|
|
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагері" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 қараша N 1679 Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi: 1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру; 2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау; 3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткiзу болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Астана" санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi: 1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп белгiлесiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-156-жолмен толықтырылсын: "470-156. "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Щучинск қаласы"; 2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" 1-бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмірі 157-7-жолмен толықтырылсын: "157-7. "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны". 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |