|
|
|
Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 қараша N 1693 Осы редакция ҚР Үкіметінің 03.09.03 ж. N 893 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды "Есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-әрекет шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегi Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында 2000-2001 жылдарға арналған нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестегi мемлекеттiк бағдарлама туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже); 2) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттiк лицензиялардың нысандары және оларға қосымшалар бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 1) "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қаңтардағы N 35 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында Рұқсат беру жүйесi туралы ережедегi: 8 және 12-тармақтарындағы "есiрткiлi заттар" деген сөздер алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат): көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында: 5-тармақ мынадай мазмұндағы и) тармақшасымен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |