ, саланың жағдайына келеңсiз әсер ететiн тауар импортынан өзге факторларды, соның iшiнде қалыпты жағдайында жүзеге асырылатын тауар импорты бағаларының деңгейi мен көлемiн, сұраныс пен тұтынудың өзгеруiн, шектеулi сауда практикасының және шетелдiк және ұлттық өндiрушiлер арасындағы бәсекелестiк салдарын, өндiрiс технологиясының өзгеруiн, ұлттық экономика саласының экспорттық және өндiрiстiк көрсеткiштерiн зерделеуге негiзделуге тиiстi болып айқындалсын. Мұндай факторлар келтiрген едәуiр нұқсан арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шаралары қолданылуы мүмкiн тауар импортының есебiне жатқызылуға тиiстi емес. 9-бап Ұлттық экономика саласына едәуiр нұқсан келтiру қаупi тек қана фактiлерге негiзделедi деп есептелсiн. Бұл ретте мынадай фактiлер қаралуға тиiстi: тауар импорты көлемiнiң едәуiр өсiп отырғандығының нақты мүмкiндiктерiн айғақтайтын импорт серпiнi; бос өндiрiс қуаттарының болуы немесе өткiзудiң басқа рыноктарының ықтимал сыйымдылығын ескере отырып, импорттаушы қатысушы мемлекеттiң аумағына тауар импортын едәуiр арттырудың нақты мүмкiндiгі туралы айғақтайтын, экспорттаушының өндiрiс қуаттарының айқын қалыпты өсуi; ұлттық тауар өндiрушiлер бағасына едәуiр пәрмендi әсер ететiн және импортталатын тауарларға сұраныстың одан әрi өсуiне әкелетiн тауар импорты бағасының деңгейi; осындай немесе тiкелей бәсекелес тауар қорларының көлемi. 10-бап Осы Хаттаманың 5-9-баптарында аталған факторлар немесе фактiлердiң ешбiрi өздiгінен едәуiр нұқсан келтiруi не едәуiр нұқсан келтiру қаупi бар екендiгi туралы қорытынды үшiн мiндеттi түрде негіз болып табылмауға тиiстi деп саналсын. Едәуiр нұқсан келтiрiлуiнiң немесе едәуiр нұқсан келтiру қаупiнiң бар-жоғы туралы қорытынды барлық факторлардың немесе фактiлердiң жиынтығын зерделеу негізiнде қабылданады. Жекелеген жағдайларда, едәуiр нұқсан келтiрiлуi не едәуiр нұқсан келтiру қаупi тауар импорты көлемiнiң артуымен немесе олардың жоқтығынан туындаған жағдайларда, ұлттық экономика саласына едәуiр нұқсан келтiрiлуi немесе едәуiр нұқсан келтiру қаупi арасында себеп-салдар байланысы болған және тауар импорты көлемiнiң өсуi, не тауардың демпингтiк импорты, не тауардың субсидияланған импорты болған жағдайда, арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шаралары импорттың ұлттық экономика саласына едәуiр нұқсан келтiретiн бағалар немесе жағдайларда жүзеге асырылатын фактiлерiне қолданылуы мүмкiн. 11-бап Арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шараларын енгізу алдындағы тексерулерге қатысты әрбiр Тарап басқа Тараптың ұсынысын зерделеуге және негiзiнде түпкiлiктi шешiмдер қабылданатын елеулi фактiлер мен қорытындылар туралы Интеграциялық Комитеттi хабардар етуге келiседi. Арнайы қорғау, антидемпингтік және өтеу шаралары енгізiлгенге дейiн Тараптар, атап айтқанда, екi жақты консультациялар шеңберiнде проблемаларды сындарлы шешу үшiн барлық мүмкiн шараларды қолданатын болады. 12-бап Арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шараларын қолданудағы кiдiрiс ұлттық экономика саласына кейiн жойылуы қиын, орны толмас едәуiр нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүмкiн жағдайда мұндай консультациялардың өткiзiлуi кiдiрiссiз ұйымдастырылатын шарт бойынша консультациялар өткiзiлгенге дейiн ұлттық заңнамаға сәйкес уақытша арнайы қорғау, антидемпингтiк және өтеу шаралары қолданылуы мүмкiн. Тараптар бұл ретте аталған шаралардың енгiзiлуi туралы Интеграциялық Комитеттi хабардар етедi. 13-бап Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң өзара саудасында арнайы қорғау, антидемпингтiк немесе өтеу шараларын қолдануды көздейтiн осы Хаттаманың ережелерi сол мемлекеттердiң бiртұтас кеден аумағы құрылғанға дейiн қолданылады. 14-бап Тараптар арасындағы осы Хаттама ережелерiн түсіндiруге немесе қолдануға қатысты даулар келiссөздер арқылы шешiлетiн болады. 15-бап Қажет болған жағдайларда осы Хаттамаға Тараптардың келiсуi бойынша өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. 16-бап Осы Хаттама депозитарий болып табылатын Интеграциялық Комитет Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы соңғы хабарлама алған күнiнен бастап күшiне енедi. Тараптардың әрқайсысы депозитарийге оның күшiн тоқтатуға өз ниетi туралы дипломатиялық арналар арқылы хабарлама берген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн осы Хаттамадан шыға алады. 2000 жылғы 17 ақпанда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Интеграциялық Комитетте сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi. Беларусь Республикасының Үкіметi үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін Қырғыз Республикасының Үкiметi үшiн Ресей Федерациясының Yкiметi үшiн Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшiн Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |